Езекиел  24
Ет асылған қазан — қоршаудағы қаланың бейнесі
1
(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) тоғызыншы жылдың оныншы айының оныншы күні
а
Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2
«Ей, пендем, осы күннің қай күн екенін жазып қой. Бүгін-ақ Бабыл патшасы Иерусалимге шабуыл жасауын бастап жатыр.
ә
3
Осы бас көтергіш халыққа мына астарлы сөзді айтып бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қазанды көтер, суыңды құйып, етіңді ас!
4
Еттің жылы-жұмсағын, саны мен жауырынын, еті мол таңдаулы сүйектерін сал.
5
Отарыңдағы қойдың ең жақсысын таңдап алып, қазаныңның астына отынды
б
үйіп сал. Етті қайнатып, сүйегін де қоса пісір!
6
Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр!
7
Себебі қала тұрғындарының төккен қаны әлі де өз ортасында. Олар оны кейін бетін топырақпен жабуға болатындай етіп жерге емес, жалаң жартастың үстіне төкті.
в
8
Қаһарымды қоздырып, тиісті жазасын тартқызуым үшін Мен қаланың төккен қанын жалаң жартастың үстінде қалдырдым. Енді ол жабылмайды да. —
9
Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: — Қан төгуші бұл қала қасіретке қалады! Мен Өзім оның астына отынды көп қылып үйемін.
10
Иә, отынды мол салып, отты тұтат! Етке дәмдеуіш қосып жақсылап пісіріп қоюландыр, кейін сүйектерін өртеп көмірге айналдыр!
11
Бұдан кейін бос қазанды қайтадан шоқтың үстіне қой да, қоласын қатты қыздыр. Сонда оның ішіндегі лас нәрсесі балқып, тотығы күйіп кетсін.
г
12
Бірақ осы ауыр жұмыс бекер болды, қазан тіпті оттың күшімен де қалың тотығынан арылмады.
13
(Ей, Иерусалим,) сенің тотығың — өз азғындығың. Мен сені қаншама тазартқым келсе де, сен тазарудан бас тарттың. Сондықтан, Менің қаһарым саған толығымен қанағаттанбайынша, сен тазара алмайсың.
14
Бұны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын. Менің әрекет ететін уақытым жетті. Алған бетімнен еш қайтпаймын да, өзіңді еш аяп-мүсіркемеймін де. Жүрген жолдарың мен істеген істеріңе сәйкес саған үкім шығарылады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.
Пайғамбардың сүйікті жарынан әрі халықтың сүйікті қаласынан айырылуы
15
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
16
«Ей, пендем, біліп қой, Мен көзіңнің қуанышын өзіңнен бір соққымен-ақ алып қойғалы тұрмын. Алайда оны жоқтап жылап, көз жасыңды төгуіңе болмайды.
17
Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!»
18
Содан мен таңертең жұртқа Жаратқан Иенің сөзін айтып бердім, ал сол күні кеште әйелім қайтыс болды. Ертеңгісін мен өзіме бұйырылғандардың бәрін де орындадым.
19
Халық менен:
— Осы істеп жатқандарыңыздың біз үшін қандай мағынасы бар екенін айтып бермейсіз бе? — деп сұрады.
20
Мен оларға мына жауапты бердім:
— Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деген:
21
Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Өздерің сондай мақтан тұтып, сүйенетін Менің киелі орным — сендердің көздеріңнің қуанышы, жүректеріңнің аңсары. Алайда Мен сол киелі орнымның арамдануына жол бермекпін. Яһуда елінде қалдырған ұл-қыздарың семсерден қаза табатын болады.
22
Менің пайғамбарымның қазір істеп жатқандарын сол кезде өздерің де істейсіңдер: салт бойынша сақал-мұрттарыңды қымтап жаппай, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тимейтін боласыңдар.
23
Сәлделерің бастарыңда, аяқкиімдерің аяқтарыңда болмақ. Сендер жоқтап жыламай, өз күнәларыңның кесірінен әлсіреп құрып,
ғ
күңіреніп, бірге қайғырасыңдар.
24
Осылайша Езекиел өздеріңе (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші
д
болмақ. Сендер оның істегендеріндей істеуге тиіс боласыңдар! Осының бәрі орындалғанда, сендер Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білесіңдер.
25
(Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді): «Ей, пендем, Мен олардың көздерінің қуанышы мен салтанаты, жүректерінің аңсары, ең қымбат қазынасы — өздерінің берік қамалын да, әрі өз ұл-қыздарын да олардан алып қойған күні мынадай болады:
26
дәл сол күні Иерусалимнен Бабыл еліндегі сенің алдыңа біреу қашып келіп, болған жайттың бәрін айтып береді.
27
Сол кезде саған қайтадан тіл бітіп, онымен сөйлесесің. Бұдан кейін үн-түнсіз қалмайсың, сөйлей алатын боласың. Сонымен сенің басыңнан өткен бұл жайттар халыққа (болашақ оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескерту
е
болмақ. Осылай олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».

а  Б.з.д. 588 ж. 15-қаңтар (Пат4 24:14-16).

ә  Пат4 25:1; Ерм 52:4.

б  Яки: астына (кептірілген) сүйектерді.

в  Леу 17:13. (Әрине, қанның бетін жабу да олардың жасаған қылмыстарын ақтай алмас еді. Ал сол қылмыскерлер осы істегендерімен ұждансыздық көрсетті.)

г  Демек, Иерусалим тұрғындарынан ада болып, өртеніп кетпек (Ерм 21:10).

ғ  4:17; Леу 26:39.

д  12:6,11; 24:27.

е  24:24.