Ишая  18
Құш елі туралы ауыр хабар
1
Қап, әттеген-ай, Нілге құятын салалардың ар жағында орналасқан, қанаттылар сусылдап ұшатын Құш елі
а
қасіретке қалады!
2
Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.
Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер:
3
Ей, жер бетінде тұратын барлық адамдар,
ә
ден қойыңдар! Тау бастарында ту көтерілгенде соны көріп, керней тартылғанда соны еститін боласыңдар!
4
Себебі Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен Өзім тұратын көктен тыныштықпен төменге көз саламын. Осы тыныштық күн күйіп тұрған кездегі жым-жырт ыстыққа әрі өнім жинайтын кездегі аптапта жоғары қарай ақырын көтерілген буға ұқсайды».
5
Жүзімші өнімді жинамас бұрын, бүршік гүлдеп болып, жүзім піскен кезде, пышағымен артық өскіндерді кесіп түсіреді. Сол сияқты, Жаратқан Ие Құштың жасағын «шауып тастайды».
6
Оның өлген жасақшыларының денелері таудағы жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға қалады. Олармен жазда құстар, қыста аңдар қоректенеді.
7
Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту
б
келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына,
в
әкеледі.

а  Құш оңтүстік Мысырдан солтүстік Эфиопияға дейін созылған ежелгі ел. Б.з.д. 715 ж. құштық Шабақо Мысырға да патшалық құрып, Мысырдың 25-ші патша әулетінің негізін салды (20:3; 37:9; 43:3; Пат4 19:9; Соф 2:12).

ә  Яғни Құдайдың таңдаған халқына қарсы шыққан басқа халықтар (17:12-14).

б  Яки: алым-салық (16:1; 45:14; Соф 3:10).

в  Заң 12:5,11.