Ишая  20
Пайғамбардың Мысыр мен Құштың жеңілуін бейнелеп көрсетуі
1
Ассур патшасы Саргон өзінің бас қолбасшысын філістірлердің Азот қаласына қарсы аттандырды. Қолбасшы шабуыл жасап, қаланы басып алды. Сол жылы
а
2
Жаратқан Ие Амос ұлы Ишаяға тіл қатып былай деді: «Азалы киіміңді
ә
және аяқкиіміңді шешіп таста!» — Ишая солай істеп, сырт киімсіз
б
жалаң аяқ жүрді.
3
Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш
в
елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі.
4
Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады.
5
Құшқа сенім артып, Мысырды мақтан тұтқандар үрейленіп, ұятқа қалады».
г
6
Осы уақыт жеткенде теңіз жағалауын мекендегендер былай дейтін болады: «Бізді Ассур патшасынан қорғайды деп сенген Мысыр мен Құш елдеріне не болғанын қараңдар! Онда біз қалайша аман қаламыз?!»

а  Осы жылдың б.з.д. 711 ж. болуы ықтимал.

ә  Яки: Жүннен тоқылған киіміңді (Пат4 1:8; Зәк 13:4).

б  2 Яғни тек бел орауыш тағып алып (20:4; Пат2 10:4; Шеж2 28:15; Мих 1:8).

в  18:1.

г  30:1-5; 31:1-3.