Езекиел  42
Діни қызметкерлердің қасиетті асты жейтін бөлмелері
1
Содан соң әлгі хабаршы мені ішкі ауладан Солтүстік қақпа арқылы сыртқы аулаға бастап алып шықты. Сонда мені бірнеше бөлмелерге
а
алып барды. Олар бөлектенген ішкі ауланың солтүстіктегі қабырғасына көлденең тұрды.
2
Бұл бөлмелер орналасқан үйдің есігі солтүстікке қарай шығып тұрды. Ғимараттың ұзындығы жүз шынтақ, ені елу шынтақ болды.
3
Жаңағы ғимараттың бір қатарындағы бөлмелер ішкі ауланың ені жиырма шынтақ болатын ашық алаңқайына, ал екінші қатардағы бөлмелер сыртқы ауладағы тас төселген жолға қарап тұрды. Бұл екі қатардың әрқайсысында үш қабаты бір-біріне бетпе-бет орналасқан бөлмелер кешені болды.
4
Екі қатардағы бөлмелердің арасымен ені он шынтақ, ұзындығы жүз шынтақ ішкі жол өтті. Осы бөлмелердің есіктері солтүстікке қарап тұрды.
5
Бұл ғимараттың жоғарғы қабаттардағы бөлмелерінің ені олардан төменгі бөлмелердікінен гөрі тарлау еді. Өйткені жоғарғы қабаттардағы бөлмелердің алдындағы жол үшін орын қалдыру қажет болды.
6
Аулалардағы ғимараттарды тіреп тұрған бағаналар бар екен. Бірақ осы үш қабаттық ғимаратта бағаналар болмады. Сондықтан да жоғарғы қабаттардағы бөлмелердің ауданы одан төменгі қабаттағы бөлмелерге қарағанда шағындау болды.
7
Бөлмелерді сыртқы ауладан бөліп тұратын сыртқы қоршау қабырға да болды. Ол бөлмелердің алдында елу шынтаққа созылып жатты.
8
Сыртқы аула жақтағы бөлмелердің қатары елу шынтаққа созылып жатса, киелі үйге жақынырақ жатқан бөлмелердің қатары жүз шынтаққа созылып жатты.
9
Сыртқы ауладан осы төменгі бөлмелерге шығыс жағынан апаратын бір есік болды.
10
Киелі үйдің оңтүстік
ә
жағындағы сыртқы ауланың қоршау қабырғасын бойлай, яғни ішкі және сыртқы аулалардың арасында, тағы сондай бөлмелер кешені орналасыпты.
11
Бөлмелердің алдында жүретін ішкі жолдар бар еді. Оңтүстік жақтағы осы бөлмелер кешені солтүстік жақтағы
б
сияқты болды. Екі кешеннің ені, ұзындығы және басқа өлшемдері де, қақпалары мен есіктері де өзара бірдей болыпты.
12
Бөлмелер арасындағы ішкі жолдың басында, сыртқы қоршау қабырға бойында бір есік бар еді. Ол арқылы бөлмелерге шығыс жақтан кіруге болатын.
13
Содан соң хабаршы маған тіл қатып былай деді: «Ішкі аулаға қарап тұрған оңтүстік және солтүстік жақтағы осы бөлмелер діни қызметкерлерге арналған. Сол бөлмелерде Жаратқан Иенің алдына қызмет етуге баратын діни қызметкерлер Оған ерекше бағышталған ең қасиетті құрбандықтар мен сый-тартулардан тамақтанады. Сол бөлмелерде ең қасиетті тартулар — астық тартулары, күнәнің құнын және айыпты өтейтін тартулар сақталады. Себебі бұл бөлмелер — Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті орын.
в
14
Діни қызметкерлер сол киелі орынға кірген соң, сыртқы аулаға тікелей шықпасын. Қайта, олар алдымен Жаратқан Иеге қызмет еткен кезде киген арнайы киімдерін шешулері керек. Өйткені бұл киімдер де тек Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге ғана арналған. Халық жүретін жерлерге шығар алдында олар киімдерін ауыстырып, кәдімгі киімдерін киюлері қажет».
Киелі ауданды кәдімгі жерден ажырататын қоршау қабырға
15
Ғибадатхананың ішкі жағындағы өлшемдерді жасап болған соң, хабаршы мені Шығыс қақпа ғимараты арқылы сыртқа шығарды да, ғибадатхананың төңірегіндегі ауданды өлшей бастады.
16
Сол ауданды өлшеуіш таяғымен өлшегенде шығыс,
17
солтүстік,
18
оңтүстік
19
және батыс жақтарының ұзындығы бес жүз шынтақтан болып шықты.
20
Осылайша хабаршы бүкіл ауданды төрт жағынан өлшеп шықты. Оның айналасында төрт жағынан Жаратқан Иеге ерекше бағышталған киелі ауданды кәдімгі жерден ажыратып тұратын қоршау қабырға тұрды. Оның ені мен ұзындығы бес жүз шынтақтан болды.

а  Яғни діни қызметкерлерге арналған бөлмелерге (42:13-14).

ә  Немесе: шығыс.

б  42:3.

в  Леу 6:16,17,26; 7:6; 10:13; 24:9; Рул 18:9-10.