Заңды қайталау  33
Пайғамбардың Исраил руларына берген батасы
1
Құдайдың таңдаған адамы
а
Мұса қайтыс боларының алдында исраилдіктерге батасын беріп
2
былай деді:


«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,
ә
Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,
б
Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.
в
Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандармен
Келді оңтүстіктен, тау етектерінен.
г
3
Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің,
Өзіңе бағышталған қасиеттілердің
Барлығы да қолыңда Өзіңнің,
Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады,
Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады.
4
Мұса бізге тапсырды Таурат заңын,
Мұрасы болды ол Жақып қауымының.
5
Бас қосқанда халықтың басшылары,
Олармен бірге Исраилдің рулары,
Жаратқан Ие болды Ешүруннің
ғ
Патшасы.


6
(Пайғамбар Рубен руына мынадай бата берді:)


«Рубен руы өмір сүрсін, құрымасын,
Лайым адамдарының саны азаймасын!»


7
Ал Яһуда руына арнап ол былай деді:
д


«Уа, Жаратқан, Яһуданың даусын ести гөр,
Оны халық қылып жинап әкеле гөр!
Оның мүддесін қорғасын өз қолдары,
Демей көрші оны жауларына қарсы!»


8
Леуі руына Мұса мынадай бата берді:


«Кемелділік пен Нұр»
е
атты жебелерің
Өзіңе адал бұл жандарда бола берсін!
Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,
Мерібада жартастан шыққан сулардың
Қасында олармен күрескен едің.
ж
9
Қорғау үшін сөздерің мен Келісіміңді
Әке-шешелерінің тілегін елемеді,
Олар ағайындыларын да танымады,
Тіпті өз балаларын да мойындамады.
10
Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,
Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,
Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,
Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді.
11
Уа, Ием, Леуінің күшін жарылқай көрші,
Істеген істеріне риза бола көрші,
Леуіге қарсы шыққанды күйрете гөр,
Жек көрген жауларын тұрмастай жыға гөр!»


12
Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді:


«Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген
Ру Оның қасында тұрсын аман-есен,
Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын,
Таулардың беткейлерінде қоныстансын».
з


13
Жүсіпке
и
Мұса мынадай бата берді:


«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,
Аспанның баға жетпес шығын
к
түсіре берсін,
Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін.
14
Күн көзінде пісетұғын үздік жемістерін,
Ай сайын жиналатын керемет өнімдерін
Жаратқан Ие ағыл-тегіл сыйлай берсін,
15
Ежелгі таулардың таңдаулы өнімдерін,
Мәңгі қырлардың да тамаша егіндерін!
16
Жанып жатқан бұтаның арасынан
Өзін аян еткен Иеміз Жаратқан
қ
Жүсіпке мейірім көрсетіп, жердің
Және оны толтырып тұрған жан иелерінің
Ең тамаша өнімдерін сыйлай көрсін.
Бұл игіліктер төбесіне Жүсіптің —
Бауырларының ішінен таңдаулының
Басына әрдайым қона берсін!
17
Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,
Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,
л
Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,
Тіпті жердің түкпіріндегі халықтарды
Мүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.
Ефрем руының он мыңдаған адамдары
Осындай әрі Манасаның мыңдағандары».
м


18
Забулон (мен Исашар) жайлы Мұса пайғамбар былай деді:


«Ей, Забулон, жолға шыққанда шаттаныңдар,
Ал, Исашар, шатырларыңда қуаныңдар!
н
19
Теңіз оларды дәулетті қылады,
Құмнан да олар байлық тауып алады,
Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,
о
Оған адал құрбандық шалып ұсынады».
ө


20
Ғад руына ол мынадай бата берді:


«Ғадтың жерін кеңейткен Ием қастерленсін!
Ғад арыстандай тынығады, ал кейін
Жемтігіне бас салып, паршалайды денесін.
21
Ғад өзіне ең жақсы жерді таңдап алған,
п
Сонда басшының үлесі сақталған,
Халықтың игі-жақсылары бас қосқан.
Ғад Жаратқанның әділ еркін іске асырған,
Исраил жайлы шешімдерін орындаған».
р


22
Дан руына пайғамбар мына батаны берді:


«Дан руы бір жас арыстандай болады,
Сол Башан аймағынан секіріп шығады».
с


23
Нафталим руына арнап Мұса былай деді:


«Ей, Нафталим, Жаратқанның рақымы мен
Ағыл-тегіл жарылқауына бөленген сен
Ғалилея көлі
т
мен оңтүстігін иемден!»


24
Ашир руына ол мына батаны берді:


«Ұлдардың ішінде Ашир мол жарылқанған,
Ағайындары оны ұнатсын әрқашан,
Зәйтүн майы мол ақсын әрдайым,
у
Аяғын соған мала алсын ол лайым!
25
Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың,
Берік тұрсын бекінген қалаларың,
Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»


26
«Уа, Ешүрун,
ұ
ешкім ұқсамас Құдайыңа,
Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,
Бұлттар үстімен жүреді аспанда.
27
Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,
Аясында боласың мәңгілік қолының,
ү
Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,
Оны жойып құртуға бұйырады,
28
Сонда Исраил аман-есен тұрады,
Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,
Лайым аспаннан шық түсетін болсын,
ф
Елдің наны мен шырыны молайсын!


29
Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,
Жаратқан Ие құтқарған аман-есен
Өзіңдей басқа халық бар ма екен?
Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,
х
Семсердей саған үстемдік сыйлайды.
Алдыңда құлдық ұрады жауларың,
Биік жерлеріне аяғыңды басасың».
ц

а  Яғни Құдайдың пайғамбары әрі қызметшісі (Пат1 2:27; 9:6-8; Шеж2 8:14).

ә  5:22; Мыс 19:18-20; Жыр 67:8-9.

б  Бил 5:4-5.

в  Рул 10:12; Абқ 3:3-4.

г  Немесе: Сан мыңдаған қасиетті періштелерімен келді, оң қолында Таурат заңының жалынды отымен (5:22).

ғ  Яки: әділ (Исраил) халқының (32:15; 33:26).

д  Яки: Ал Яһуда руы жайлы ол мына пайғамбарлық сөзді айтты.

е  Немесе: «Адал және Ақиқат» (Мыс 28:30; Леу 8:8).

ж  6:16; 32:51.

з  Немесе: Оның арқасында жатып тынығып алсын.

и  Яғни Жүсіптен тараған Ефрем мен Манаса руларына (33:17; Жар 48:5,15-16).

к  32:2; Жар 27:28; Ош 14:6.

қ  Мыс 3:2-6.

л  Рул 23:22; 24:8.

м  Жар 48:19; Рул 26:34,37.

н  Кейін Забулон руының Ғалилея көлінен Жерорта теңізіне баратын сауда жолында қоныстанып, кемемен алысқа баруға мүмкіндіктері болса, Исашар отырықшы ру болды (Жар 49:13-15; Иш 9:1).

о  Иш 2:3; Мих 4:2.

ө  Жыр 4:5; 106:21-22.

п  Иорданның шығыс жағындағы қыратты жер мал бағуға ыңғайлы (3:12,16-20; Рул 32:1-5).

р  Рул 32:21; Еш 4:12-13.

с  Еш 19:47.

т  Яғни Кінерет көлі (3:17; Рул 34:11; Еш 13:27; 19:35).

у  Жар 49:20; Әйүп 29:6.

ұ  Яғни әділ халық: 33:5.

ү  Жыр 17:3-4; 26:5; 90:1-4.

ф  33:13; Жар 27:28.

х  Жар 15:1; Жыр 83:12; 90:4; 113:17.

ц  Демек, жаудың биік қорғандарын (Иш 58:14; Мих 1:3) және жалған тәңірлерге табынатын биік орындарын (12:2) аяғыңмен таптап, талқандайсың.