Естер  4
Естердің өз халқының амандығы үшін күресуге бел байлауы
1
Мардохай болған оқиға туралы толық білгенде, қатты қайғырып киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол азалы киім киіп, басына күл шашып,
а
дауыстап жылап қаланың ортасына барды.
2
Мардохай патша сарайының қақпасының алдына дейін ғана келе алды. Өйткені азалы киім киіп сарай қақпасына кіруге тыйым салынған болатын.
3
Патшаның шығарған жарлығы жеткен аймақтардың барлығындағы яһудилер де ораза ұстап, еңіреп жылаумен болды. Олардың көбі азалы киім киіп, күл үстінде отырды.
ә
4
Естерге өзінің қызметші қыздары мен сарай қызметкерлері келіп, Мардохай туралы айтып бергенде, ол да қатты алаңдап қорықты. Естер Мардохайға азалы киімін шешіп, ауыстырып киюге жай киімдер жіберді. Бірақ Мардохай оларды қабылдамады.
5
Сонда Естер Хатахты шақырып алып, Мардохайдан не болғанын сұрап біліп келуге жіберді. Хатах патшаның Естерге қызмет етуге тағайындаған сарай қызметкерлерінің бірі еді.
6
Хатах патша қақпасынан шығып, оның алдындағы ашық алаңдағы Мардохайға барды.
7
Мардохай Хатахқа өзімен болған бүкіл жайтты, әрі Хаманның яһудилерді құрту үшін патшаның қазынасына төлеймін деген күмісінің дәл мөлшерін де айтып берді.
8
Мардохай, сондай-ақ, яһудилерді құрту жайлы Сузыда шығарылған жарлықтың бір көшірмесін Хатахқа беріп, одан соны Естерге көрсетіп, түсіндіруін сұрады. Естер патшаның алдына барып, өз халқы үшін мейірім сұрауы керек деп те тапсырды.
9
Қызметкер Хатах қайта оралып, Мардохайдың айтқанының бәрін Естерге жеткізді.
10
Сонда Естер Хатахтан Мардохайға былай деген жауабын жіберді:
11
— Патшаның барлық қызметкерлері және оның аймақтарының халқы мынаны біледі: Егер кімде-кім, әйел болсын, ер адам болсын, патшаның шақыруынсыз ішкі аулаға кіріп келетін болса, оған бір-ақ заң қолданылады: сол кісі өлтіріледі! Егер патша алтын асатаяғын сол адамға қарай созса ғана, ол тірі қалады. Ал өзімнің патшаның қасына шақырылмағаныма отыз күн болды.
12
Естердің осы айтқаны Мардохайға жеткенде,
13
ол Естерге былай деп жауап қайтарды:
— Патшаның сарайында тұрып яһудилердің арасынан жеке басым аман қалармын деп ойлама!
14
Себебі егер осы уақытта үндемей қалатын болсаң, яһудилерге көмек пен құтқарылу басқа жақтан
б
келмек. Ал сенің өзің мен әкеңнің әулеті құрисыңдар. Мүмкін, патшайым болу құрметіне дәл осындай уақыт үшін де қол жеткізген шығарсың,
в
соны кім біледі?
15
Естер Мардохайға мына жауабын жолдады:
16
— Онда Сузыдағы барлық яһудилерді жинап, мен үшін ораза ұстаңыздар.
г
Үш күн, үш түн бойы ішіп-жемеңіздер. Мен де қызметші қыздарыммен бірге сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін!
17
Мардохай барып, бәрін Естердің тапсырғанындай істеді.

а  4:3,16; Жүн 3:5-6; Нех 1:4.

ә  4:1; Иш 58:5; Дан 9:3.

б  Демек, Алла Тағаланың жағынан.

в  Бұл, әрине, Құдайдың керемет ісі болды (2:9,15,17; Жар 45:5-7).

г  Яғни ораза ұстап Құдайға мінажат етіңіздер.