Уағыздаушы  1
Кіріспе
1
Мұнда Иерусалимде патша әрі даналықты уағыздаушы
а
болған Дәуіт ұлының сөздері
ә
берілген.
Өткінші дүниедегі құдайсыз іс-әрекеттің бекершілігі
2
«Құр бекершілік! — деп үйрететін Даналықты уағыздаушы. — (Жеке өздігінен өмірдің) бәрі де құр бекер әрі мағынасыз!
б
3
Пенденің осы өткінші дүниеде
в
еткен бүкіл бейнетті еңбегінен көрер пайдасы қандай?
4
Ұрпақтар бірінен соң бірі келіп-кетіп жатады, ал жер сол тұрған күйі тұра береді.
5
Күн шығады да батады, содан кейін ол шығатын жеріне қайтуға асығады.
г
6
Жел оңтүстікке қарай соғып, содан кері айналып, солтүстікке қарай соғады. Ол шыр айналып, бастапқы ізімен қайтып келе береді.
7
Бар өзендер теңізге құяды, бірақ теңіз содан толып кетпейді. Су өзендердің шыққан көздеріне қайта оралып, теңізге қарай аға береді.
8
Өмірде болатын жайттар адамды сөзбен айтып жеткізе алмастай қажытады. «Көз көруден, құлақ естуден қанағат таппас».
9
Бұрын болған нәрсе кейін де болады, істелген іс тағы да істелінеді. Осы өткінші дүниеде түбегейлі жаңа еш нәрсе жоқ.
10
Жұрт бір нәрсе туралы: «Анаған қара, мұндай бұрын-соңды болып көрмеген еді ғой!» — десе де, шынында ол — бізден бұрынғы дәуірлерде болып кеткен жайт.
11
Ежелде өтіп кеткендер ескерілмес, болашақтағыларды солардан кейін дүниеге келетіндер де естерінде ұстамас».
Пенделік ақыл-парасаттың бекершілігі
12
Даналықты уағыздаушы, мен, Иерусалим қаласында Исраилге патшалық құрдым.
13
Мен өзімді шын жүректен осы дүниеде
ғ
болып жатқан нәрселерді зерттеп ұғынып, ақыл-парасатпен сынап ашуға
д
арнадым. Құдайдың адам баласына артқан жүгі қандай ауыр!
е
14
Осы өткінші дүниеде істеліп жатқан істердің бәріне назар аудардым: олардың барлығы да жел соңынан қуғандай бекершілік екен!
ж
15
«Бұрмаланғанды
з
түзетуге болмайды, жоқ болып кеткенді бар деп те есептеуге болмайды».
16
Мен іштей: «Өзімнен бұрын Иерусалимге билік жүргізгендерге қарағанда мен ұлырақ болып, даналықты молайттым. Ақыл-парасат пен білімді молынан үйреніп алдым», — деп ойлайтынмын.
17
Сондықтан мен даналық пен білім әрі топастық пен ақымақтық
и
туралы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға көңіл бөлдім. Бірақ бұның да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін ұғындым.
18
Өйткені «адам көбірек түсінген сайын түңіле түседі, көбірек білген сайын күйіне түседі».

а  Яки: (дана нақылдарды) жинақтаушы; немесе: жиналыстар өткізетін (ұстаз). Көне грекше: екклесиастес.

ә  Немесе: Дәуіттің ұрпағының сөздері (1:12; 7:27; 12:8-10).

б  Яки: (алған деміміз сияқты) өткінші, мән-мағынасыз бос күйбең (1:14; 2:1; Әйүп 7:16; 21:34; 27:12; 35:16; Жыр 38:6,7,12; 61:10; 93:11; Нқл 21:6; Ерм 10:15).

в  Немесе: күн астында. Яки: көзге көрінетін өткінші әрі күнәкар дүниеде (1:9,14, т.б. аяттар). (Құдай сыйлайтын даналық пен түсінік туралы кейінірек сөз болады: 3:13-14.)

г  Жыр 18:5-7.

ғ  Яки: аспан астында (1:3).

д  Яки: оларды зердемен пайымдауға.

е  Жар 3:16-19.

ж  (2:11,17; 4:4; 5:15; 6:9) Немесе: барлығы да адамның рухын қажытатын бекершілік екен!

з  Яки: Теріс бағытқа түскенді (Жар 3:17-19).

и  (2:12; 7:25; 10:13) Яки: әрі есуастық пен ақымақтық.