Даниял  9
Даниялдың өз халқы үшін мінажат етуі
1
Ахасуердің ұлы мидиялық Дарийдің Бабыл еліне
а
патшалық құруының бірінші жылы болатын.
ә
2
Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды
б
оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым.
в
3
Содан мен Құдай Иеге ерекше бет бұрып сиынып мінажат еттім. Қатты қайғырып ораза ұстадым, азалы киім киіп, басыма күл сеуіп Оның рақым етуін
г
сұрап жалбарындым.
4
Құдайым Жаратқан Иеге сиынып тұрып былай деп күнәларымызды мойындадым:
«Уа, Тәңір Ием, ұлы да айбынды Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, тапсырған өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңдегі уәделеріңді адалдықпен орындап, мызғымас мейіріміңді көрсетесің!
5
Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық.
6
Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік.
7
Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз.
8
О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық.
9
О, Құдай Иеміз, Сен мейірімді де кешірімдісің, ал біз Саған қарсы шығып,
10
мойынсұнбадық. Құдайымыз Жаратқан Ие, Өзіңнің қызметшілерің — жіберген пайғамбарларың арқылы берген тәліміңнің тура жолымен жүрген де жоқпыз.
11
Осылайша біз, бүкіл Исраил халқы, Сенің Таураттағы заңдарыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт айналып кеттік.
Сондықтан да күнә жасап келген біздің басымызға Құдайдың қызметшісі Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғысқа және антпен бекітілген жазаға ұшырадық.
ғ
12
Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес.
13
Мұса Тауратта алдын ала жазып қалдырғандай,
д
сол ауыр апат түгелдей басымызға түсті. Солай болса да, біз күнәларымыздан бас тартып, Құдайымыз Жаратқан Иенің шынайы ілімін
е
ұғынуға көңіл бөлген жоқпыз, әрі Оның рақым көрсетуін сұрап жалбарынбадық.
ж
14
Осылайша Жаратқан Ие Өзі алдын ала білдірген осы қасіреттерді бізге жіберді, себебі Оның айтқандарына құлақ асқан жоқпыз. Ал Құдайымыз Жаратқан Ие Өзінің бүкіл іс-әрекетінде әділ.
15
Уа, Құдай Иеміз, Сен ежелде халқыңды құдіретті қолыңмен Мысырдан құтқарып алып шықтың.
з
Соған бола Сенің даңқың күні бүгінге дейін жер бетіне жайылып келеді. Алайда біз күнә жасап, жамандыққа салынып келеміз.
16
Уа, Жасаған Ие, Өзіңнің адалдығың мен мейіріміңе бола таңдаған қалаң Иерусалимге және Өзіңе бағыштаған Сион тауыңа
и
деген қаһарлы ашуыңнан қайта гөр! Біздің күнәларымыз әрі ата-бабаларымыздың әділетсіз істері Иерусалимді және Өзіңнің халқыңды айналамыздағы барлық халықтардың мазағына айналдырды.
17
Ал енді, уа, Құдайымыз, мендей қызметшіңнің
к
мінажаттары мен өтініштеріне құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, қаңырап бос тұрған киелі үйіңе өз даңқың үшін қайтадан оң көзіңмен қарай гөр!
18
Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз.
19
Уа, Жасаған Ие, құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, кешіре гөр! Уа, Ием, үнімізді естіп, өтінішімізге жауап бере гөр! Өз даңқың үшін, уа, Құдайым, оны ұзаққа соза көрме! Өйткені Өзіңнің қалаң да, халқың да Сенің атыңмен аталған».
Жәбірейілдің жетпіс рет «жеті кезең» туралы жеткізген хабары
20
Мен осылай деп мінажат етіп, Құдайым Жаратқан Иенің алдында өз күнәм мен халқым Исраилдің күнәсін мойындап, Құдайыма бағышталған қасиетті Сион тауы үшін жалбарынып тұрдым.
21
Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы көріністе адам кейпінде көрген Жәбірейіл періште лезде ұшып келді.
қ
Бұл кешкі құрбандық ұсынылатын уақыттың шамасы
л
еді.
22
Жәбірейіл маған былай деп тәлім берді:
— Ей, Даниял, бұл жолы мен саған түсінік пен білім беру үшін келдім.
23
Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың.
м
Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал:
24
Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін
н
сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген.
о
25
Сондықтан мынаны ұғып, біліп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеуші
ө
келетін уақытқа дейін жеті рет «жеті кезең» және алпыс екі рет «жеті кезең» өтеді. Қала өзінің алаңы, айналасындағы қамалымен бірге қайтадан салынады, бірақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады.
26
Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі,
п
Оның қолында түк жоқ болып қалады.
р
Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады.
27
Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені
с
орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады.

а  Немесе: халдейлердің еліне (1:4). (Дарий: 5:31. Ахасуер (грекше: Ксеркс) парсы және мидиялық патшалардың атағы болған шығар: Езр 4:6; Ест 1:1.)

ә  Б.з.д. 539 ж. (Кирдің Бабыл еліне патшалық құруының бірінші жылы: 1:21; 5:30-31; Шеж2 36:22.)

б  Яғни Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларының сол кезге дейін жазылғандарын (Жыр 118:24,99-100).

в  Ерм 25:11; 29:10; Шеж2 36:20-21.

г  Немесе: сол кезеңнің қашан бітетінін.

ғ  Заң 11:26; 13:15; 28:15; Шеж2 36:15-16.

д  Заң 28:15-69.

е  Немесе: Құдай Иеміздің сенімділігін (яки: шындығын).

ж  Әйтпесе Жаратқан Ие оларды кешіріп, құтқарар еді (Шеж2 6:36-39).

з  Мыс 13:3.

и  Яки: Өзіңнің қасиетті тауың Сионға (Жыр 2:6; Иш 8:18; 60:14).

к  Немесе: осы пендеңнің (яғни Даниял пайғамбардың өзінің).

қ  (8:17) Немесе: Жәбірейіл періште қатты шаршап-шалдыққан менің қасыма келді.

л  Яғни күн батар кезде. (Яһуда халқы Бабылға жер аударылмас бұрын осы рәсім Иерусалимдегі ғибадатхана алдында ұдайы орындалатын: Мыс 29:39; Шеж2 7:12.)

м  (10:11,19) Яки: себебі сен айрықша қымбатсың.

н  Немесе: аяндар мен пайғамбарлық сөздерді (мөрлеп) бекітіп, ең киелі Кісіге (Құдай жіберген Құтқарушы Мәсіхке) май жағу рәсімін орындап, қызметіне тағайындап кірістіру үшін.

о  Осы аяндағы «жеті кезеңнің» мағынасы астарлы. Оның жеті жылды немесе тұтас бір дәуірді білдіруі ықтимал. Түсіндірмедегі «Сандардың астарлы мағынасын» қараңыз.

ө  Немесе: Құдай тағайындаған Патша (Мәсіх: 9:26-да солай).

п  Яки: Билеуші (Жаңа Келісімді бекіту үшін) құрбан етіледі. (Ежелде келісім жасағанда ол құрбандық шалумен бекітілетін: Жар 15:9-10,18; Мыс 24:5-8.)

р  Немесе: Билеуші құрбан етіледі, алайда Оның ешбір күнәсі болған емес (Иш 53:8-9).

с  Сол нәрсенің бір жалған тәңірдің бейнесі немесе оған құрбандық ұсынылатын үстел болуы ықтимал.