Езекиел  28
Тирдің әміршісіне қарсы айтылған пайғамбарлық сөз
1
Бұдан кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2
«Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп
а
сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің!
3
Әрине, сен Даниялдан да дана екенсің.
ә
Саған беймәлім бірде-бір құпия жоқ екен.
4
Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың.
5
Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті».
6
Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Өзіңді тәңір іспетті данамын деп санайтындығыңнан,
7
біліп қой: Мен саған қарсы жат жерліктерді, халықтардың арасындағы ең қатыгезін
б
жіберемін. Олар сенің көрікті даналығыңды семсерлерімен шауып, нұрлы салтанатыңды аяқ асты етіп арамдайды.
8
Сөйтіп сені о дүниеге тастайды. Теңіздің ортасында арам өліммен құрисың!
9
Өзіңді өлтіруге келгендердің алдында «Мен тәңірмін!» деп айтасың ба сонда? Өлтірушілеріңнің қолына түскенде сен тәңір емес, жай ғана пенде боласың ғой.
10
Сонда сүндеттелмеген
в
жат жерліктердің қолынан арам өлесің. Мен осыны нық айтамын», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие.
Тир патшасы жайлы жоқтау
11
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
12
«Ей, пендем, Тир патшасын жоқтап, оған былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сен даналыққа кенелген, мінсіз келбетті әрі кемелділіктің үлгісі
г
болатынсың.
13
Сен Едемде, Құдайдың пейіш бағында
ғ
болыпсың. Үстіңдегі киімің рубин, топаз, алмас, зүбәржат,
д
оникс, яспис, сапфир, лағыл,
е
изумруд сияқты әр түрлі асыл тастармен безендіріліпті. Жиектемелерің мен қондырғыларыңның бәрі алтыннан жасалыпты.
ж
Олар сен жаратылған күні дайындалған болатын.
14
Мен сені қанаттарын жайған (керуб атты) күзетші періштемен бірге орналастырдым.
з
Құдайдың қасиетті тауында
и
оттай жарқылдаған асыл тастардың арасында жүретін едің.
к
15
Сен жаратылған күніңнен бастап жүріс-тұрысыңда кінәратсыз болып келдің.
қ
Алайда бір күні өзіңнен әділетсіздік табылды.
л
16
Саудаңның молдығынан зорлық жасауға әбден салынып, күнәға баттың. Сондықтан Мен сені арамданған деп санап, Құдайдың тауынан лақтырып тастадым. Күзетші періште (керуб) сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды.
м
17
Өйткені әсем келбетіңнен асқақтап кеткен едің. Нұрлы салтанатыңа салынғаныңа бола даналығыңды бүлдірдің. Содан Мен сені жерге, басқа патшалардың алдына лақтырдым, олар саған қызыға қарайтын болды.
18
Саудаңды әділетсіз жасап, көптеген қылмыстарыңмен ғибадатханаларыңды арамдадың. Сондықтан Мен ортаңнан от шығарып, ол сені жалмап қояды. Осылай Мен өзіңе қарап тұрғандардың көзінше сені күлге айналдырып, құртатын боламын.
19
Халықтардың арасындағы өзіңді білетіндер саған қарап аңтарылып, жандары түршігетін болады. Сен өте қорқынышты апатқа тап болып, енді қайтып болмайсың!»
Сидонға шығарылған үкім
20
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
21
«Пендем, бет-жүзіңді Сидон қаласына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап
22
былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп ал, ей, Сидон, Мен саған қарсы шығамын!
н
Сенің араңда құрмет-даңқым шығатын болады! Саған шығарған үкімімді жүзеге асырып, Өзімнің киелілігімді
о
аян еткенімде, соны көргендердің бәрі Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.
23
Себебі Мен Сидонға жұқпалы індет пен қантөгіс жіберемін, сонда көшелерінде қан судай ағатын болады. Семсерлі жау Сидонға жан-жақтан тап беріп, тұрғындары қаланың ортасында шабылып, құлап жатады. Мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Исраил халқының өз еліндегі тыныш өмірі
24
«Бұдан былай айналасындағы көршілері Исраил халқына менсінбей қарамайды, әрі жаңқадай қадалып, өткір тікендей ауыртпайды. Өйткені олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді түсінетін болады».
25
Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқын өздері арасына шашырап кеткен елдердің ішінен жинап аламын. Олар арқылы сол халықтардың көзінше Өзімнің киелілігімді жария етемін.
ө
Сонда Исраил халқы Мен кезінде қызметшім Жақыпқа уәде еткен елге
п
қайтадан қоныстанатын болады.
26
Олар сол елде еш қауіпсіз тұрып, үйлерін салып, жүзімдіктерін отырғызбақ. Мен оларды жәбірлеген көрші халықтарға шығарған үкімімді жүзеге асырған кезде исраилдіктер аман-есен тұратын болады. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иенің Мен екенімді түсінеді.
р

а  Яки: Құдай сияқты дана деп (Жар 3:5).

ә  Дан 1:20; 2:20-23; 5:11-12; Зәк 9:2-3) Немесе: Данелден де данасың (14:14).

б  Бабылдық әскерлер асқан қатыгездігімен танымал болатын (30:11; 31:12; 32:12; Абқ 1:6-8).

в  Немесе: құдайсыз. (Ежелгі Финикия, Мысыр және Исраил халықтары ұл балаларына сүндет рәсімін жасайтын: 31:18; 32:19; Жар 17:10-14, ал сол рәсімді ұстанбайтын басқа ұлттарды мәдениетсіз, дөрекі және құдайсыз деп санайтын: Пат1 14:6.)

г  Немесе: кемелді қалыптың түп нұсқасы. (Осында Тир патшасы сықақталып адамзаттың түп атасы — Адам атаға теңестіріліп бейнеленген: 27:2-4; 28:13; Жар 1:26-27,31.)

ғ  31:8-9; Жар 2:8.

д  (Мыс 28:20) Яки: хризолит.

е  (Мыс 28:18) Яки: карбункул.

ж  Ежелде Жаратқан Иеге ғибадат етуші бас діни қызметкердің арнайы кеуде қалтасы осындай асыл тастармен және алтын жиектемелермен безендірілетін (Мыс 28:17-20).

з  Немесе: Мен сені қорғаушы керуб (1:4-5; 9:3; 11:22; Жар 3:24) болуға тағайындап қойдым.

и  Яғни Сион тауында (20:40; 28:16). (Кезінде Тир патшасы Хирам Сион тауындағы киелі үйді салып, безендіруге қажетті заттармен қамтамасыз еткен болатын: Пат3 5:1,5-12.)

к  Көне Келісім заманында асыл тастар Құдайға бағышталған халықтың сыртқы белгісі болатын (Мыс 28:17-21; 19:5-6).

қ  28:12; Жар 1:26-27,31; 2:7,21-25; 6:9; 17:1.

л  15 28:16-18; Жар 3:1-19; 6:5-6,11; Уағ 7:29.

м  (Жар 3:23-24) Немесе: Ей, күзетші періште (керуб), сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды.

н  Сол кезде басқа қалалар және елдермен бірігіп, өздері адал болуға бұрынырақ ант берген Бабыл патшасына қарсы Сидонның да бас көтергені ықтимал (Ерм 27:3). Сондықтан Сидонға жасаған опасыздығы үшін үкім шығарылды (Ерм 27:3,6,8-10).

о  Немесе: шексіз билігімді.

ө  20:41; 36:23.

п  Яғни Қанаханға (Исраилге) (Жар 28:13-15; 35:12).

р  28:22,24; 36:22-23; Мыс 29:46.