Ишая  23
Финикиялық сауда қаласы Тир туралы ауыр хабар
1
Бұл — Тир туралы ауыр хабар:
Зар еңіреңдер, уа, алып сауда кемелеріндегі теңізшілер!
а
Тир қаласы талқандалып, үйлері мен айлағы ғайып болды».
ә
Кемелер Кипр аралынан жеткенде осы апат туралы біліп алды.
2
Үндемей қайғырыңдар, уа, теңіз аралдарының тұрғындары әрі Сидон қаласының саудагерлері!
б
Теңізбен жүзіп келетіндер сендерді байытатын.
3
Олар терең сумен жүзіп, Мысырдағы Шихор
в
алқабынан астық тасып әкелетін. Ніл өзенінің бойында жиналған өнімнен Тир қаласы пайда көріп, халықтардың сауда-саттық орталығына айналған еді.
4
Ал қазір, уа, Сидон қаласы, ұятқа қаласың. Себебі теңіздегі қорған (Тир)
г
былай дейді: «Мен ешқашан да толғатып, бала таппаған, ұл-қыз асырап та алмаған әйел іспетті жападан-жалғызбын!»
5
Мысыр халқы да Тир туралы хабарды естігенде дірілдеп қорқатын болады.
6
Тарсисқа
ғ
барыңдар, (суық хабарды жеткізіңдер)! Уа, аралдардың тұрғындары, (Тирді жоқтап) жылаңдар!
7
Іргесі ежелде
д
қаланған, шаттыққа кенелген Тир қаласы осы ма? Оның адамдары алыс жерлерді кезіп жүріп, қоныстанатын.
8
Тир қаласы патшалық салтанатқа ие болатын.
е
Оның саудагерлері әміршілер іспетті дүние жүзінде құрметтелетін. Осы қалада сондай апат болсын деп кім ұйғарды?
9
Әлемнің Иесі Тирдің өз салтанатына деген мақтанышына шек қойып, осы дүниедегі барлық мәртебелілерді де жуасыту үшін осылай ұйғарды.
10
Уа, тарсистіктер, өзеннен өткендей өз елдеріңе қайтып барыңдар!
ж
Бұдан былай (Тирде) айлақ
з
болмайды.
и
11
Жаратқан Ие қолын теңіз үстіне созып, патшалықтарды дірілдетіп қорқытып қойды. Ол финикиялық саудагерлердің
к
қорғандарын талқандау туралы бұйрық беріп
12
былай деді: «Сидон қаласы, сен бұдан былай күліп-ойнамайсың, қайта, қорланып езгі көресің! Жиналып, теңізден өтіп Кипр аралына барсаңдар, сол жерде де тыным таппайсыңдар!»
13
Халдейлердің еліне
қ
көз салыңдар, оның халқы ғайып болды! Ассурлықтар сол жерді жабайы аңдар жайлайтын құла түзге айналдырды. Олар Бабылды қоршауға алғанда оған қарсы ағаштан мұнаралар салып, Бабылдың бекіністерін қиратты. Осылай қалаға басып кіріп, оның күл-талқанын шығарды.


14
Зар еңіреңдер, уа, алып сауда кемелеріндегі теңізшілер! Сендер арқа сүйеген бекіністі Тир қаласы талқандалды.
15
Сол кезде Тир жетпіс жыл бойы, яғни бір патшаның өміріндей кезеңге, ұмыт болады. Сол уақыт аяқталғанда Тир өлең-жырдағы азғын әйелдей болады:


16
«Қаланы аралап жүр жетігеніңмен,
Ұмыт болған жезөкше іспеттісің сен,
Адамдардың сені ескеруі үшін
Күйің мен жырың ұнамды естілсін».


17
Жетпіс жыл өткеннен кейін, Жаратқан Ие Тирге назар салып, оған рақым етпек. Алайда қаланың халқы қайтадан жер бетіндегі барлық патшалықтарға қызмет көрсетіп, азғын әйелдей пайданың артынан қуатын болады.
18
Бірақ ақырында олардың саудамен және қызметтерімен тапқан пайдалары Жаратқан Иеге бағышталмақ.
л
Олар бір жерге сақталып қойылмайды. Қайта, Жаратқан Иенің көз алдында әділ жүргендер
м
сол байлықты жеткілікті азық-түлік пен таңдаулы киім-кешек сатып алу үшін пайдаланатын болады.

а  Немесе: Уа, тарсистық кемелер (2:16; 23:14; Жүн 1:3). Тир: ежелгі Финикиядағы үлкен айлақты қала (Пат3 5:1,8-9).

ә  Осы алдын ала берілген ауыр хабар Ассур мен Бабылдың және Македония патшасы Ескендір Зұлқарнайынның әскерлері арқылы жүзеге асты (Езк 26:2-6).

б  Езк 28:21.

в  Шихордың Ніл өзенінің шығыс саласы болғаны ықтимал (Ерм 2:18).

г  Тир қаласының қорғаны Жерорта теңізіндегі аралға орналасқан еді (Еш 19:29; Езк 27:3,32).

ғ  Жүн 1:3.

д  Шамамен б.з.д. 2000 жылдан бұрын.

е  Немесе: Тир қаласы (елдердің билеушілеріне) тәж кигізетін.

ж  Немесе: Уа, Тарсис халқы (яки қызы), Ніл өзенінің бойында істелінгендей, сен де өз еліңнің жерін жыртып егін ек!

з  Яки: кемежай; немесе: бөгет (қамал).

и  23:6,12,14.

к  Ол қанаханның (Зәк 14:21).

қ  Яғни Бабыл еліне (13:19). Ассур патшасы Сеннахирим бас көтерген Бабыл қаласын б.з.д. 689 ж. жеңіп талқандады.

л  Еш 6:18; Зәк 14:20.

м  Яки: леуіліктер мен діни қызметкерлер (Заң 12:18-19; 26:12-14; Нқл 28:8).