Мысырдан шығу  27
Шалынған құрбандықтарды өртейтін үстел
1
Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын.
2
Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын.
3
Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар,
а
(қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар.
4-5
Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт.
6
Үстелге арнап аққарағаннан қоламен қапталған сырықтар жасат.
7
Олар сол шығыршықтарға
ә
кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ.
8
Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс.
Киелі шатырдың ауласы
9-11
Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат.
12
Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, оның перделері он тағанға орнатылған он бағанаға ілініп қойылсын.
13
Ауланың кіреберісі орналасқан шығыс жағы да елу шынтақ болсын.
14-15
Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін.
16
Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат.
17-18
Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын.
19
Киелі шатырдың әр түрлі жұмыстарға қолданылатын барлық басқа құрал-жабдықтары,
б
ауланы қоршаған бағаналар және шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар да қоладан жасалсын.
Шамдарға арналған май
20
Шам қойғыштың шамдары ұдайы жанып, жарық қылулары керек. Сол үшін исраилдіктерге зәйтүн жемісінен келіде түйіп сығып алынған таза май әкелуге тапсырма бер.
21
Кездесу шатырындағы
в
Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже.

а  (38:3) Яғни өртелген құрбандықтардың күлін шығаруға арналған шелектер мен қалақтар (күрекшелер).

ә  Тордың шығыршықтары үстелдің қабырғаларының астынан оның сырт жағына шығып тұрады (27:4-5).

б  Мысалы, шатыр мен қоршауды тұрғызып не құлатуға қажет құралдар.

в  Кездесу шатыры: Құдай халықтың арнайы өкілдеріне сөзін арнап, мінажаттарына құлақ салуға уәде берген киелі шатыр (25:8,22; 28:11-12,29-30).