Ишая  39
Бабылдықтар алдында мақтанған Езекияға Құдайдың ескертуі 
1
Сол кездері Бабыл патшасы Баладан ұлы Меродах-Баладан Езекия патшаның қатты ауырып қалып, сауықтырылғанын естіп, оған сәлемхаттары мен сыйлығын жіберді. 
2
Езекия келген бабылдық елшілерді жылы қабылдап, оларға өзінің қазына қоймаларын: ондағы алтын-күмісін, дәмдеуіштері мен құнды иісмайларын, тіпті бүкіл қару-жарақ қоймасын да түгелдей көрсетті. Езекияның өз сарайы мен барлық патшалығында оларға көрсетпеген бағалы заттары қалмады. 
 
3
Кейін Ишая пайғамбар Езекия патшаның алдына барып, оған: 
 
— Ана адамдар не деді, олар қайдан келді? — деген сауал қойды. Езекия: 
— Олар маған алыстағы елден келді, сонау Бабылдан, — деді. Пайғамбар: 
4
— Олар сарайыңыздан не көрді? — деп сұрағанда, Езекия: 
 
— Менің сарайымда не бар, соның бәрін көрді. Менің қазына қоймаларымда оларға көрсетпеген ештеңем қалған жоқ, — деп жауап берді. 
5
Сонда Ишая Езекияға былай деді: 
— Енді Әлемнің Иесінің сөзін тыңдаңыз: 
6
Өз сарайыңдағы бар нәрсенің, ата-бабаларыңның осы кезге дейін жиған-тергендерінің барлығы да Бабылға әкетілетін күн туады. Мұнда ештеңе қалмайтын болады! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — 
7
Өзіңнен тарайтын ұрпақтарыңның кейбіреулері де сол елге әкетіледі. Бабылдықтар оларды белінен айырып азбанқұл қылып, Бабыл патшасының сарай қызметшілері етіп қояды! — 
8
Сонда Езекия Ишаяға: 
— Сіз жеткізген Жаратқан Иенің сөзі жөн екен, — деді. Өйткені ол: «Әйтсе де менің тірі кезімде тыныштық пен аман-есендік болады», — деп ойлады.