Ғалаттықт. хат  4
1
Тағы айтпағым мынау: мұрагер болашақта барлық байлықты иемденуге қақылы болса да, балалық кезінде оның құлдан еш айырмашылығы жоқ.
2
Жас мұрагер әкесі белгілеген уақытқа дейін қамқоршылар мен үй басқарушылардың бақылауында.
3
Біз де рухани балалық шағымызда осы дүниедегі бастапқы діни ілімдердің
а
құлдығында болдық.
4
Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп,
ә
Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында
5
сол заңға бағынғандарды босатып,
б
Өзінің рухани балалары ету үшін келді.
6
Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!»
в
— деп Құдайға сиындырады.
7
Сонымен енді құл емес, рухани ұлсың; ал рухани баласы болған соң, Құдай саған Өзінің уәде еткендерін сыйлайтын болады.
Елшінің ғалаттықтарды уайымдап қиналуы
8
Сендер бұрын Құдайды әлі білмейтін кезде шынайы Тәңір емес жын-перілерге құл болып қызмет еттіңдер.
9
Ал енді Құдайды жақыннан танып алғаннан кейін, дұрысын айтқанда, Құдай сендерді танып, Өзімен жақын байланыста болуға шақырғаннан кейін, қалай ғана кері айналып, қайтадан әлсіз де бейшара, бастапқы діни ілімдерге
г
бет бұрасыңдар? Соларға тағы да құл болып жүргілерің келе ме?
10
Белгілі діни күндер мен айларды, мерекелер мен жылдарды берік ұстануда екенсіңдер.
11
Сендерге арнаған еңбегім зая кетті-ау деп уайымдаймын.
ғ
12
Бауырластарым, сендерден өтінемін: пайдасыз ережелерге бағынбай, мен сияқты болыңдар, мен де сендер сияқты болдым. Жеке басыма жамандық істеген жоқсыңдар.
13
Сендерге Ізгі хабарды алғаш рет жариялағанымда денсаулығымның нашар болғанын білесіңдер.
14
Бірақ та тәнімнің ауруынан жиреніп, теріс қарап кетпедіңдер. Керісінше, мені Құдайдың бір періштесіндей, тіпті Иса Мәсіхтің Өзіндей, қабылдадыңдар.
15
Бұрынғы риза көңілдеріңе не болды? Өзім мынаған куәмін: сол кезде, мүмкін болса, өз көздеріңді ойып алып, маған сыйлар едіңдер.
д
16
Ал қазір мен сендерге шындықты айтқаным үшін жау болып шықтым ба?
17
Көңілдеріңнен шығуға ынталанғандардың ниеттері
е
жақсы емес: олар сендерді бізден ажыратып, өздеріне құштар етіп қаратып алмақ.
18
Біреудің көңілінен шығуға ізгі ниетпен ынталану — жақсы нәрсе, бірақ бұл тек қастарыңда жүргенімде ғана емес, әрдайым болу керек.
19
Балаларым менің! Баласын туғанда толғақ азабын басынан кешкен анадай мен тағы да сендерді уайымдап қиналып жүрмін. Бұл, мінез-құлықтарыңнан Мәсіхтің болмысы толығырақ көрінгенше, жалғаса бермек.
20
Дәл қазір қастарыңда болып, сендермен жұмсақ үнмен сөйлессем шіркін! Себебі сендерді түсіне алмай жүрмін.
Ажар мен Сараның мысалы
21
Таурат заңына бағынғысы келген сендер маған айтыңдаршы: Тауратта айтылғанды білмейсіңдер ме?
22
Онда Ыбырайымның екі ұлы: біреуі күңінен, екіншісі ерікті әйелінен туғаны туралы жазылған.
ж
23
Күңінің ұлы әдеттегідей туылса, ерікті әйелінің ұлы Құдайдың берген уәдесі бойынша кереметпен дүниеге келді.
з
24
Бұл әңгімеде астарлы мағына бар, екі әйел екі түрлі Келісімді білдіреді: біреуі — перзентін құлдықта туған Ажар, ол — Синай тауында жасалған Келісімнің бейнесі.
и
25
Ал Арабиядағы Синай тауын бейнелейтін Ажар қазіргі Иерусалимге де ұқсайды. Себебі ол қала өз халқымен әлі де Таурат заңының құлдығында.
26
Бірақ көктегі Иерусалим ерікті, біздің рухани анамыз — сол!
27
Бұған байланысты Пайғамбарлар жазбаларында: «Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады!» — деп алдын ала айтылған.
к
28
Уәде бойынша дүниеге келген Ысқақ іспетті біздер де, уа, бауырластарым, Құдайдың уәдесіне сай Оның қайта туылған рухани балаларымыз. Себебі Ыбырайымның Тәңір Иеге сенгеніндей, біз де Оған сенеміз.
29
Ал әдеттегідей жолмен дүниеге келген бала
қ
сол заманда Құдай Рухы дарытқан қабілетпен туған баланы қудалады. Сол сияқты, қазір де құлдықта жүрген яһудилер Киелі Рухтан қайта туылған біздерді қудалауда.
30
Тауратта не делінген? Онда мынадай сөздер бар: Күңді баласымен бірге қуып жібер! Күңнің ұлы ерікті әйелдің ұлымен бірдей мұраға ие болмасын!
л
31
Ендеше, бауырластар, біздер «күңнің» емес, «ерікті әйелдің» ұрпағымыз!
м

а  Яки: осы дүниелік тұрпайы ілімдердің (не ережелердің) (4:9-10; Қол 2:8,20-23).

ә  Лұқ 1:30-35; Жар 3:15.

б  Яки: төлемін өтеп азат етіп (Иш 41:14).

в  Абба: көне арамейше, мағынасы «Әкетай» (Мар 14:36; Рим 8:15).

г  4:3.

ғ  2:2; 5:2-4; Сал1 3:5.

д  Немесе: ең қымбатты нәрселеріңді қиюға даяр едіңдер. (Пауылдың көз ауруымен науқастанғаны да ықтимал: 6:11.)

е  Яғни яһуди діндарларының ниеттері (1:7; 3:10).

ж  Жар 16:1-4,11,15-16; 21:1-5.

з  Жар 17:15-16,19; 18:10-14; Рим 9:7-9.

и  2:4; 4:3,9; 3:19,23; Қор1 10:11.

к  (Иш 54:1) Демек, Таурат заңын ұстанушылардан гөрі Құдайдың уәдесі бойынша сенім арқылы ақталғандардың саны әлдеқайда көп болмақ.

қ  Яғни Ысмағұл (Жар 21:9).

л  Жар 21:10.

м  Яғни Құдай бізді Таурат заңына бағындырмай, Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақтап, қабылдап, Өзінің беретін рухани игіліктеріне ие етті (3:29; Елш 15:10-12).