Езекиел  3
1
Көктегі дауыс маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе ұсынып жатқан осы шиыршық кітапты жеп қой! Содан соң исраилдіктерге бар да, оларға оның мазмұнын жеткіз!»
2
Мен аузымды ашқанда, Ол маған шиыршық кітапты жеуге беріп,
3
былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе берген осы кітапты жеп, ішіңді толтыр!» Мен оны жегенде, дәмі аузымда балдай тәтті болды.
а
4
Ол маған тағы былай деді: «Ей, пендем, енді Исраил халқына бар да, оларға Менің сөздерімді айтып бер.
5
Сені тілі түсініксіз, міңгірлеп сөйлейтін халыққа емес, Исраил халқына жіберіп отырмын.
6
Олар тілдері түсініксіз, міңгірлеп сөйлейтін, айтқандары саған беймәлім болатын көп халықтың бірі емес. Ал егер Мен сені сондай халықтардың біріне жіберсем, олар саған сөзсіз құлақ асар еді.
ә
7
Бірақ Исраил халқы сені тыңдағысы келмейді, себебі олар Мені тыңдағылары келмейді. Өйткені бүкіл Исраил халқы тоңмойын қыңыр.
8
Бірақ сені солардың өздері сияқты бетіңнен қайтпайтын, маңдайы қатты қайсар етемін.
9
Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын! Олар бас көтергіш халық болса да, солардан қорқып, сұсты бет-әлпеттерінен шошушы болма!»
10
Осыларға қоса Ол маған тағы былай деді: «Ей, пендем, Менің өзіңе айтатын сөздеріме құлақ түріп, барлығын есіңе сақтап ал!
11
Сосын өзіңмен бірге жер аударылып келген елдестеріңе бар. Олардың тыңдағандарына да, тыңдамағандарына да қарамастан тіл қатып: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деп жарияла!»
12
Бұдан кейін Рух мені көтеріп алды. Сонда мен арт жағымнан: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Өзінің тұрағында мадақталсын!» деген күркіреген зор дауысты естідім.
б
13
Бұл төрт нөкердің бір-біріне тиген қанатының сыбдыры және олардың жанындағы дөңгелектердің күркіреген зырылы екен.
14
Сонымен Рух мені көтерді де, алып кетті. Мен қайғырып, іштей қатты наразыландым.
в
Бірақ Жаратқан Иенің үстімдегі рухани құдіреті
г
өте күшті болды.
15
Мұнан кейін мен жер аударылып келгендер тұрып жатқан Хобар өзенінің жағасындағы Тел-Абибке жеттім. Сол жерде қатты таңырқаған күйімде
ғ
жеті күн бойы олардың араларында болдым.
Исраилді сақтандыру жайлы тапсырма
16
Сол жеті күн өткеннен кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
17
«Ей, пендем, Мен сені Исраил халқына күзетші
д
етіп тағайындадым. Сондықтан Менің аузымнан шыққан сөзімді естіген сайын халыққа Менің атымнан ескерту жаса!
18
Егер Мен зұлым жанға: «Сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды (өзің арқылы) жіберсем, ал сен оған соны ескертпесең, әрі оның өмірін сақтап қалу үшін жаман іс-әрекеттерін тастауын айтпай, үндемей қалсаң, онда сол зұлым адам өз күнәларының жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың.
19
Ал егер сен сол әділетсіз адамға ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпай, зұлым істерінен бас тартпаса, онда ол өз әділетсіздігінің жазасын тартып өледі, бірақ сен өз өміріңді сақтап қаласың.
20
Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, әділетсіздікке салынса, әрі Мен оған сүріндіретін бөгет қойғанмен соған мән бермесе, ол күнәларының зардабын тартып өлімге душар болады.
е
Егер сен оған ескертпесең, ол өз күнәсі үшін өледі. Оның бұрын істеген әділ істері ескерілмейді. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың.
21
Егер сен әділ адамға күнә жасамауды ескертіп, содан ол күнә жасамайтын болса, ол ескертуге құлақ асқандықтан сөзсіз өмір сүре беретін болады. Сен де өз жаныңды аман сақтап қаласың».
Пайғамбардың сөйлей алмайтын кезеңі
22
Жаратқан Иенің рухани құдіреті сол жерде тағы да маған қонды.
ж
Ол маған: «Тұр да, жазық алқапқа бар! Мен сол жерде сенімен сөйлеспекпін», — деді.
23
Мен тұрдым да, жазық алқапқа бардым. Сол жерде Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты менің Хобар өзенінің жағасында көргенімдей болып тұр екен. Сондықтан мен жерге етпетімнен жата кеттім.
24
Сонда бойыма Рух еніп, мені аяғыма тік тұрғызды. Ол маған тіл қатып былай деді: «Үйіңе бар да, есікті ішінен бекітіп ал.
25
Пендем, сол жерде сені арқанмен байлап-матап тастайды. Сондықтан сен жұрттың арасына шыға алмайтын боласың.
26
Мен сенің тіліңді таңдайыңа жабыстырып тастаймын. Сөйлей алмайтындықтан сен оларға ескерту жасайтын адам бола алмайсың.
з
Себебі олар әбден бас көтергіш, қыңыр халық.
27
Бірақ Мен саған тіл қатқан кезде аузыңды ашамын. Сонда оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деуге тиіссің. Тыңдағысы келгендер тыңдасын, ал тыңдағысы келмегендер тыңдамай-ақ қойсын. Өйткені олар бағынбайтын бас көтергіш халық қой!»

а  Осындағы пайғамбардың «жеуі» оның Құдайдың сөздерін қабылдауын білдіреді (2:8; 3:4; Ерм 15:16; Аян 10:8-11).

ә  Жүн 3:5-10.

б  Немесе: Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты өз тұрағынан көтерілгенде күркіреген зор дауысты естідім (10:4,15-18).

в  Езекиел халықтың қыңырлана күнә жасай бергеніне және Жаратқан Иенің сол себепті халықтың арасындағы Өзінің тұрағынан бас тартпақшы болғанына қатты қайғырды (3:7,12; 10:4,15-18).

г  (1:3) Немесе: үстімдегі қолы.

ғ  Езр 9:4; Әйүп 2:13; 40:4-5.

д  33:7-9; Ерм 6:17; Ош 9:8; Абқ 2:1-2.

е  18:24.

ж  1:3; 3:14.

з  24:27; 33:22.