Езекиел  48
Исраилдің жеті руының жер үлестері
1
«Аттары аталып тізімделген рулар мыналар:
Елдің солтүстік шекарасында Данның үлесі болады. Оның шегі Хетлон жолының бойымен Лево-Хаматқа дейін барып, Дамаскінің Хаматқа қарай жатқан солтүстік шекарасында орналасқан Хасар-Енан қаласына дейін жетеді. Осылайша Дан руының жер үлесі елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ.
2
Аширдің жер үлесі Данның жерімен оның оңтүстік жағында шекараласып жататын болады. Ол да елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ.
3
Нафталимге Аширдің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
4
Манасаға Нафталимнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан келесі жер үлесі тиеді.
5
Ефремге Манасаның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
6
Рубенге Ефремнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
7
Яһудаға Рубеннің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді».
Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті аудан
8
«Яһуданың жерімен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан аймақты ерекше мақсатқа арнап бөлек қойыңдар. Оның ені жиырма бес мың шынтақ
а
болып, шығыстан батысқа дейінгі ұзындығы рулардың үлестеріне тиген жердің ұзындығымен тең болсын. Осы арнайы аймақтың ортасында киелі орын
ә
орналасады.
9
Сендер Жаратқан Иеге бағыштауға тиісті қасиетті ауданның ұзындығы жиырма бес мың, ені жиырма мың шынтақ
б
болады.
10
Бұл ауданның бір бөлігі діни қызметкерлерге арналған қасиетті жер үлесі болады. Соның солтүстік және оңтүстік жақтарындағы ұзындығы жиырма бес мың шынтақтан, батыс және шығыс жақтарындағы ені он мың шынтақтан болады. Қасиетті жер үлесінің ортасында Жаратқан Иенің киелі орны орналасады.
11
Бұл қасиетті жер үлесі Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтарына арналады. Олар Маған қызмет етуде адал болды. Исраил халқы Менен адасып кеткенде олар өзге леуіліктер сияқты халықпен бірге Өзімнен безіп кеткен жоқ.
в
12
Бұл — елдің жері үлестірілген кезде оларға берілетін айрықша жер үлесі. Ол ең қасиетті болмақ. Өзге леуіліктердің тұратын жерлері онымен шекараласып жатады.
13
Леуіліктерге арналған жер үлесі діни қызметкерлердің жер үлесіндей болады: ұзындығы жиырма бес мың, ені он мың шынтақ. Осы екі жер үлесінің ұзындығы жиырма бес мың, жалпы ені жиырма мың шынтақ
г
болмақ.
14
Осы жерді не сатуға, не айырбастауға болмайды. Бұл — елдің таңдаулы, Жаратқан Иеге бағышталған киелі жері, ол басқалардың қолына өтпеуі керек».
Қаланың жер үлесі
15
«Ені бес мың, ұзындығы жиырма бес мың шынтақ болатын қалған жер үлесі қаланың әдеттегі мұқтаждықтарына: үй салуға және мал жайылымына арналады. Қала сол жер үлесінің ортасында болмақ.
16
Қаланың өлшемдері мынадай болады: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтары төрт мың бес жүз шынтақтан.
17
Қалаға арналып солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтардан екі жүз елу шынтақ мөлшерінде жайылым жер бөлініп беріледі.
18
Осы жер үлесінің қасиетті ауданмен шекараласып, онымен ұзындығы бірдей болатын қалған бөлігі шығыс пен батыс жақтардан он мың шынтақ жер көлемін алып жатпақ. Осы егістік жердің өнімі қаланың жұмысшыларын тамақпен қамтамасыз ететін болады.
19
Қалада жұмыс істеуге Исраилдің барлық руларынан шыққандар келіп, оған егін егетін болады.
20
Сонымен осы бүкіл жер үлесі тік төрт бұрышты болады. Әр жағының ұзындығы жиырма бес мың шынтақты құрайды. Ол қаланың өзінің үлестік жерімен қоса, қасиетті ауданды да қамтымақ. Сол жер үлесін Жаратқан Иеге бағыштап бөлек қойыңдар».
Әміршіге арналған жер үлесі
21
«Қасиетті аудан мен қалаға тиісті жерлердің сыртында қалған жер үлесі әміршіге тиісті болады.
ғ
Ол қасиетті ауданнан шығыс және батыс шекараларға қарай созылып, ені жиырма бес мың шынтақ болмақ. Оның шығыс және батыс шекаралары рулардың жер үлестерінің шекараларымен ұласады. Осы жер үлесінің екі бөлігі де әміршіге тиісті болады. Киелі үй тұрған қасиетті аудан екеуінің ортасында орналасады.
22
Сонымен леуіліктердің және қаланың жер үлестері әміршіге тиісті жердің ортасында жатады. Әміршінің жері Яһуда мен Бунямин руларының жер үлестерінің арасында, олармен шектесіп жататын болады».
Қалған рулардың жер үлестері
23
«Қалған рулардың жерлері мыналар:
Буняминге де елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылған бір жер үлесі тиеді.
24
Шимонға Буняминнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
25
Исашарға Шимонның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
26
Забулонға Исашардың жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
27
Ғадқа Забулонның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді.
28
Ғадтың оңтүстік шекарасы Тамардан Қадеш маңайындағы Меріба суына дейін ұласып, оңтүстікке қарай созылады, сосын Мысырдың шетіндегі өзен аңғарымен бойлай отырып, Жерорта теңізіне келіп тіреледі.
д
29
Сендер елден Исраил руларына үлестіретін мұралық жерлер осылар». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.
Қала қақпалары
30
«Қаладан шығатын жерлер мыналар: Қаланың қақпалары Исраил руларының аттарымен
е
аталсын. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын солтүстік жағында
31
қаланың үш қақпасы
ж
болады. Олардың аттары: Рубен, Яһуда, Леуі қақпалары.
32
Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын шығыс жақтағы үш қақпаның аттары: Жүсіп, Бунямин, Дан қақпалары.
33
Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын оңтүстік жақтағы үш қақпаның аттары: Шимон, Исашар, Забулон қақпалары.
34
Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын батыс жақтағы үш қақпаның аттары: Ғад, Ашир, Нафталим қақпалары.
35
Қала шегінің айналдыра ұзындығы он сегіз мың шынтақ болмақ.


Сол кезден бастап, қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ».
з

а  13,125 км.

ә  Яғни ғибадатхана, киелі үй (45:3-4; Иш 12:6; 33:20-22).

б  (45:1-4) Немесе: он мың шынтақ.

в  44:10,15.

г  (48:9; 45:1-4) Немесе: он мың шынтақ.

ғ  45:7-8.

д  47:19.

е  Жар 35:23-26; Рул 1:5-15,20-50.

ж  Яки: үш қақпа ғимараты (дарбазасы). (Осыдан кейінгі үш аятта да солай. 8:5; Нех 2:13; 3:1.)

з  35:10; Иш 12:6; Ерм 3:17; Зәк 2:10.