Езекиел  23
Опасыз апалы-сіңлілі екі әйел жайлы астарлы әңгіме
1
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2
«Ей, пендем, баяғыда бір анадан туған апалы-сіңлілі екі әйел болған екен.
3
Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты.
а
4
Үлкенінің аты Охола,
ә
кішісінің аты Охолиба
б
деп қойылды. Кейін Мен солардың екеуіне де үйленіп, олар Маған ұл-қыздар туып берді. Ал екеуінің шынайы есімдеріне келер болсақ, Охола — Самарияны, Охолиба — Иерусалимді білдіреді.
в
5
Охола Менің әйелім бола тұра, ассурлық жауынгерлерге аңсары ауып, солармен неке адалдығын бұза бастады.
6
Бұлар қою күлгін түсті киім киген әміршілер мен әкімдер, шетінен көрікті, атқа мінген жігіттер
г
болатын.
7
Охола Ассурдың сол бетке ұстар еркектерімен азғындық жасап, өзінің аңсары ауған әркіммен және олардың жалған тәңірлерінің бейнелерімен
ғ
өзін арамдады.
8
Сөйтіп Охола Мысырда болған кезінен бері айналысып келе жатқан жеңіл жүрісін қойған жоқ. Себебі жас кезінде-ақ мысырлықтар онымен бірге жатып, балғын тәніне қолдарын салып, онымен құмарларын қандыратын.
9
Сондықтан Мен оны өзінің аңсары сондай ауған ашыналары — ассурлықтарға тапсырдым.
10
Олар оның тәнін жалаңаштап, ұл-қыздарын ұстап әкетіп, өзін семсермен шауып өлтірді. Осылайша ол өзіне тиісті жазаны алғанда, басқа әйелдердің өсек-аяңына айналды.
д
11
Сіңлісі Охолиба Охоламен не болғанын көрді. Сонда да ол әпкесінен бетер азғын құмарлыққа салынып, жезөкшелікпен одан әрмен айналысты.
12
Оның аңсары ассурлықтарға: әміршілер мен әкімдерге, көз тартқан сәнді киім киген жасақшылар мен атты әскерлерге, шетінен көрікті жігіттерге ауды.
е
13
Мен оның да өзін арамдағанын көрдім: ол да әпкесінің жолымен жүрді.
14
Бірақ Охолиба жезөкшелік жағынан әпкесінен де асып түсті. Ол қабырғада ойылған жігіттердің суреттерін — қызылмен боялған халдейлердің бейнелерін көріп, соларға аңсары ауды.
15
Бұл суреттер — беліне белбеу байлап, басына үлкен сәлде орап, сырт түрі туған елі Халдея болатын бабылдық сардарлардың
ж
бейнесі болатын.
16
Осыларды көрісімен-ақ ынтызар болған ол Халдея еліндегі соларға елшілерін жіберді.
з
17
Бабылдықтар Охолибаның төсегінде жатып, оны өздерінің құмарлықтарымен арамдады. Ал арамдалғаннан кейін Охолиба бабылдықтардан жеркеніп, теріс бұрылып кетті.
18
Алайда Охолиба азғындығын ашықтан-ашық жасап, жалаңаш тәнін көрсете бастағаннан-ақ, Мен бұрын оның әпкесінен жеркеніп алшақтағанымдай, енді оның өзінен де жеркеніп алшақтап кеттім.
19
Әйтсе де Охолиба жас кезінде Мысырда жеңіл жүрісті қыз болғанын есіне түсіріп, бұрынғысынан бетер азғындыққа салынды.
20
Ол аталық мүшелері есектердікіндей, шәуеті айғырдікіндей мол бұрынғы ашыналарына ынтызар болды.
21
Ей, Охолиба, осылайша сен мысырлықтар төстеріңді қысып, балғын тәніңді аймалаған жастық шағыңдағы азғындығыңды аңсадың».
и
Жаратқан Иенің Охолибаны жазалауы
22
Сондықтан, ей, Охолиба, Жаратушы Тәңір Ие саған мынаны айтады: «Біліп қой, Мен өзің жиреніп, алшақтаған ашыналарыңды өзіңе қарсы арандатып, оларды жан-жақтан саған қарсы алып келемін:
23
бабылдықтарды да, Пеход, Шоа әрі Қоаның барлық халдейлерін де, күллі ассурлықтарды да. Олар — әміршілер мен әкімдер, бәрі де шетінен көрікті, сайгүлікке мінген жігіттер болмақ. Бұларды саған қарсы жан-жақтан аттандырып алып келемін.
к
24
Олар қару-жарақтанып, соғыс күймелері мен шаң-тозаң бұрқыратқан арбаларға мініп, қалың қолмен бірге солтүстіктен өзіңе қарсы аттанып келеді. Жау жан-жақтан үлкенді-кішілі қалқанмен, дулығамен бас салып, сені қоршауға алады. Мен оларға билікті табыстап, сонда олар саған өз әдет-ғұрыптарына сай үкім шығарады.
25
Мен саған лаулаған қаһарымды төккенімде, жау сенің адамдарыңды еш аямай, мұрындары мен құлақтарын кесіп алып, ұл-қыздарыңды әкетіп, құл қылады. Ал ең соңында сенен қалғандардың бәрін от жалмайды.
26
Оның үстіне олар үстіңдегі киімдеріңді сыпырып тастап, қымбат бағалы әшекейлеріңді тартып алады.
27
Мен осылай сенің Мысыр елінен әкелген азғындығың мен жезөкшелігіңді тыямын. Енді қайтып мысырлықтарға ынтыға қарамайтын әрі Мысырды есіңе алмайтын боласың».
28
Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен сені өзің жек көріп, әрі алшақтап кеткен жауларыңның жиренішті қолына тапсырамын!
29
Олар сені жек көре отырып саған қарсы іс-әрекет жасайды. Жауларың сенің істеген істеріңнің жемістерін түгелдей тартып алып, өзіңді тыр жалаңаш қалдырады. Осылайша сенің масқара жезөкшелігің, жалаңаштығың және опасыздығың барша жұртқа мәлім болады.
30
Себебі сен басқа ұлттармен бірге азғындық жасап, өзіңді солардың жалған тәңірлерімен арамдадың.
31
Охолиба, сен де өз әпкеңнің жолымен жүресің. Сондықтан ол ішкен тостағанды енді сенің қолыңа ұстатамын!
қ
32
Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны кесіп айтамын: Осылайша әпкең ішкен (азапқа толы) тостағаннан сен де ішесің! Сол тостаған терең де үлкен, оның ішіне көп сыяды. Сен күлкіге қалып, масқараланасың.
33
Тостағаннан ішкеніңнен сен масайып, қайғы-қасірет шегесің. Әпкең Самария қорқыныш пен қаңырауға толы сол тостағаннан ішкен еді.
34
Сен де содан ішіп, тауысасың. Кейін оны лақтырып тастап, паршалап сындырасың. Қатты қиналғандықтан кеудеңді ұрғылайсың. Өйткені Мен осылай дедім!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны ескертеді.
35
Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сен Мені ұмытып, мүлдем елемей кеткенің үшін асқан азғындығың мен жезөкшелігіңнің зардабын тарт!»
Охола мен Охолибаның үкімделуі
36
Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, сен Охола мен Охолибаны сотқа дайындамақсың ба? Онда оларға өздерінің жасаған жексұрын күнәларын әшкерелеп айт!
л
37
Екеуі неке адалдығын бұзды, кісі өлтіріп қолдары да қан. Олар өз жалған тәңірлерімен опасыздық жасап, тіпті өздерінің Маған туып берген ұлдарын соларға «тамақ» болсын деп отқа өртеп құрбан етті!
38
Оның үстіне, Маған мынаны да істеді: сол күні олар Менің киелі орнымды арамдап, демалыс күніме қатысты ережелерімді бұзып, бұл күннің қасиеттілігін құрметтемей, оны арамдады.
39
Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген!
40
(Ей, опасыз әйелдер!) Сендер тіпті алыстан еркектерді шақыртып, олар да келді. Солар үшін суға түсіп, жуынып, көздеріңді бояп, асыл әшекейлеріңді тағып алдыңдар.
41
Керемет әдемі төсектің үстіне отырып, алдыңа дастарқан жайып, үстіне Маған тиісті хош иісті заттарым мен зәйтүн майын қойдың.
м
42
Әйелдің жанынан дырду салған алаңсыз тобырдың даусы естілетін еді. Олар шөл даладан әкелінген маскүнемдер болатын.
н
Солар осы опасыз екі әйелдің қолдарына білезік салып, бастарына әдемі тәж кигізді.
43
Сонда Мен неке адалдығын бұзып, қартайып қалжыраған сондай әйел туралы былай дедім: Еркектер бұған жезөкшедей қарасын, өйткені ол соның нағыз өзі!
44
Олар жезөкше әйелге барғандай оған да барды. Сол еркектер әдепсіз екі әйелге, Охола мен Охолибаға, барып, олармен азғындық жасады.
45
Бірақ әділ адамдар солардың екеуіне де неке адалдығын бұзған және кісі өлтіріп қан төккен әйелдерге тиісті жазаны кеседі. Себебі олар неке адалдығын бұзған әрі қолдары қанға малынған.
46
Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қалың қолды жинап алып кел, олар екеуінің зәре-құтын алып, тонасын!
47
Қалың қол екеуін таспен атқылап, семсерлерімен шауып өлтіреді, әрі ұл-қыздарын қырып, үйлерін өртеп жібереді.
48
Осылайша Мен елдегі азғындықты тыямын. Бұл, басқа әйелдерге олар сияқты жеңіл жүріске салынбауға ескерту болмақ.
49
Осылай сендер азғындықтарың мен жалған тәңірлерге табынуларыңның жазасын тартасыңдар! Сонда Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білетін боласыңдар».

а  16:23-26.

ә  Яғни «Шатыры бар».

б  Яғни «Ішінде шатыр бар».

в  Солтүстік Исраилдің астанасы Самария және Яһуданың астанасы Иерусалим сол екі елдің өздерін де білдіреді (Пат3 13:32; 16:8,20; Мыс 19:5-6; Ерм 2:2-3; 3:6-11; Пат3 12:26-33; 13:32; 16:24,28,32; Шеж2 21:10-13).

г  Немесе: жегілген аттарды айдаған күймешілер.

ғ  Немесе: әркімнің бейнесімен (23:14).

д  Яғни Ассур әскері Солтүстік Исраил елін және астанасы Самарияны басып алып, халқын жер аударып, қаланы талқандады. Сонда басқа халықтар оны табалап мазақтады (16:37-41; 23:29,47-48; Пат4 17:5-6; Ош 2:3,10; Ерм 22:8-9).

е  Пат4 16:5-18.

ж  Немесе: соғыс күймелерінде қалқан ұстайтын жасақшылардың.

з  Пат4 20:12-18.

и  23:3.

к  21:19; 23:6,12; Ерм 50:21.

қ  16:47; 23:13; Ерм 7:14-15; 25:15,28; Жыр 74:8-9; Абқ 2:16.

л  16:2; 20:4; 22:2.

м  16:18-19; Мыс 31:11; Нқл 7:16-17; Иш 57:7; 65:11; Ерм 44:17; Ош 2:8-9.

н  Немесе: Олар шөл даладан келген сәбалықтар (27:22; 38:13; Әйүп 1:15; 6:19) (я болмаса: себалықтар: Иш 43:3; 45:14; Жое 3:8) болатын.