Даниял  5
Белшазардың еркінсіп Құдайды қорлауы
1
Көп жылдан кейін Белшазар патша
а
өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады.
2
Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор
ә
кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар
б
келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен
в
бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды.
3
Содан Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алынған алтын ыдыстар әкелінді. Патшаның өзі, оның басшы-ұлықтары, әйелдері мен кәнизактары сол ыдыстарға шарап құйып, іше бастады.
4
Олар ішіп отырғанда, алтын, күміс, қола, темір, ағаш және тастан жасалған жалған тәңірлерін дәріптеп, мақтау айтты.
Сарай қабырғасындағы ғажап жазу
5
Сол сәтте кенеттен адам қолының саусақтары пайда болып, шам қойғыштың тұсында сарайдың әктелген қабырғасына бір нәрсені жаза бастады. Патша жазып жатқан қолға қарап,
6
қатты абыржып кетті. Ол қорыққанынан қалш-қалш етіп, өңі қуарып, екі тізесі бір-біріне соғыла дірілдеп отырды.
7
Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады»,
г
— деді.
8
Патшаның шақырған білімпаз адамдарының бәрі алдына келді, бірақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсіндіре алмады.
9
Бұған Белшазар одан бетер үрейленіп, жүзі құп-қу болып қуарып кетті. Оның басшы-ұлықтары да дал болып састы.
10
Осы кезде қонақасы беріліп жатқан жерге патша мен оның басшы-ұлықтарының айтқандары туралы хабар алған патшайым
ғ
кіріп келді. Ол былай деді:
— Уа, патша, өміріңіз ұзақ болсын! Ой-пікірлеріңіз сізді абыржытпасын, бет-жүзіңіз де қуаң тартпасын.
11
Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам
д
бар. Атаңыздың
е
көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді.
ж
12
Менің айтып отырған адамым Набуходоносор патша Балташазар деп ат қойған Даниял деген кісі. Ол өте зерделі, білімді және көреген адам. Оның түс жоритын, жұмбақтарды
з
түсіндіретін және қиын мәселелерді шеше алатын қабілеті де бар. Даниялды шақыртыңыз, ол мына жазудың мағынасын түсіндіріп береді.
Даниялдың ғажап жазуды түсіндіруі
13
Сонда Даниял патшаның алдына әкелінді. Патша оған:
— Атам Набуходоносор патша Яһуда елінен жер аударып алып келгендердің бірі — Даниял, осы сен емес пе едің?
14
Сен туралы киелі тәңірлердің рухы саған қонған, әрі ақыл-парасатың мен көрегендігің ерекше деген мәлімет алдым.
15
Мына жазуды оқып, түсіндіріп берсін деп алдыма келтірілген білімпаздар мен балгерлердің ешбірі соны істей алмады.
16
Бірақ сені түрлі жайттардың мағыналарын түсіндіріп, қиын мәселелерді шешіп бере алады деп естідім. Егер мына жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсең, үстіңе күрең қызыл шапан жауып, мойныңа алтын алқа тағып, сені патшалықтың үшінші билеушісі етіп тағайындаймын, — деді.
17
Даниялдың жауабы мынау болды:
— Маған сый беруге әуре болмай-ақ қойыңыз, тартуларыңызды басқа біреуге сыйлай беріңіз. Ал сізге мына жазуды оқып, мағынасын айтып берейін.
18
Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билік пен ұлылық, даңқ, қадір-құрмет пен салтанат сыйлаған еді.
19
Осындай ұлылыққа ие болған атаңыздан күллі ұлттар, халықтар мен тілдердің адамдары дірілдеп қорқатын. Патша өзі қалаған кісілерін не өлімге кесіп, не тірі қалдырып отырды, әрі өз еркіне сай олардың дәрежелерін не көтеріп, не төмендететін.
20
Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды.
21
Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен
и
бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін
к
ол сондай күйінде қалды.
22
Ал сіз, оның ұрпағы
қ
Белшазар, осының бәрін білсеңіз де, кішіпейіл болған жоқсыз.
23
Керісінше, Көктің Иесіне
л
қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз!
24
Сол себептен де Ол осы қолды жіберіп, мына жазуды жаздыртты.
25
Жазылған сөздер мынадай: «Мене, мене, текел, у-парсин».
м
26
Олардың түсіндірмесі мынау: «мене» — «Құдай патшалығыңның күндерін санап, оны тоқтатты» дегенді,
27
«текел» — «Сен таразыға тартылып, жеткіліксіз деп табылдың» дегенді,
28
ал «перес»
н
— «Патшалығың бөлініп, мидиялықтар мен парсыларға берілді» дегенді білдіреді.
29
Сонда Белшазардың әмірі бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылды. Ол патшалықтың үшінші билеушісі деп жарияланды.
30
Дәл сол түні халдей патшасы
о
Белшазар өлтірілді.
31
Оның патшалығын мидиялық Дарий иемденді.
ө
Сол кезде Дарий шамамен алпыс екі жаста болатын.

а  Бұдан басқа да тарихи деректерге сай, Бабыл патшасы Набонидтың мұрагері Белшазар б.з.д. 556-539 жж. әкесінің Бабылдан алшақ кеткен кездерінде оның орнын басып билік жүргізіп, патша (не билеуші) деген атаққа ие болды.

ә  Немесе: (Бабыл патшалығына) бұрынырақ билік құрған Набуходоносор. (Сол заманда бір патша бұрынғы патшалардың әулетінен шықпаса да, соларды өз әкесі не атасы, ал өзін солардың ұрпағымын деп атайтын.)

б  1:2; Шеж2 36:7; Пат4 24:13) Бұл ыдыстар жалғыз Құдайға бағышталған қасиетті бұйымдар еді (Мыс 37:16; Шеж2 4:8; 5:1,5; 6:1,14,18,41).

в  Яғни әйелдері әрі күңдерімен.

г  Патшалар, ханзадалар және бас уәзірлер ғана осындай қымбат киім киіп, алқа тағатын (Жар 41:42; Ест 3:10; 6:11).

ғ  Немесе: патшаның анасы.

д  (4:5-6,15; 5:14) Немесе: Патшалығыңызда бойында Киелі Құдайдың Рухы бар бір адам.

е  Яғни Набуходоносордың (5:2).

ж  2:48; 4:6.

з  Яки: қиын сұрақтар мен сөздерді.

и  Немесе: жабайы есектермен (Жар 16:12).

к  4:14,22,29.

қ  Немесе: оның ұлы (яки: оның тағына отырған патша: 5:2).

л  4:23,34.

м  Яғни: Бір мина, бір мина, бір текел және жарты (мина). (Мина, текел, жарты мина кәдімгі күміс не бақыр теңгелер болатын. Түпнұсқадағы «у» «және» дегенді білдіреді. Сол сөздерді былай деп те аударуға болады: «Саналған, саналған, таразыда тартылған және жартыланған», яғни бөлінген.)

н  Перес: (парсин сөзінің жекеше түрі) түпнұсқа тілінде «жарты мина», «жартыланған» (яки: «бөлінген») және «парсы» деген сөздерді білдіре алады.

о  Яки: Бабыл елінің билеушісі (5:2; 1:4).

ө  6:28.