Еврейлерге хат  1
Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі
1
Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған.
2
Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын
а
жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі
ә
етіп тағайындады.
3
Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты.
б
Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр.
в
Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Мәсіх періштелерден әлдеқайда жоғары
4
Сонымен, рухани Ұлдың иемденген Атағы
г
періштелердікінен қаншама жоғары болса, Оның жолы да олардікінен соншама үлкен.
5
Себебі Құдай періштелердің ешқайсысына да былай деп айтқан емес: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған».
ғ
Және: «Мен Оған Әке боламын, ал Ол Менің рухани Ұлым болады».
д
6
Құдай осы дүниеге жолы бәрінен де үлкен рухани Ұлын
е
жібергенде, Ол туралы мынадай сөздер айтты: «Жаратқан Иенің бар періштелері де Оған тағзым етсін!»
ж
7
Періштелер жайлы (Забурда) мына тәрізді сөздер айтылған: Ол желдей етеді періштелерін, от жалынындай да өз нөкерлерін
з
.
8
Ал Ұл туралы былай делінген:


«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,
Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.
и
9
Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,
Сондықтан да Құдай, өз Құдайың Сенің,
Өзіңді тағайындап, сыйлады Саған
Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан».
к

10
Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:

Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,
Құдіретіңмен
қ
жараттың аспанды да.
11
Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,
Киімдей тозады олардың барлығы да,
12
Сен соларды көйлектей ауыстырасың,
Шапандай бүктеп алып та қоясың.
Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,
Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
л

13
Ал енді, Құдай қай кезде қай періштеге: «Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда!» — деп айтқан еді?
14
Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.



а  Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз).

ә  Яки: мұрагері (Рим 8:17; Мат 11:27; 28:18).

б  Яки: Оның болмысы Құдайдың болмысына толығымен пара-пар.

в  Немесе: құдіретті әмірімен аман сақтап тұр (Қол 1:17).

г  Яки: Есімі (1:5; Флп 2:9-11).

ғ  (Жыр 2:7; Елш 13:33; Рим 1:4; Мар 9:7) Демек, бүгін Әкең екенімді жарияладым.

д  Пат2 7:14; Шеж1 17:13.

е  Яки: Тұңғышын (Қол 1:15).

ж  Заң 32:43.

з  Жыр 103:4.

и  Немесе: Патшалық асатаяғың — әділдік.

к  Немесе: Сондықтан Сені, Құдай, өз Құдайың, тағайындап, жолдастарыңнан гөрі Саған қуаныш майын көбірек жақты (Жыр 4:7-8; Түсіндірмедегі «Май жағу рәсімін» де қараңыз).

қ  Яки: Өзіңнің (құдіретті) қолдарыңмен.

л  12 Жыр 101:26-28.

м  Жыр 109:1; Мат 22:44.