Езра  4
Дұшпандардың қарсы әрекеттері
1
Ал исраилдік Яһуда мен Бунямин руларының
а
дұшпандары
ә
да болды. Олар жер аударылудан қайта оралған халықтың Исраилдің Құдай Иесіне арнап ғибадатхана сала бастағанын естіді.
2
Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді:
— Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан
б
бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз.
в
3
Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға:
— Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай,
г
Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.
4
Сонда елде тұрып жатқан сол бөтен ұлттықтар
ғ
құрылыс жұмысын тоқтатпақ болып, Яһуда халқын түңілдіріп, қорқытып-үркіте бастады.
5
Олар Яһуда халқының жоспарларын бұзу үшін оларға қарсы арнайы кеңесшілерді жалдап алып жүрді. Бұл әрекеттері парсы патшасы Кирдің бүкіл заманында, тіпті парсы патшасы Дарийдің таққа отырған кезіне
д
дейін ұласты.
Ахасуер мен Артақсерікстің кездеріндегі қарсы әрекеттер
6
Бірнеше жылдан соң, Ахасуер
е
патша билік құра бастаған кезде, Яһуда халқының дұшпандары патшаға Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындарын айыптап хат жазды.
7
Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда
ж
да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде
з
жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды.
8
Әмірші Рехум және хатшы Шимшай Артақсерікс патшаға Иерусалим үстінен шағымданған бір хатты салып жіберді.
9
Олар сол хатты әмірші Рехум, хатшы Шимшай және өздерінің қызметтестері — төрешілер
и
мен әкімдердің атынан жазды. Осы қызметкерлер Тарпел, Персия, Ерех, Бабыл, Сузы, Дехай
к
және Елам аймақтарынан жер аударылып келгендердің үстінен қарайтын.
10
Ұлы да даңқты Аснапар
қ
патша кезінде жер аударып, Самарияға және Батыс Евфрат өлкесіндегі
л
өзге жерлерге қоныстандырған басқа ұлттардың
м
адамдары да сол қызметкерлердің қарамағында болды.
Қарсыластардың Артақсерікс патшаға жіберген хаты
11
Осы қызметкерлер жолдаған хаттың көшірмесі төмендегідей:
«Артақсерікс патша ағзамға Батыс Евфрат өлкесіндегі қызметкерлерінен сәлем!
12
Патша ағзам мынаны білсе екен: Сіздің жағыңыздан бізге өрлеп көшіп келген яһудилер Иерусалимге барды. Олар сол бір зұлым да қыңыр қаланы қайтадан салып, қабырғаларын қалпына келтіріп, негіздерін нығайтып жөндеп жатыр.
13
Патша мынадан да хабардар болсын: Егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп бітсе, онда олар не ақшалай, не заттай алым-салық, не кеден салығын мүлдем төлемей қояды. Содан патша қазынасының кірісі азаятын болады.
14
Патшаның алдында біздің борышымыз бар, әрі патшаның абыройына қандай да дақ түсуіне жол берсек, сол дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл хатты жіберіп, патшаға мәлімдеп отырмыз.
15
Осы мәселе туралы ата-бабаңыздың жылнамаларынан іздестірсеңіз екен. Сол кітаптардан осы қаланың бас көтергіш қала екеніне, әрі оның патшалар мен аймақтарға көп зиян келтіргеніне көзіңіз жететін болады. Ежелгі заманнан бері бұл қаладағылар бүлік шығарып келген еді. Сондықтан да қала қиратылып, қаңырап бос қалдырылды.
16
Сонымен патшаға білдірмек болғанымыз мынау: егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп жөнделсе, онда Сіз түбінде Батыс Евфрат өлкесіндегі бүкіл иеліктеріңізден де айырылып қалып жүрерсіз».
Патшаның ғибадатхананы құруға тыйым салуы
17
Патша бұған мынадай жауап жолдады:
«Әмірші Рехумге, хатшы Шимшайға және Самария мен Батыс Евфрат өлкесінде тұрып жатқан олардың қызметтестеріне сәлем.
18
Өздерің жолдаған хаттарың мұқият аударылып,
н
маған оқылғаннан кейін,
19
менің бұйрығыммен (жылнамаларда) тексеріс жасалды. Осы қаланың ежелден бері патшаларға қарсы шығып, оның ішінде көтеріліс пен бүліктің болып келгені анықталды.
20
Кезінде Иерусалимнің бүкіл Батыс Евфрат өлкесіне билік жүргізген құдіретті патшалары болғаны, оларға ақшалай және заттай алым-салықтар мен кеден салығының төленгені де белгілі болды.
21
Сондықтан сол адамдарға: «Жұмысты тоқтатыңдар! Мен арнайы жарлық шығармайынша қала қайта тұрғызылмасын!» деген бұйрық беріңдер!
22
Бұл іске ешкімнің немқұрайды қарамауын қадағалаңдар! Әйтпесе патшаның мүддесіне зиян келтіре алатын қауіп төніп тұр ғой».


23
Артақсерікс патшаның осы хатының көшірмесі Рехумге, хатшы Шимшайға және олардың қызметтестеріне оқыла салысымен-ақ, олар дереу Иерусалимдегі яһудилерге барып, жұмысты күштеп тоқтатқызып тастады.
24
Сонымен Иерусалимде Құдайдың киелі үйінің құрылысы доғартылды. Ол парсы патшасы Дарийдің билік жүргізген екінші жылына
о
дейін тоқтап тұрды.

а  1:5.

ә  Олардың көбі Самария аймағына жер аударылып келген бөтен ұлттықтар еді (4:2,9-10; Нех 4:1-3; Пат4 17:23-24,28-34,41). Олар көп тәңірге табынатын.

б  Есімі Есархаддон деп те дыбысталатын ол Ассурға б.з.д. 681-669 жж. патшалық құрды (Пат4 19:37; Иш 27:38).

в  Пат4 17:24-41.

г  1:1-3; 6:3.

ғ  Пат4 17:24,28-34.

д  Дарий І б.з.д. 522-486 жж. парсы патшалығына билік жүргізді.

е  Осы есім грекше Ксеркс деп дыбысталатын. Ахасуер І (Ксеркс І) б.з.д. 486-465 жж. парсы патшалығына билік жүргізді (Ест 1:1; Дан 9:1).

ж  Есімі Артаксеркс деп те дыбысталатын Артақсерікс б.з.д. 465-424 жж. парсы патшалығына билік жүргізді.

з  Арамей тілі Ассур, Бабыл және парсы патшалықтарының ресми тілі болды (Пат4 18:26). Езр 4:8-6:18; 7:12-26 арамей тілінде жазылып қалдырылды.

и  Яки: билер.

к  Тарпел: қазіргі Ливан еліндегі Триполис. Ерех: Бабыл еліндегі қала (Жар 10:10). Сузы: Нех 1:1; Ест 1:2; Дан 8:2. Дехай: осы халықтың аты Даги деп те жазылады.

қ  Осы есімнің басқа түрі: Ассурбанипал (Ассурдың соңғы патшасы: б.з.д. 668-627 жж.).

л  (4:1) Парсы патшалығының Батыс Евфрат өлкесі Евфрат өзенінен Жерорта теңізінің жағалауындағы Газаға дейін созылатын (Пат3 4:24).

м  Пат4 17:24.

н  Демек, арамей тілінен парсы тіліне аударылып (4:7).

о  Б.з.д 520 ж. 3-сәуірден 519 ж. 21-ақпанға дейін (5:1).