Ишая  25
Озбырлықтан құтқарған Құдайды мадақтау жыры
1
Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!
Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.
а
Сондай керемет істерді жасадың,
Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,
Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.
2
(Бас көтерген) қаланы талқандадың,
Қамалының күл-талқанын шығардың.
Сол бөтен жердегі дұшпандарымыздың
Сарайларын қайта салынбастай жойдың.
3
Сондықтан мықты халықтар Сені даңқтамақ,
Қатыгез ұлттардың
ә
қалалары қорықпақ.
4
Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,
Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,
Оларға қорғаныш боласың дауылдан
Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.
Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны
Соққылаған боран
5
не шөлдің аптабы
Іспетті болды. Бірақ Сен, Ием менің,
Бөгде жаулардың үндерін өшіртесің
Һәм мақтанған әндерін сол аяусыздардың,
Қалың бұлттай салқындатқан күн аптабын.
б
Құдайдың қуанышты тойды әзірлеуі
6
Сион тауының басында Әлемнің Иесі барлық халықтарға арнап семіз ет пен жілік майынан, таңдаулы сусындардан мол дастарқан жайып, тамаша той дайындайды.
в
7
Осы таудың басында Ол барлық халықтардың беттерін жабатын пердені, күллі ұлттардың үстінен төніп тұрған жабынды ысырып тастайды.
8
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
9
Сол кезде адамдар былай дейтін болады:


«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,
Аңсап Оны Оған сенім артамыз,
Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,
Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,
Оны аңсап Оған сенім артамыз.
г
Енді бәріміз қатты қуанамыз,
Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»


10
Себебі Жаратқан Ие Сион тауының үстінен қолын жайып тұрып, қаланы жарылқайтын болады. Ал (қасарысып, Оған қарсы шыға берген) Моаб
ғ
тыңайтқыш үшін шалшықта тапталған сабандай тапталатын болады.
11
Олар суда жүзбекші болған адамдай қолдарын сермейтін болады. Бірақ Жасаған Ие моабтықтарды төмен басады, әрі қолдарынан келген алдамшылығы мен әрі асқан өркөкіректігін
д
тыйып қор қылады.
12
Ол Моабтың зәулім қамал қабырғаларын қиратып, солардың күл-талқанын шығарады.

а  12:1-6; 24:14-16.

ә  Езк 28:7; 30:11.

б  4:5-6.

в  55:1-3,6-7.

г  Яки: Оны үмітпен күтеміз (30:18).

ғ  (15:1) Осында Моаб Құдайға мойынсұнбай қасарысқан халықтардың мысалы.

д  16:6.