Заңды қайталау  5
Құдай тапсырған Он өсиет
1
Содан Мұса бүкіл Исраил халқын жинап алып, былай деді:
— Уа, Исраил халқы, мен бүгін өздеріңе жеткізетін ережелер мен шешімдерге құлақ асыңдар! Оларды сақтап, орындау үшін үйреніңдер!
2
Құдай Иеміз бізбен Хориб тауында Келісім жасаған еді.
а
3
Осы Келісімді Жаратқан Ие ежелгі ата-бабаларымызбен емес, біздің өзімізбен, яғни қазір осы жерде тірі тұрған біздің бәрімізбен
ә
жасады.
4
Жаратқан Ие таудағы оттың ішінен сендермен бетпе-бет тілдесті.
5
Мен сол кезде Жаратқан Ие мен сендердің екі араларыңда тұрып Оның сөздерін сендерге жеткізетінмін. Өйткені сендер оттан қорқып, тау басына көтерілмей қойған едіңдер. Сонда Жаратқан Ие былай деген еді:


6
«Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.
б


7
Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!


8
Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
9
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін.
в
Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,
10
ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына
г
дейін рақымымды төгемін.


11
Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!
Өз атын орынсыз
ғ
қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды.


12
Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін
д
Оған бағыштауды сақтайтын бол!
13
Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,
14
ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын.
15
Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды.


16
Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!
Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде
д
игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.


17
Кісі өлтірме!


18
Неке адалдығын бұзба!


19
Ұрлық жасама!


20
Ешкімді бекерге айыптама!
ж


21
Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне,
з
өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»
Мұса пайғамбардың арашалығы
22
Осы сөздерді Жаратқан Ие оттың және бұлт пен қою қараңғылықтың ішінен таудың етегінде жиналып тұрған сендерге зор дауыспен айтып берді.
е
Оларға басқа еш нәрсе қосқан жоқ. Сол өсиеттерін Ол екі тас тақташаға жазып, маған тапсырды.
23
Тау от болып жанып жатқан кезде сендер қараңғылық ішінен дауысты естігенде, барлық рубасыларың мен ақсақалдарың маған жақындап келіп,
24
былай деді: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге Өзінің нұрлы салтанаты мен ұлылығын көрсетті, от ішінен Оның даусын естідік. Бүгін біз Құдай адаммен тілдескенде адамның тірі қала алатынын да көрдік.
25
Ал енді, біз неге өлуге тиіспіз? Мына жалындаған от бізді жалмағалы тұр. Егер Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай ести берсек, онда құрып кетерміз.
26
Мәңгі тірі Құдайдың дауысын от ішінен біз естігендей естіп, тірі қалған пенде бар ма?
27
Сіз өзіңіз Құдай Иемізге жақындап барып, Оның айтқандарын тыңдаңызшы. Содан кейін Құдайымыз Жаратқан Иенің өзіңізге білдіргендерінің бәрін бізге жеткізіңіз. Соларды тыңдап, орындайтын боламыз».
ж
28
Сендердің осы сөздерің Жаратқан Иенің құлағына жетіп, Ол маған былай деді: «Мына халықтың саған айтқан сөздерін естідім. Соларының бәрі дұрыс.
29
Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады.
з
30
Енді оларға барып, қостарына қайтсын де.
31
Ал өзің осы жерде Менің қасымда қал. Мен саған айтып беретін барлық өсиеттерім, ережелерім және шешімдерімді сен халыққа үйрет. Мен өздеріңе мұралық меншікке бергелі тұрған елде олар бұларды орындайтын болсын».
32
(Содан Мұса халыққа былай деді:)
— Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерге бұйырғанды толығымен орындауға қырағы болып, одан оңға да, солға да бұрылмаңдар!
33
Құдай Иеміз өздеріңе нұсқаған жолмен жүріңдер! Сонда сендер тірі қалып, иемденгелі тұрған елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласыңдар.

а  4:23; Мыс 19:5-8; 24:8.

ә  Мұса пайғамбар сол кездегі жас ұрпақты Хориб тауында болған олардың әке-шешелері және ата-әжелерімен бірге біртұтас халық деп есептеді (1:9; 2:14).

б  Мыс 20:2.

в  Яки: сенің Құдайың Жаратқан Иемін, қызғаншақ (яғни Маған адал болуыңды талап ететін) Құдаймын. (4:24; Мыс 20:5; 34:14).

г  Яки: мыңыншы буынына.

ғ  Мысалы, жалған ант беру не сиқырлық жасау арқылы. Немесе: бекерге.

д  Яки: сенбі күнін.

е  Яки: жерде.

ж  (19:16-21; Мыс 20:16; 23:1; Нқл 19:5) Яки: Маңайыңдағы адамға қарсы жалған куәлік берме! Немесе: Өтірік айтпа!

з  Яки: қызметшілеріне (5:14).

и  5:4; Мыс 19:16-19.

к  Мыс 20:19.

қ  4:40; 5:16; 6:3,18,33.