Заңды қайталау  34
Мұса пайғамбардың дүние салуы
1
Мұнан кейін Мұса Моабтың елсіз алқаптарынан
а
Иерихонның қарсысындағы Небо тауына, Писганың
ә
басына шықты. Сол жерде Жаратқан Ие оған бүкіл елді: Ғилақадтан сонау Данға дейінгі аралықты,
2
Нафталим руының қоныстанар жерінің бәрін, Ефрем мен Манасаның аймақтарын, Яһуданың барлық жерін батыстағы Жерорта теңізіне дейін,
3
оңтүстіктегі Негев даласын әрі құрма ағаштары
б
өсетін Иерихон қаласы орналасқан алқаптан Соғар қаласына дейінгі бүкіл өңірді көрсетті.
4
Сонда Жаратқан Ие оған былай деді: «Мынау — Мен ұрпақтарыңа сыйлаймын деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен уәде еткен ел. Оны көзіңмен көруге саған мүмкіндік бердім, ал өзің сол жаққа өтіп, елге кірмейсің».
5
Бұдан соң Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес Оның қызметшісі Мұса сол жерде дүние салды.
6
Оның мәйіті Моаб елінде, Бет-Пеғорға қарсы жатқан алқапта қабірге қойылды. Күні бүгінге дейін Мұсаның қабірінің қайда екенін ешбір адам білмейді.
7
Мұса қайтыс болғанда жүз жиырма жаста еді. Ол көзінің нұры таймаған, тың да қайратты кісі болатын.
8
Исраилдіктер Моабтың елсіз алқаптарында Мұсаны аза тұту уақыты біткенше, отыз күн бойы қатты қайғыра жылап жоқтады.


9
Ал Нұн ұлы Ешуа Құдайдың даналық пен дарындар сыйлайтын Рухына
в
кенелген еді. Себебі Мұса оның үстіне қолын қойып батасын берген болатын.
г
Сондықтан исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, Ешуаның айтқанын тыңдайтын болды.


10
Бұдан былай Исраилде Мұса сияқты ұлы пайғамбар болған емес. Жаратқан Ие Мұса пайғамбармен ғана бетпе-бет қарым-қатынас жасайтын.
ғ
11
Ол Мұсаны Мысыр еліне жібергенде оған перғауынды, оның барлық нөкерлері мен елін жазалау үшін әр түрлі кереметтер мен ғажайып істерді орындатты.
12
Осылайша Мұса бүкіл Исраил халқының көз алдында Жаратқан Иенің зор құдіретін көрсетіп, үрейлі іс-әрекеттерді жасады.

а  Рул 22:1.

ә  3:17; 32:49; Рул 21:20; 23:14; 33:47.

б  (Бил 1:16; 3:13) Яки: пальма ағаштары.

в  (Мыс 22:3; Иш 11:1) Яки: даналық рухына.

г  Рул 27:18-23.

ғ  (Мыс 33:9,11) Яки: оны бетпе-бет білетін.