Еврейлерге хат  12
Мәсіх Исаның үлгісін және Құдайдың игілікті тәрбиесін қабылдау
1
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр.
а
Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!
2
Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
ә
3
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!
4
Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар.
5
Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:


«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
6
Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді,
Бауырына басқан әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда».
б


7
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма?
8
Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.
в
9
Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе?
10
Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді
г
көздейді.
11
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
12
Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!
ғ
13
Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, қайта, сауығып кетулері үшін түзу жолмен
д
аяқтарыңды нық басып жүріңдер!
е
Құдайдың жолынан таймауды ескерту
14
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
ж
15
Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы жеміс беретін тамырды
з
қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдарың өздерінің жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиян тигізетін болады.
16
Ешқайсыларың да опасыз болып, азғын өмір сүрмеңдер! Яки Есау сияқты қасиетті атаулыға немқұрайды қарамаңдар! Ол бір ішер тамаққа бола өзінің тұңғыштық жолын сата салды ғой.
и
17
Кейінірек ол әкесінің ерекше батасын алғысы келгенмен, өтініші қабылданбады. Есау жылап тұрып жалбарынса да, өзінің істеп қойғанын өзгерте алмады.
к
18
Сендер ата-бабаларымыз іспетті көріп-естуге болатын мынадай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып,
19
кернейдің қатты даусы шығып, сөздер айтылды. Соны естіген халық мұндай сөздерді енді қайтып естімесек екен деп жалбарынды.
20
Олар «Тауға аяқ-қолдарын тигізген әркімді, тіпті мал тұяғы тисе де, оны таспен атқылап өлтіру керек» деген бұйрықтан қорықты.
қ
21
Осы көріністің әсерінің үрей туғызатындай болғаны сонша, Мұса пайғамбардың өзі: «Мен қорқып, үрейленіп тұрмын», — деді.
л
22
Ал сендер рухани Сион тауына, яғни мәңгі тірі Құдайдың көктегі Иерусалим қаласына, әрі ондағы сан-мыңдаған періштелерге келдіңдер.
23
Сондай-ақ, сенушілердің мерекелік жиыны мен қауымына қосылдыңдар. Сендер де, біз де Тәңір Иеге әке мен тұңғыш баласындай жақынбыз, есімдеріміз Оның көктегі кітабына жазылған.
м
Барлық адамдарға үкім шығаратын Құдайдың алдына, әрі өткен кезеңдерде сенімдері арқылы ақталып, мақсаттарына жеткендерге
24
және Жаңа Келісімнің негізін салған
н
Исаға да келдіңдер. Оның төгілген қаны Әбілдікінен гөрі игілікті хабарға меңзейді.
о
25
Абай болыңдар, өздеріңе сөйлеп тұрған Тәңір Иені тыңдаңдар! Ежелде Оның тапсырмасымен жер бетінде сөйлеген Мұса пайғамбарды тыңдамай қойған Исраил халқы жазадан құтылмады. Ендеше бізге көктен сөйлеп тұрған Құдайдың Өзінен бас тартсақ, онда алатын жазамыздан одан бетер құтыла алмаймыз!
26
Сол кезде Тәңір Иенің зор даусы жерді шайқалтты.
ө
Ал қазіргі заман туралы Құдай пайғамбары арқылы мынадай уәде берді: Мен тағы да жер түгіл, аспанды да шайқалтамын!
п
27
«Тағы да» деген сөздер мынаны білдіреді: Құдай Өзі жаратқанның барлығын шайқалтып, орнынан алып тастамақ. Сонда тек шайқалтуға болмайтындар ғана қалады.
р
28
Сонымен, өзіміз шаңырағы ешқашан шайқалмайтын Патшалықтан үлес алғандықтан, біз сол үшін Құдайға шын жүректен шүкірлік айтайық! Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын болайық!
29
Біздің сиынатын Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті!
с

а  Немесе: Осылайша Құдайдың адалдығына куә болған, бізді бұлт секілді қоршап тұрған сенушілердің үлкен тобы бар. (Осындағы астарлы сөз үлкен стадиондағы жанкүйер көрермендерді еске түсіреді.) (Қор1 9:24-27)

ә  8:1; Мар 16:19; Аян 3:21; 5:6.

б  Нқл 3:11-12.

в  Немесе: онда әке тәрбиесінен ада некесіз туған баладай болар едіңдер.

г  (Леу 11:44-45; 19:2; Пет1 1:15; Пет2 1:4; Еф 4:24; 5:26-27) Яки: Өзінің қасиетті болмысын бөлісуімізді.

ғ  Иш 25:3.

д  Яки: Құдайдың тура жолымен.

е  Нқл 4:26.

ж  Мат 5:8; Рим 14:12; 6:22.

з  Заң 29:18.

и  Жар 25:29-34.

к  Жар 27:34,38,41; Қор2 7:10.

қ  Мыс 19:11-13,16-25; Заң 4:10-14; 5:22-27.

л  Заң 9:19.

м  Яғни «Мәңгілік өмір кітабына» (Мыс 32:32-33; Флп 4:3; Аян 20:15).

н  (8:6; 9:14-15; 10:19-22) Яки: Жаңа Келісімге жол ашқан.

о  Әбілдің қаны ағасы Қабылды Құдай алдында кінәласа (Жар 4:10-11), Исаның төгілген қаны бізді Құдай алдында ақтап, күнәмізден тазартты (9:14; 13:12; Рим 5:9).

ө  Мыс 19:18.

п  Хақ 2:6.

р  1:11-12; Жыр 101:26-29; Иш 24:4; 54:10; Пет2 3:10-11.

с  Заң 4:24.