Езекиел  27
Тир қаласына арналған жоқтау
1
Жаратқан Ие маған тағы сөзін арнап былай деді:
2
«Ей, пендем, Тирге арнап жоқтау айт.
3
Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:
Уа, Тир, сен өзіңді: «Мен керемет көріктімін!» деген едің.
4
Сенің шекараларың теңіздің ортасына дейін жететін.
а
Сәулетшілерің көркіңді кемеліне келтірді.
5
Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан
ә
дайындады. Діңгегің ливандық самырсыннан болды.
6
Ескектеріңді Башанның емендерінен ойып жасады. Үстіңгі қабатыңның еденін Кипр жағалауынан әкеліп, пілдің сүйегімен әшекейленген кипарис ағашынан төседі.
7
Желкендеріңді мысырлық кестелі бәтестен тікті. Олар жалауың іспетті үстіңде жайқалып тұрды. Үстіңгі шатырың (Кипр аралындағы) Елишаның жағалауларынан әкелінген қою күлгін және күрең қызыл бәтестен жасалды.
8
Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы!
9
Кеме түбінің тесік-саңылауын бітеп жөндеу үшін гебалдық тәжірибелі аға шеберлер де өзіңде бар болатын, теңізде жүзетін күллі кемелер саудаласу үшін саған тоқтайтын.
10
Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар
б
жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын.
11
Аруадтықтар кіликиялықтармен
в
бірге бар қамал қабырғаларыңның үстінде орналасып, ғамадтықтар мұнараларыңда қызмет атқаратын. Олар қамалыңның қабырғаларын айналдыра іліп қойған қалқан-қорамсақтарымен көркіңді кемеліне жеткізді.
12
Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис
г
та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын.
13
Грекиялық, тұбалдық және мешехтік
ғ
саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен
д
және қола бұйымдармен төлейтін.
14
Бет-Тоғарма
е
алып келген жұмыс жылқыларын, шайқаста мінетін аттарын және қашырларын сенің тауарларыңмен алмастыратын.
15
Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін.
ж
16
Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама
з
елі де сенімен алыс-беріс жасайтын. Олар тауарларыңды зүбәржат, інжу-маржан, лағыл іспетті асыл тастар және күрең қызыл, кестелі не ақ бәтес маталар беріп, сатып алатын.
17
Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар,
и
бал, зәйтүн майы және май дәрі
к
болатын.
18
Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық
қ
шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын.
19
Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ
л
беретін.
20
Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын.
21
Сен Арабиямен және Қидардың
м
барлық әміршілерімен де саудаласып, олардан тоқты, қошқар, ешкі сатып алатынсың.
22
Сәба мен Рахаманың
н
саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін.
23
(Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары
о
және Сәбаның, Ассур мен Хилмадтың саудагерлері де өзіңмен алыс-беріс жасайтын.
24
Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен
ө
сауда-саттық жасайтын.
25
Алып сауда кемелері
п
тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды.
26
Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел»
р
теңіздегі сені қиратпақ.
27
Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды.
28
Кеме басқарушыларыңның айқайынан тіпті жағалаудағы дала да сілкінбек.
29
Күллі ескекшілер де кемелерін тастап кетіп, теңізшілер мен кеме басқарушылары да жағада тұрып,
30
сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды,
с
31
әрі сені жоқтап шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім
т
киеді. Содан олар жүректері сыздап, зар еңіреп жылап,
32
сен үшін былай деп жоқтау айтатын болады:
— Теңіз ортасындағы Тир сияқты үні өшкен қала болды ма екен, сірә?
33
Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің.
34
Ал енді сен теңізде ойрандалып, тұңғиыққа шөгіп жоғалдың. Барлық тауарларың мен адамдарың өзіңмен бірге суға батып кетті.
35
Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан.
36
Басқа ұлттардың саудагерлері саған қарап мазақтап ысқырады. Себебі сен қорқынышты күйреуге ұшырап, бұдан былай еш болмайсың».

а  4-9 аяттарда Тир қаласы саудагерлер кемесі ретінде астарлап бейнеленген.

ә  Яки: Сенирдің кипарис ағаштарынан. (Сенир Хермон тауының амор тіліндегі аты болатын: Заң 3:9.)

б  (Дан 8:20; Иш 66:19; Жар 10:6) Немесе: Парастық (яки патрустық), лудтық және пұттық адамдар (Жар 10:8,13,14,22).

в  (Елш 6:9; 27:5) Немесе: өз әскеріңмен.

г  38:13; Жүн 1:3.

ғ  Грекия: ежелгі Иаван (қазіргі Грекия және батыс Анадолу өлкелері). Тұбал, Мешех: қазіргі орталық Анадолу өлкесінде орналасқан ежелгі елдер (Жар 10:20; Жое 3:6).

д  Яғни құл-күңмен.

е  Шығыс Анадолуда (38:6; Жар 10:3), қазіргі аты — Гурун.

ж  25:13; 27:20; Ерм 25:23.

з  Яғни Сирия (Иш 7:2). Немесе: Едом (25:12).

и  Миниттік: не бидай түрінің, не ол егіліп, өсіп шыққан жердің аты. Тәтті тағамдар, яки: панаг дәрісі.

к  Жар 43:11; Ерм 8:22.

қ  Дамаскіге жақын жер.

л  Мыс 30:24; Жыр 44:9; Иш 43:24; Ерм 6:20.

м  Пат3 10:15; Иш 60:7.

н  Пат3 10:1; Шеж1 1:9.

о  Жар 11:32; Амо 6:2 (Қална не Халне); Пат4 19:12; Амо 1:5.

ө  Немесе: сандықтармен.

п  Яки: Тарсис кемелері (Иш 2:16).

р  Бұл атау бабылдық Набуходоносорды астарлап білдірген шығар (17:10; 19:12).

с  Ерм 6:26; Жүн 3:6.

т  Жар 37:34.