Ошия  1
Кіріспе
1
Мұнда Яһуда еліне Ұзиях, Жотам, Ахаз және Езекия, әрі Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам патшалық құрған кезеңдерде
а
Жаратқан Иенің Бегери ұлы Ошияға арнаған сөздері берілген.
Опасыз әйелдің балалары — таяп қалған апаттың бейнелері
2
Жаратқан Ие хабарларын халыққа Ошия арқылы жеткізе бастағанда оған былай деді: «Барып, жеңіл жүрісті бір әйелді алып, оның жезөкшеліктен туған балаларын бауырыңа бас! Өйткені осы ел Жаратқан Иеге опасыздық жасап, азғындыққа салынып кетті!»
3
Содан Ошия Диблаим қызы Гомерді әйелдікке алды. Ол жүкті болып, Ошияға бір ұл туып берді.
4
Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Ұлыңның есімін Ізрел
ә
деп қой. Себебі тағы азғана уақыттан соң Мен Ехудің Ізрелде төккен қанына бола
б
оның әулетіне назарымды аударып, оны жазалаймын және Солтүстік Исраилдің патшалығын құртып жоқ қыламын.
5
Сол кезде Ізрел аңғарында Солтүстік Исраилдің әскери күшін сындырылған садақ іспетті жоямын!»
6
Гомер қайтадан жүкті болып, қыз туды. Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Оның есімін Рақым-көрмеген»
в
деп қой! Себебі бұдан былай Мен Солтүстік Исраилге рақым көрсетіп, оны кешіруімді доғарамын!
7
Бірақ Яһуда еліне рақым көрсетіп, оны құтқарып қаламын. Алайда оларды құтқаратын шайқастағы садақ, семсер, атты әскер емес, Өзім — олардың Құдайлары Жаратқан Ие боламын.
г
8
Қызы Рақым-көрмеген емшектен шығарылғаннан кейін Гомер тағы бір ұл туды.
9
Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес
ғ
деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!»
д
Халықтың болашақта еліне қайтып, бірігуі
10
е
Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады.
ж
11
Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады!
з



а  Пат4 14:16,23-29; 15:1-5,32; 16:1-20; 18:1-37. (Ұзияхтың қосымша аты: Азариях.)

ә  Осы қаланың аты Ізрехел не Езрел деп те айтылады. Оның мағынасы: «Құдай (тұқым) шашады» не «Құдай сеуіп отырғызады» (2:22).

б  Пат4 9:24-25; 10:7-8,11,31.

в  Түпнұсқа тілінде: Ло-Рухама.

г  Пат4 19:32-36.

ғ  Түпнұсқа тілінде: Ло-Амми.

д  Мыс 6:7; 19:5-6; Ерм 31:31-32.

е  Ескерту: Осы аят бірнеше шетелдік аудармаларда 2:1 деп есептелініп, бұдан кейінгі аяттардың сандары 2:23-ке дейін екі санға артқан.

ж  11:1,10; Мыс 4:22-23; Жыр 32:12; 72:23-26; Иш 63:16; 64:8.

з  1:4.