Езра  2
Алғашқы оралмандардың тізімі
1
Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан
а
Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
2
Олардың жетекшілері: Зоробабел,
ә
Ешуа,
б
Нехемия,
в
Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.


Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
3
Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
4
Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
5
Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.
6
Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.
7
Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
8
Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.
9
Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
10
Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.
11
Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.
12
Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.
13
Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.
14
Бигуайдың
г
ұрпақтары: екі мың елу алты адам.
15
Адиннің ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.
16
Езекияның
ғ
тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.
17
Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.
18
Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.
19
Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.
20
Гибардың
д
ұрпақтары: тоқсан бес адам.
21
Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.
22
Нетопаттың адамдары: елу алты.
23
Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
24
Азмауеттің адамдары:
е
қырық екі.
25
Кирият-Иғарымның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
26
Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
27
Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
28
Бетел мен Айдың
ж
адамдары: екі жүз жиырма үш.
29
Небоның адамдары: елу екі.
30
Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.
31
Басқа Еламның
з
адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
32
Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
33
Лод, Хадид, Ононың
и
адамдары: жеті жүз жиырма бес.
34
Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
35
Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.


36
Діни қызметкерлер:
Едаяхтың
к
Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
37
Имердің
қ
ұрпақтары: бір мың елу екі.
38
Пашхурдың
л
ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
39
Харымның
м
ұрпақтары: бір мың он жеті адам.


40
Леуіліктер:
Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан
н
өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.
41
Әншілер:
Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.
42
Қақпа күзетшілері:
Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.


43
Ғибадатхана қызметшілері:
Сиха, Хасуфа, Таббаот,
44
Керос, Сиях, Падон,
45
Лебанах, Хагабах, Ақуб,
46
Хагаб, Шамлай, Ханан,
47
Гиддел, Ғахар, Реях,
48
Ресин, Некода, Ғазам,
49
Ұзза, Пасеах, Бесай,
50
Асна, Меуним, Нефисим,
51
Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,
52
Баслут, Мехида, Харша,
53
Барқос, Сисара, Тамах,
54
Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
55
Сүлейменнің қызметшілері:
Сотай, Хасоферет, Перуда,
56
Ялах, Дарқон, Гиддел,
57
Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.
58
Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.


59
Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар:
60
Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.
61
Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың
о
бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
62
Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
63
Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік
ө
атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».
п


64
Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
р
65
Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері
с
болды.


66
Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
т
67
төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
Басшылар мен халықтың берген сый-тартулары
68
Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады.
69
Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек
у
берді.
70
Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.
ұ

а  Пат4 24:14-16; 25:11; Дан 1:1-4.

ә  Осы есімнің Зеруббабыл деген түрі де бар. Яһуданың бұрынғы патшасы Ехонияхтың (Пат4 24:8,15,27-30) ұрпағы Зоробабел кейін Яһуда аймағының әкімі болып тағайындалды (3:2,8; 5:2, Нех 7:7; 12:1; Хақ 1:1,12, 14).

б  3:2; 5:2; 10:18; Нех 12:1; Хақ 1:1; Зәк 3:1.

в  Бұл — кейінірек Яһуда аймағының әкімі болған Нехемиядан (Нех 1:1; 2:4-6) басқа адам.

г  2:2; 8:14; Нех 7:7,19; 10:16.

ғ  Пат4 16:20; Нех 7:21; 10:17.

д  Яки: Гибеонның (Нех 7:25).

е  Яки: Бет-Азмауеттің адамдары (Нех 7:28).

ж  (Жар 12:8; Еш 8:2) Осы қаланың аты Гай деп те жазылады.

з  2:7; Нех 7:34.

и  Шеж1 8:12; Нех 6:2; 7:37; 11:35.

к  Шеж1 24:7.

қ  Шеж1 24:14; 9:12.

л  Шеж1 9:12.

м  Шеж1 24:8.

н  Осы есімнің Ходеуа, Годева деген түрлері де бар (Шеж1 3:24; 5:24; 9:7; Нех 7:43).

о  Пат2 17:27-29; 31-32; Нех 7:63.

ө  (Мыс 28:30) Яки: Адал және Ақиқат.

п  5:14; Нех 7:65; Леу 2:3,10; 6:14-18; Рул 18:8-10; Езк 46:20.

р  Осы есепке жоғарыда тіркелгендердің әйелдері мен бала-шағалары және Исраил халқының Яһуда, Буняминнен басқа руларына жататындар да кірген болса керек.

с  Шеж2 35:25.

т  Пат3 1:33; Иш 66:20.

у  61000 алтын теңге (яки персиялық дарик не грек драхмасы): шамамен 510 кг алтын (8:27; Шеж1 29:7). 5000 қадақ (яки мина) күміс: шамамен 2900 кг күміс. Көйлек: Мыс 39:22,27.

ұ  Нех 7:73; 11:1-3,25-36; 12:27-29.