Мысырдан шығу  6
1
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп білдірді:
— Енді сен Менің перғауынға не істейтінімді көретін боласың. Мен оған қарсы құдіретті қолымды созған соң, ол халықты босататын болады. Ол құдіретті қолымның ықпалынан оларды елінен тіпті өзі қуып шығатын болады! —
2
Құдай Мұсаға тағы мынаны да айтты: — Мен Жаратқан Иемін.
3
Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде
а
оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді
ә
білдірген жоқпын.
4
Өздері жат жұрттық болып тұрып жатқан Қанахан елін беруге олармен Келісім жасаған едім.
б
5
Енді мысырлықтар құлдықта ұстап жатқан исраилдіктердің күңіренген күрсінісі құлағыма жетіп, сол Келісімімді еске алдым.
6
Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын.
7
Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар.
8
Мен Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге қолымды көтеріп тұрып ант еткен елге
в
сендерді бастап алып барамын. Сол жерді мұралық иеліктеріңе табыстаймын. Мен Жаратқан Иемін!»
9
Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады.
10
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
11
— Барып, Мысыр патшасы перғауынға: «Еліңнен исраилдіктерді жібер!» де. —
12
Ал Мұса Жаратқан Иеге:
— Менің айтқандарыма тіпті исраилдіктер құлақ салмағанда, перғауын қайдан құлақ салсын? Сөзге шорқақпын ғой,
г
— деп жауап қайырды.
13
Алайда Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға қайтадан тіл қатып, оларды исраилдіктерге және Мысырдың патшасы перғауынға арнаған әмірлерін жеткізуге жіберді. Осылай Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға Исраил халқын Мысырдан алып шығуды тапсырды.
Һарон мен Мұсаның шыққан ата-тегі
14
Исраилдің басты руларының басшылары мыналар: Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Бұлар Рубеннің үрім-бұтағы.
15
Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Охад, Яхин, Сохар, Саул. Саул қанахандық әйелден туған еді. Бұлар Шимонның үрім-бұтағы.
16
Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.
17
Герсонның үрім-бұтағы: Лібіни, Шимей және олардан тараған ұрпақтары.
18
Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Қахат жүз отыз үш жыл жасады.
19
Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы.
20
Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді.
ғ
Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.
21
Ысқардың ұрпақтары: Қорах, Непек, Зіхри.
22
Ұзиелдің ұлдары: Мишайл, Елісапан, Сітри.
23
Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға
д
үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді.
24
Қорахтың ұрпақтары: Асир, Елқанах, Әбиясаф. Бұлар — Қорахтың үрім-бұтағы.
25
Һаронның ұлы Елазар Пұтиелдің қыздарының біреуіне үйленді. Одан Пінехес дүниеге келді. Бұлар — Леуінің тараған тармақтары бойынша берілген рубасылары.
26
Осы шежіреде аттары аталған Һарон мен Мұса — Жаратқан Иенің «Исраил халқын Мысырдан лек-легімен алып шығыңдар!» деген тапсырмасын алғандар.
27
Исраилдіктерді әлгі елден бастап алып шығу туралы бұйрықты Мысыр патшасы перғауынға жеткізгендер осы Мұса мен Һарон болатын.
Құдайдың Мұса мен Һарон арқылы перғауынға құдіретін көрсетуі
28
Жаратқан Ие Мысырда Мұсаға тіл қатқан кезде
29
оған былай деп бұйырған еді:
— Мен Жаратқан Иемін. Менің өзіңе айтқандарымның бәрін Мысыр патшасы перғауынға жеткіз! —
30
Ал Мұса Жаратқан Иеге:
— Сөзге шорқақпын ғой, перғауын айтқандарыма қайдан құлақ салсын? — деген болатын.
е



а  Жар 17:1; 35:11; 48:3.

ә  3:15; Жыр 67:5; 82:19.

б  Жар 12:7; 15:18; 17:8; 26:3; 28:4,13.

в  32:13; Жар 22:16-17; 26:3; 28:13; 35:12; Рул 14:30.

г  4:1,10; 6:30.

ғ  (2:1-2; Рул 26:59) Ымрам есімі Амрам деп те жазылады.

д  Осы есімнің Елізабет деген түрі де бар (Лұқ 1:5).

е  6:12.