Мысырдан шығу  39
Һаронның арнайы киімдері: жеңсіз сырт киім және кеуде қалта
1
Шеберлер діни қызметкерлердің киелі шатырдағы қызмет еткенде киетін киімдерін қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптерден тоқып дайындады. Олар Һаронның мына арнайы киімдерін де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етіп жасады:
2
(ефод деп аталған) жеңсіз сырт киім алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылды.
3
Бұл үшін шеберлер алтыннан балғамен соғып жұп-жұқа тегіс қабықшалар дайындап, соларды талшықтар етіп қиып, қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және зығыр жіптермен бірге кестелеп тоқу үшін иірді.
4
Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы да жасалды.
5
Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл киімнің өзі сияқты алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен Жаратқан Иенің Мұсаға тапсырғанындай кестеленіп тоқылды.
6
Екі оникс тасы әшекейлі алтын жиектемелерге қондырылып, олардың бетіне мөр жасайтын зергерлік мәнермен Исраилдің он екі руының
а
аттары ойылып жазылды.
7
Жиектемелерге қондырылған осы екі тас Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай сырт киімнің иық жапсырмаларына бекітілді. Олар Исраилдің үрім-бұтағын рақыммен ескере гөр деген өтінішті білдіретін тастар болды.
ә


8
Жеңсіз сырт киім сияқты, кеуде қалта да алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен кестеленіп тоқылды.
9
Ол ені мен көлденеңі жарты шынтақтан төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалды.
10
Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалды: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд,
11
екіншісіне лағыл, сапфир, алмас,
12
үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист,
13
ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастары алтын жиектемелерге безендіріле қондырылды.
14
Асыл тастардың саны он екі болды, Исраилдің әрбір руы үшін
б
бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөрдегідей
в
ойылып жазылды.
15
Шеберлер кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып шынжыр баулар өрді.
16
Олар алтыннан екі жиектеме мен екі шығыршық та жасап, соларды төс қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекітті.
17
Өрілген екі алтын шынжыр бауды осы алтын шығыршықтардан өткізіп,
18
қалған ұштарын иық жапсырмаларының үстіндегі оникс тастарының екі жиектемесіне бекітіп, солармен алдыңғы жақтан байланыстырды.
19
Шеберлер тағы екі алтын шығыршық жасап, оларды кеуде қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекітті.
20
Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасалды. Олар жеңсіз сырт киімнің алдыңғы жағында оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілді.
21
Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылды. Осылайша кеуде қалта орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болды. Бұл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанына сай еді.
Діни қызметкерлердің басқа киімдері
22
Жеңсіз сырт киімнің ішінен киетін сырт көйлек қою күлгін жүн жіптен тоқылды.
23
Оның жоғарғы
г
жағында бас сыятындай ойығы болды, ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама жасалды.
24-26
Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді.
27
Һарон мен ұлдарына арнап бедерлі бәтестен
ғ
ұзын көйлек тігілді.
28
Бәтестен сәлде мен өзге баскиімдер де дайындалды. Шалбар бедерлі бәтестен тігілді.
29
Жалпақ белбеу жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден кестеленіп тоқылды. Бәрі де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды.
30
Саф алтыннан кішкене тақташа жасалып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылды. Бағышталудың белгісі болған
д
31
алтын тақташа қою күлгін баумен сәлдеге алдыңғы жағынан бекітілді. Ол да Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды.
Мұсаның дайындалған заттарды тексеріп қабылдауы
32
Сонымен киелі шатырдың, яғни Жаратқан Иемен кездесу шатырының бүкіл жұмыстары аяқталды. Исраилдіктер бәрін де дәл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай жасаған еді.
33
Олар Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатыр мен оның барлық бұйымдарын Мұсаға алып келді. Әкелгендері мыналар еді: шатырдың ілмек шығыршықтары мен ілгіштері, бөренелері мен сырықтары, бағаналары мен тағандары,
34
қызыл түске боялған қошқар терілерінен жасалған төбе жапқышы мен борсық
е
терілерінен жасалған жабыны; ішкі шымылдық;
ж
35
сырықтарымен, қақпағымен Келісім сандығы;
36
барлық қажетті бұйымдарымен және үстіндегі нан тартуларымен үстел;
37
шамдарымен, қосымша құрал-саймандарымен саф алтын шам қойғыш және жағуға қажетті май;
38
хош иісті заттар түтетілетін алтын үстел, жағу рәсіміне арналған май, түтетілетін хош иісті заттар; шатырдың кіреберісіндегі шымылдық;
39
шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын қола үстел мен оның қола торы, сырықтары және барлық құрал-саймандары; тазару рәсіміне арналған қазан астындағы тұғырымен;
40
тағандарымен, бағаналарымен бірге аулаға және оның кіреберісіне арналған перделер; арқандар мен қазықтар, Тәңір Иемен кездесетін (жер бетіндегі) тұрағындағы қызмет үшін қажетті күллі бұйымдар;
41
сондай-ақ киелі орында киілетін арнайы киімдер — діни қызметкер Һаронның және оның ұлдарының қызмет атқарған кездерінде киетін киімдері.
42
Исраилдің үрім-бұтағы бұл жұмыстардың бәрін де Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай етіп орындаған еді.
43
Мұса барлығын тексеріп қарағанда исраилдіктердің оны дәл Жаратқан Иенің тапсырғанындай етіп жасағандарына көзін жеткізіп, оларға батасын берді.

а  (28:9-11) Немесе: Исраилдің ұлдарының. (Исраилдің он екі руы Исраилдің (Жақыптың) ұлдарынан тараған еді: 1:1-4; 39:14; Жар 48:15-16,22.)

ә  28:12.

б  Немесе: Исраилдің (яки: Жақыптың) әрбір ұлы үшін.

в  (28:9,21; 39:30) Яки: мөр жасайтын зергер мәнерімен.

г  Немесе: ортаңғы (28:32).

ғ  Яки: жіңішке ақ зығыр жіптен бедерленіп тоқылған асыл кенептен (28:39).

д  Яки: Қасиетті медаль сияқты болған.

е  25:5; 26:14.

ж  Яки: (Келісім сандығын) көзден тасалап тұратын шымылдық (40:3).