Ошия 3
Адал күйеудің опасыз әйелін кешіріп, өзіне қайтуға шақыруы
1
Бұдан кейін Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Бар, ашынасы бар, неке адалдығын бұзып келген әйеліңе қайтадан сүйіспеншілік көрсет. Дәл солай исраилдіктер бөтен тәңірлерге табынып, оларға мейіз бумаларын ұсынуды жақсы көрсе де, Мен, Жаратқан Ие, Исраил халқын әлі де сүйемін».
2
Сонда Мен он бес мысқал күміс пен бір жарым қап арпа төлеп, әйелімді Өзіме қайтарып алдым.
3
Оған былай дедім: «Сен ұзақ уақыт тек менімен бірге тұрасың. Енді ешкіммен ашыналық жасап, ешбір еркекпен жақындаспайсың. Мен де сенімен жақындаспаймын».
4
Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады.
5
Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады.