Езекиел  36
Халықтың өз таулы елін қайтадан иемденуі
1
«Ал енді, пендем, Исраилдің тауларына
а
хабарымды жеткізіп былай де: Уа, Исраилдегі таулар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар!
ә
2
Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек!
б
Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді.
3
Сондықтан былай деп Менің хабарымды жеткіз:
Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар сендерді қаңыратып бос қалдырып, жан-жақтан бас салып жаншып тастаған еді. Сендер өзге халықтардың меншігіне айналып, олардың мазағы мен зұлым өсегіне қалдыңдар.
4
Сол себептен тыңдаңдар, уа, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің мына сөзіне құлақ түріңдер: Жаратушы Тәңір Ие айналадағы басқа халықтарға олжа болып, олардың мазағына айналған Исраилдің тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына, қаңыраған далалары мен елсіз қалған қалаларына сөзін арнайды.
5
Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім.
6
Сол себептен Исраил елі туралы хабарымды жеткізіп, оның тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендер басқа ұлттардың масқаралауынан зардап шеккендіктен Мен лаулаған ашу-ызамен сөйлеймін!»
7
Ендеше Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Сендердің айналаларыңдағы басқа ұлттардың өздері де масқара болады! Осыны салтанатты түрде ант етіп айтамын.
в
8
Ал сендер, Исраилдегі таулар, енді беткейлеріңдегі ағаш-бұталарыңның бұтақтарын жан-жаққа жайып өсіріп, Менің халқым Исраил үшін жемістеріңді молынан бересіңдер. Өйткені халқым жақында еліне қайтады!
9
Біліп қойыңдар, Мен сендерге назар аударып, қамдарыңды ойлаймын. Жерлерің қайтадан өңделіп, оған егін егілмек.
г
10
Мен өздеріңдегі адамдарды, бүкіл Исраил халқын, көбейтемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып, қаңыраған жерлерге қайтадан үйлер салынбақ.
ғ
11
Мен өздеріңдегі халыққа қоса мал санын да молайтамын, олар өсіп-өніп, көбейетін болады.
д
Сөйтіп Мен сендерге баяғы замандағыдай адамдарды қоныстандырып, өздеріңді бұрынғыдан да бетер өркендетемін. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
12
(Уа, Исраилдегі таулар) осылайша Мен қайтадан өздеріңде адамдарды, яғни өз халқым Исраилді, аяқ басып жүретін қыламын. Олар сендерді иемденіп, өз мұралық жерлері етеді. Енді қайтып сендер халқымды ұрпақтарынан айырмайтын боласыңдар.
е
13
Иә, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: Біреулер сендерді: «Адамдарды жалмап,
ж
өздеріңдегі халықты балаларынан айырасыңдар!» деп қорлаған еді.
14
Сондықтан бұдан былай адамдарды жалмап, өздеріңдегі халықты балаларынан айыруды доғарасыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны мықтап ескертеді.
15
«Басқа халықтардың өздеріңе тіл тигізіп, қорлаған сөздерін бұдан былай естіртпеймін. Сендер енді өзге ұлттардың масқаралауына қалмайсыңдар, әрі өздеріңдегі халықты сүріндіріп күнәға батырмайсыңдар»,
з
— деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие.
Жаратқан Иенің өз есімін қорланудан сақтауы
16
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
17
«Ей, пендем, Исраил халқы елін мекендеген кезде олар елді өздерінің салт-дәстүрлерімен және іс-әрекеттерімен арамдайтын. Олардың сол істері Мен үшін қанмен былғанған шүберектей жиренішті де лас болды.
18
Себебі Исраил халқы жазықсыз адамдардың қанын төгіп,
и
жалған тәңірлеріне табынып осы елді арамдады. Сондықтан да Мен халықтың үстіне қаһарымды төктім.
19
Мен халықты бөтен ұлттардың арасына шашыратып жіберіп, олар түрлі елдердің ішіне тарап кетті. Оларға жаман салт-дәстүрлері мен зұлым іс-әрекеттеріне сәйкес осы үкімді шығардым.
к
20
Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы,
қ
әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды.
л
21
Сонда Мен Исраил халқы жер аударылған өзге халықтардың арасында қорлыққа ұшыраған өз қасиетті есімімнің қамын ойладым.
22
Сондықтан Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, Исраил халқы, Мен енді әрекет етемін. Бірақ сендерге бола емес, Өзімнің қасиетті есіміме бола солай істеймін. Сендер жер аударылып барған халықтардың арасында есімімді қорлыққа ұшыраттыңдар.
23
Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін!
м
Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.
Исраилдің тазарып, жаңа жүрек пен рухқа ие болуы
24
Өйткені Мен сендерді халықтардың арасынан шығарып, барлық елдерден жинап, өз елдеріңе алып келмекпін.
н
25
Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын.
о
26
Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын,
27
әрі бойларыңа өз Рухымды
ө
дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын.
п
28
Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын.
р
29
Осылай сендерді барлық арамдықтарыңнан арылтамын.
Мен егінді мол етіп өсіріп шығарамын. Бұдан былай сендерге ашаршылық жібермеймін.
30
Ендігәрі ашаршылыққа ұшырап, басқа халықтардың арасында масқара болмауларың үшін Мен ағаштардың жемістерін және егістіктердің өнімін мол қыламын.
31
Сонда сендер бұрынғы әділетсіз жолдарың мен зұлым істеріңді естеріңе аласыңдар. Сол арам да жексұрын іс-әрекеттерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар!
32
Әрине, Менің жасаған осы жақсылықтарымның себебі өздеріңнің соған лайықты екендіктерің емес! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сендер мұны біліп қойыңдар! Уа, Исраил халқы, істеген зұлым істеріңе шын жүректен ұялып өкініңдер!»
с
33
Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Мен сендерді әділетсіз істеріңнің арамдығынан тазартқан кезде
т
қалаларыңды халықпен қоныстандырып, қираған елді мекендеріңді қайтадан тұрғызамын.
у
34
Ел ішімен өтіп бара жатқандар бұдан былай оның қаңырап бос жатқанын емес, жыртылып өңделгенін көреді.
35
Содан олар: «Мына жер бұрын қаңырап бос жататын еді, ал енді ол пейіш бағындай болып кетіпті. Бұрын қирап, елсіз қу медиен болған қала орындары мекенделіп, бекіністі қалаға айналыпты!» дейтін болады.
ұ
36
Сонда айналаңда қалып отыратын халықтар қираған жерлерді қайта тұрғызған әрі қаңырап қалған далаға қайтадан бау-бақша отырғызған Өзім, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Осыны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын әрі жүзеге асырамын да!»
37
Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқының өтінішіне жауап беріп, олар үшін мынаны істеймін: халықты отардағы қойлардың көбейгеніндей мейлінше көбейтемін.
38
Қасиетті мейрамдардың кезінде Иерусалим Өзіме құрбандыққа шалынуға бағышталған ұсақ малдарға толып кетеді. Дәл солай әзірше қирап жатқан қалалар да халыққа толады.
ү
Сонда бәрі де Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».

а  Яғни Исраилдің таулы жерлеріндегі қырат-қырқаларына (36:2,8-10).

ә  6:1-3.

б  25:3; 26:2.

в  Яки: Мұны қолымды көтеріп тұрып ант етемін (20:5; Заң 32:40).

г  Леу 26:3-5,10.

ғ  36:33; Иш 58:12.

д  Жар 1:28; 9:1,7.

е  6:3-7; 36:29-30.

ж  Рул 13:32; 14:3,31.

з  Немесе: балаларынан айырмайсыңдар.

и  23:36-38; Леу 20:22-25; Рул 35:29-34; Ерм 2:7.

к  Леу 26:33.

қ  14:11; 21:11; Мыс 19:5-6; Иш 52:5; Ерм 33:24.

л  12:16; Мыс 32:11-13; Рул 14:15-16; Дан 9:18-19; Нех 1:6-11.

м  20:41; 38:23; Иш 5:16.

н  Заң 30:1-5.

о  Рул 19:11-19; Жыр 50:9; Соф 13:1; Ош 14:3.

ө  37:14; 39:29; Иш 44:3; Жое 2:28-29.

п  11:19-20; 18:31; 37:14; Заң 30:6-8; Жыр 50:12; Ерм 32:39-40.

р  14:11; 37:23 Заң 8:1; Ерм 31:33.

с  (16:63; 20:43-44; 36:22; Заң 9:5; Езр 9:6; Дан 9:18-19) Яки: ұялып қысылыңдар!

т  36:25; Леу 16:29-30.

у  36:10.

ұ  37:13, Иш 51:3.

ү  36:33; 34:31.