Езекиел  37
Алқаптағы қураған сүйектердің қайта тірілуінің көрінісі
1
Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы
а
мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен.
2
Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім.
3
Ол менен:
— Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады.
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім.
4
Сонда Ол маған мынаны айтты:
— Осы сүйектерге Менің хабарымды жеткізіп былай де: Уа, қураған сүйектер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар!
5
Жаратушы Тәңір Ие бұл сүйектерге мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендерге тіршілік лебін
ә
үрлеймін, сонда тіріліп шыға келесіңдер.
6
Өздеріңе сіңір, үстеріңе ет бітіріп, терімен жабамын. Сосын тіршілік лебін үрлеп енгіземін, осылайша тірілесіңдер. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
7
Мен Жаратқан Иенің өзіме бұйырғанындай Оның хабарын жеткіздім. Осылайша істеп тұрған кезімде бір тасырлаған шу пайда болды да, сүйектер рет-ретімен бір-біріне қосыла бастады.
8
Мен таңдана қарасам, оларға сіңір әрі ет бітіп, үсті терімен жабылғанын көрдім. Бірақ оларда әлі де тіршілік лебі
б
жоқ болатын.
9
Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге
в
лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!»
10
Мен Жаратқан Иенің өзіме тапсырған сөздерін дауыстап айттым.
г
Сонда өлі денелерге тіршілік лебі кіріп, жан бітті де, барлығы аяқтарына тұрды. Олар өте үлкен әскер екен.
11
Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді: «Ей, пендем, мына сүйектер Исраилдің бүкіл халқын бейнелейді. Халық: «Сүйектеріміз қурап қалды, үмітіміз үзілді, біз мүлдем құрыдық!» деп жүр.
12
Сондықтан оларға хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, өз халқым, біліп қойыңдар, Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алмақшымын. Бұдан кейін сендерді Исраил еліне қайтарып алып барамын.
13
Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алғанымда, Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар, уа, халқым.
14
Мен іштеріңе өз Рухымды салып,
ғ
сендер өмір сүретін боласыңдар. Сендерді өз елдеріңе қоныстандырамын. Сонда Менің, Жаратқан Иенің, мұны айтқанымды да, жүзеге асырғанымды да білетін боласыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын».
Бір патшаның қол астындағы бір халық
15
Бұдан кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
16
«Пендем, бір ағаш тақтайша ал да, оған: «Яһудаға және онымен одақтасқан исраилдіктерге» деп ойып жаз! Сосын тағы бір тақтайша алып, оған: «Жүсіпке, яғни Ефремге,
д
және онымен одақтасқан Исраил халқының бәріне» деп ойып жаз.
е
17
Содан соң екі тақтайшаны алып, оларды бір-біріне қосып, қолыңда біртұтас етіп ұста.
18
Елдестерің сенен: «Бұнымен не айтпақсың?» деп сұрағанда, оларға былай деп жауап бер:
19
Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Ефрем руының және онымен одақтасқан Исраилдің өзге руларының қолдарындағы Жүсіптің тақтайшасын аламын да, оны Яһуданың тақтайшасымен қосып, біртұтас етпекпін. Сонда олар қолымдағы біртұтас тақтайша іспетті болады.
ж
20
Өзің жазу жазған сол тақтайшаларды елдестеріңнің көзінше ұстап тұрып, былай де:
21
Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен бөтен халықтардың арасына тарап кеткен Исраил халқын солардың ішінен алып шығып, жан-жақтан жинаймын да, өз елдеріне қайтарып әкелемін.
22
Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында,
з
бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді.
23
Халық енді қайтып өздерін жалған тәңірлерінің мүсіндерімен, басқа да жиренішті нәрселерімен және бас көтеріп жасаған өзге күнәларымен арамдамайды. Мен оларды Өзімнен бас тартып, опасыздықпен жасаған күнәларынан арылтып тазартамын. Осылай олар тағы да Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын.
и
24
Менің қызметшім Дәуіт
к
оларға патшалық құрады. Осылайша барлығының бағушысы біреу болады. Халқым Менің шешімдеріме сәйкес әрекет етіп, ережелерімді сақтап, іске асыратын болады.
қ
25
Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады.
л
Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады.
м
26
Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім
н
жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын.
о
27
Осылай Менің (жер бетіндегі) тұрағым олармен бірге болады. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады.
28
Менің киелі үйім олардың ортасында тұрақты орнағанда, барлық ұлттар Менің, Жаратқан Иенің, Исраилді Өзіме бағыштап қасиетті ететінімді
ө
білетін болады!»

а  36:27; 37:8-10,14.

ә  37:9; Жар 1:30; 2:7; Жыр 103:29-30.

б  Түпнұсқа тіліндегі «леп» сөзі контекске сай «леп», «жел» немесе «рух» деген мағыналарды білдіре алады (3:14; 8:3; 11:1; 37:9-10; Жар 2:7; Әйүп 12:10; 33:4; Дан 5:23).

в  Заң 28:25-26; Ерм 34:17-20.

г  Яки: өзіме тапсырғанындай пайғамбарлық сөз айттым.

ғ  11:19; 36:27; 39:29; Зәк 12:10.

д  Ефрем: Солтүстік Исраилдің жетекші руы (Жар 48:3-5; Еш 17:17; Ош 5:3,11-14).

е  Рул 17:2.

ж  Демек, Жаратқан Ие Сүлеймен патшаның қайтыс болған кезінен бері бір-бірінен бөлініп кеткен Солтүстік Исраил мен Яһуданың патшалықтарын (Пат3 11:42-43; 12:15-20) қайтадан біріктірмек.

з  36:1-2,8-10.

и  5:11; 20:43; 36:25; Ерм 30:22.

к  Яғни Дәуіттің әулетінен шыққан билеуші (34:23-24; Ерм 30:9; Пат2 7:16).

қ  36:27; Заң 4:1.

л  28:25; Жар 28:13-15; 35:12; Еш 1:2; 24:8,11-13.

м  37:24; Ош 3:5.

н  Яки: татулық туралы Келісім (Рул 25:12; Иш 54:10; 55:3; 61:8).

о  Жар 15:5; 22:17; 26:4; 28:14; 32:12; Мыс 40:35.

ө  Мыс 19:5-6; Леу 19:2; 22:32.