Уағыздаушы  7
Пенделік даналық пен құштарлық шектеулі
1
«Жақсы атақ қымбат иісмайдан артық, адамның өлген күні туған күнінен артық».
а
2
«Жиын-тойға барғаннан азалы үйге
ә
барған артық. Өйткені өлім — барша адам баласын күтіп тұрған жайт. Тірілер мұны естерінде сақтап, соған лайықты өмір сүрсін!»
3
«Қайғыру күлуден артық: жүзі мұңайғанның жан дүниесі жақсара түсер».
б
4
«Дана жан азалы үйді ойлар, ақымақ шат-думанға салынар».
5
«Ақымақтардың мақтау өлеңдерінен гөрі дананың сөгісін тыңдаған артық».
в
6
Өйткені ақымақтың қарқылдаған күлкісі қазан астында сытырлап жанған бұтақшалардай.
г
Бұл да бекершілік.
7
«Басқаға жәбір көрсетсе, дана адам ақымаққа айналар».
«Пара жүректі бүлдірер».
ғ
8
«Істің соңы бастамасынан жақсы, сабырлы жан асқақтан жақсы».
9
«Ашуға булығуға асықпа, ашу-ыза ақымақтың көкірегіне орнығар».
10
«Неліктен өткен заман қазіргіден артық?» деп шағымданба! Өйткені осындай сауал қойғаның даналық емес.
11
«Даналық мұрадай игілікті, жарық дүниеде жүрген жанға сондай пайдалы.
12
Себебі ақшасы адамды қорғайтынындай, даналық та оны қорғар. Ал даналықтың бір артықшылығы: ол иесінің өмірін сақтап қалар».
д
13
Құдайдың ісіне назар аударшы: Ол бір нәрсені қисық қылып қойса, оны түзету кімнің қолынан келер?
е
14
Аманшылық болған күндері соның қызығын көріп қуан! Ал қасіретке душар болғанда мынаны есіңе ал: сол екі жайтты да Құдай тағайындаған. Сондықтан адам кейін не болатынын алдын ала біле алмайды.
ж
Өмірдің жұмбақтары және дана ақыл-кеңес
15
Мен бекершілікке толы өткен өмірімде мына жайттардың екеуін де көргенмін: кейде әділ адам жазықсыз бола тұра, ерте құрып кетеді, ал зұлымның әділетсіз өмірі ұзара түседі.
з
16
Сондықтан асыра қатаң болма,
и
асыра дана да болғансыма! Өзіңді-өзің құртып нең бар?
к
17
Зұлымдыққа да салынба, ақымақ та болма! Уақытың жетпей өліп нең бар?
18
Алғашқы ескертуді ұстанып, екіншісінен мақұрым қалмағаның абзал. Өйткені Құдайды терең қастерлейтін адам бұл ескертулердің барлығын басшылыққа алады.
қ
19
«Өз даналығы данышпанды қаланың он басшысынан да күшті етер» делінген.
20
Шындығында жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешбір күнә жасамайтын әділ адам жоқ.
л
21
Сондықтан жұрттың айтатын сөздерінің бәріне бірдей көңіл бөле берме! Әйтпесе өз қызметшіңнің сені жамандағанын да естіп жүрерсің.
22
Ал өзіңнің де басқаларды көп рет жамандағаның есіңде ғой!
23
Мен осының бәрін даналықпен сынап: «Мұны ұғынып дана боламын!» деп шешкен едім. Әйтсе де соған қол жеткізе алмадым.
24
Болмыстың шындығы
м
тым алыс және өте терең екен! Кім оған жете алар?
25
Мен даналықты және болмыстың себептерін біліп, зерттеп, терең ұғынуға шын жүректен бет бұрған едім. Зұлымдықтың нағыз ақылсыздық әрі топастықтың қандай ақымақтық екенін де жете білгім келді.
н
26
Сонымен қатар мен опасыз әйелдің өлімнен де ащы қасірет туғызатынын ұқтым.
о
Оның жүрегі тұзақ пен тор, қолдары кісен іспетті. Құдайға ұнамды адам сондай әйелден сақ жүреді. Ал күнәкарлар оның торына түседі.
27
Біліп қойыңдар, — дейді Даналықты уағыздаушы, — мен әр түрлі нәрселерді басымнан өткізіп, түрлі жайттарды пайымдауға тырыстым.
28
Мен мына пікірді жан сала зерттесем де, (дұрыстығына) көз жеткізе алмадым: «Мыңның арасынан бір ғана жібі түзу ер адамды таптым, ал бірде-бір әйелді тапқан жоқпын» делінген.
ө
29
Мен тек мынаған ғана көз жеткіздім: Құдай адам баласын әділ етіп жаратты, бірақ адамдар көптеген зұлым ой-ниеттеріне салынды.
п

а  4:2; 7:8; Нқл 22:1.

ә  (7:4) Яки: жоқтау айтып жылап жатқан үйге.

б  Жыр 118:67,71; 125:5-6; Ерм 50:4-5; Зәк 12:10-14; Дан 9:3; 10:2-3,19.

в  Амо 6:5-7; Пат2 12:1-12; Нқл 13:18; 15:32.

г  (2:2; Жыр 57:10; 117:12) Яғни екеуі де лезде ғайып болмақ.

ғ  Леу 19:13; Нқл 28:20.

д  Яки: ол өз иесін шынайы өмірге жеткізер (7:19; 9:18; Нқл 3:18; 8:35).

е  1:15; 8:17; Иш 43:13; 46:10-11.

ж  Немесе: Сондықтан адам Оған қарсы еш нәрсе айта алмайды (12:13; Әйүп 1:20-22; 2:10).

з  Жыр 72:3-5.

и  Яки: асыра әділетті (яғни діндар) болма (7:20-22; Нқл 25:16, Мат 6:1-7).

к  Немесе: Әйтпесе аңтарыла көңілің әбден қалар.

қ  Немесе: Құдайдан қорқатын адам (зұлымдық) атаулыдан аулақ жүреді.

л  Пат3 7:46; Жыр 142:2.

м  Немесе: Даналық.

н  1:17.

о  Нқл 2:16-19; 5:3-6; 6:32-35; 7:7-27.

ө  Адам ата күнә жасаған соң әйелін кінәлады (Жар 3:12). Сүлеймен патша көптеген бөтен елдік әйел алып, солардың ықпалымен Құдайдың түзу жолынан тайып кеткенде онысына өзі кінәлі болатын (Пат3 11:1-4; Нқл 31:10-31).

п  Жар 1:27,31; 3:6-13; 4:19-24; 6:5,11; 11:4; Ерм 4:22; Езк 22:6-13.