Уағыздаушы  3
Өз уақыты бар әр нәрсенің
1
Өз уақыты бар әр нәрсенің,
Осы дүниеде
а
істелінетін
Әр істің мезгілі бар өзінің.
2
Өз уақыттары бар туудың әрі қайтыс болудың,
Тұқым себудің әрі тамырымен жұлудың.
ә
3
Өз мезгілдері бар өлтірудің әрі сауықтырудың,
Бұзудың әрі қайта тұрғызудың.
4
Өз кезеңдері бар қайғырып жылаудың әрі күлудің,
Жоқтау айтудың әрі би билеудің.
5
Өз мезгілдері бар тас лақтырудың әрі оларды жинаудың,
б
Құшақтасудың әрі содан жалтарудың.
6
Өз кездері бар іздеп жүрудің әрі жоғалтудың,
Сақтаудың әрі лақтырып тастаудың.
7
Өз уақыттары бар жыртудың әрі тігіп жөндеудің,
Үндемеудің әрі сөйлеудің.
8
Өз кездері бар сүюдің әрі жек көрудің,
Соғысудың әрі татуласудың.
Құдай адамға тапсырған міндет, мәңгілікті сезетін түйсік және шат көңіл
9
Еңбек еткеннің өз бейнетінен көретін не пайдасы бар?
10
Құдайдың адам баласына жүктеген міндеттеріне
в
де назар аудардым.
11
Құдай әр нәрсені
г
өз уақытына сай көрікті етіп жаратты. Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты. Әйтсе де адамдар Құдайдың әуел бастан аяғына дейін не істегендерін түсіне алмайды.
ғ
12
Адам үшін шаттану мен жақсылық жасаудан артық ештеңенің жоқ екенін ұқтым.
13
Осылай әрбір адам ішіп-жеп, еткен еңбегінен қанағат тапсын. Бұл да Құдайдың берген сыйы.
д
14
Құдай не істесе, соның мәңгі болатынын, одан ештеңе алынып, оған ештеңе қосылмайтынын да ұқтым. Құдай бұны Өзін адамдар терең қастерлеу үшін солай етті.
15
Болып жатқан және болашақта болатын жайттар бұрын да болып кеткен. Ал Құдай өтіп кеткен солардың қайталануын қадағалайды.
е
Соттау және болашақ Құдайдың қолында
16
Мен, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде тағы мынаны да байқадым: Әділдік іске асуға тиіс орында — зұлымдық, әрі әділет орындалуға тиіс жерде сұмдық жүреді екен!
17
Сонда мен іштей: «Құдай әділді де, зұлымды да сотында тексеретін болады. Өйткені сол жайттардағы әрбір ой-ниеттің және әрбір істің сыналып тексерілетін уақыты бар», — дедім.
18
Мен тағы адам баласы туралы былай деп те ойладым: «Құдай оның тәндік жағынан хайуан секілді екенін көрсету үшін оны сынақтан өткізеді.
19
Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші.
20
Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады.
ж
21
Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?»
з
22
Сонымен еткен еңбегінен
и
қанағат табу адам үшін ең жақсы нәрсе екеніне көзім жетті. Бұл оның үлесіне тиген. Өйткені кейінірек болатын жайттарды оған кім көрсете алады?

а  Яки: Аспан астында (1:3,13).

ә  Яғни өмірдегі құбылмалы жайттарға пенденің билігі жүрмейді (Пат1 2:5; Әйүп 14:5; Ерм 1:10; 18:7-10).

б  Мыс 21:28-29; Леу 20:27; Еш 4:3-9; 10:27; Пат2 18:17-18; Пат4 3:25; Иш 62:10.

в  1:13; 2:22-23.

г  Яки: күллі әлемді (3:1; Жар 1:31).

ғ  7:24; 8:16-17; Әйүп 11:7-9; 28:20-21,23-24,28.

д  2:24-25.

е  (1:9-10) Немесе: солар туралы есеп берілуін талап етеді (3:16; 11:9).

ж  12:7; Жар 2:7; 3:19; Жыр 102:14.

з  12:7; Жыр 15:9-11; 48:16; 72:23-26; Иш 26:19; Дан 12:2-3.

и  (3:13-14) Яки: істеген жұмысының нәтижелерінен.