Ошия  5
Солтүстік Исраил мен Яһуда қатаң жаза тартпақ
1
«Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер.
а
2
Бұл опасыздар азғындыққа әбден батты, енді Мен олардың бәріне тәлім беріп, жазаларын тартқызамын.
3
Ефрем руын
ә
білемін, бүкіл Исраил халқы да Менен жасырын емес. Себебі сен, Ефрем, азғындыққа
б
салынып кеттің, содан Исраилдің бәрі арамданды.
4
Халықтың жасап жүрген зұлым істері өздерінің Құдайына қайтып келулеріне жол бермейді. Себебі оларды азғындықтың рухы билеп алды, әрі олар Жаратқан Иені мойындаған жоқ.
5
Исраилдің асқақтығы оның өзіне қарсы куәлік етеді.
в
Исраилдіктер, соның ішінде Ефрем руы, өз зұлым істерінен сүрініп құлайды. Яһуда халқы да олармен бірге сүрініп құлайды.
6
Ұсақ және ірі қара малдарын айдап әкеліп, құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге қаншама дұға етсе де, Оны таба алмайды. Себебі Ол солардан алшақтап кетті.
7
Олар некесіз балалар туғызып, Жаратқан Иеге опасыздық жасады. Енді әр айдың алғашқы күні орындайтын діни рәсімдері
г
олардың өздерін жер үлестерімен қоса жалмап жеп қояды.
8
Гибеяда керней тартып, Рамақта да дабыл қағыңдар! Бет-Әбенде: «Уа, Бунямин руы, саған ереміз!» деп атой салыңдар!
9
Жазаланатын күні Ефремнің жері қаңырап бос қалады! Мен болашақта ешбір шүбәсіз болатын жайттарды Исраил руларының арасында жариялап отырмын.
10
Яһуда билеушілерінің іс-әрекеттері жер үлестерінің межелерін құпия өзгерту сияқты сұмдық болып кетті.
ғ
Сондықтан оларға қаһарымды тасқын судай жаудырамын.
11
Ефремнің халқы
д
түкке тұрмайтын «тәңірсымақтың» жолын қууды қалағандықтан сотталып, қатты қысым көріп күйзелуде.
12
Сол себепті Мен Ефрем елін күйе сияқты, Яһуда елін көгертіп шіріткен зең сияқты құртамын.
13
Ефрем өз ауруын, Яһуда да өз жарасын байқап қалғанда, Ефрем Ассур еліне бет бұрып, оның ұлы патшасына
е
елшілерін жіберді. Бірақ ол сендерді сауықтырып, жараларыңды жаза алмайды.
14
Себебі Мен Ефрем халқы үшін арыстан іспетті, Яһуда халқы үшін жас арыстан сияқты мейірімсіз боламын. Мен Өзім оларды паршалап жарып тастаймын да, орындарынан алып кетемін. Сонда оларды құтқаратын ешкімі болмайды.
15
Олар ауыр кінәларын мойындап, алдыма келіп еркімді сұрамайынша, Мен көктегі орныма қайтып кетемін».
ж

а  Тарихта ежелден белгілі Миспа қаласы мен Табор тауында (Бил 11:29,34-35; 4:6) халық кейінірек жалған тәңірлерге табынған болса керек.

ә  4:17; 5:5,9.

б  Яки: жезөкшелікке (4:17-18).

в  Немесе: Исраилдің асқақтығы өзінің көз алдында масқара болды.

г  (2:11; Иш 1:14) Немесе: Енді айдың алғашқы күніндегі мейрамда жау (5:8-10).

ғ  Заң 19:14; 27:17; Леу 25:10,23,28; Әйүп 24:2; Нқл 22:28; 23:10.

д  Яғни Солтүстік Исраилдің халқы (4:17).

е  Немесе: оның «Иарев» (яғни «ұлы жауынгер») деп аталған патшасына (7:11; 10:6; Пат4 15:19,29).

ж  3:5; Иш 64:7; Езк 8:6; 10:4; 11:23.