Даниял  3
Патшаның алтын мүсіні әрі лаулап жанып тұрған пеші
1
Кейінірек Набуходоносор патша алтыннан бір мүсін
а
жасатып, оны Бабыл аймағындағы Дура
ә
жазығына орнатуға бұйырды. Мүсіннің биіктігі алпыс, ені алты шынтақ болды.
2-3
Оның салтанатпен ашылу рәсіміне Набуходоносор патшалығының аймақ әміршілерін, қолбасшыларын, әкімдерін, кеңесшілерін, қазынашыларын, төрешілерін және қала әкімдерін, яғни аймақтарының барлық билеушілерін, шақырды. Сол шақырылғандардың бәрі де патша орнатқызған мүсіннің алдында жиналып тұрған кезде
4
жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады:
«Уа, күллі ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары, патшаның әміріне құлақ түріңдер!
5
Сендер керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай
б
және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді де ести сала, Набуходоносор патша тұрғызған алтын мүсіннің алдында бастарыңды жерге жеткенше иіп тағзым етіңдер!
6
Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол бірден лаулап жанып тұрған пешке тасталады!»
в
7
Сондықтан керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай әрі өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бүкіл ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары бастарын жерге жеткенше иіп, Набуходоносор патша орнатқан алтын мүсінге тағзым етті.
Шынайы Құдайға адал болып қалған үш жігіт
8
Сол кезде кейбір халдей жұлдызшылары
г
алға шығып, яһудилерді жамандай бастады.
9
Олар патшаға былай деп шағым айтты:
— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын!
10
О, патша, сіз «Әрбір адам керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала алтын мүсіннің алдында басын жерге жеткенше иіп тағзым етсін!
11
Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсын!» — деп әмір еткен едіңіз ғой.
12
Осы арада өзіңіз Бабыл аймағының басқарушылары етіп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего деген яһудилер бар. Олар не сіздің берген әміріңізді менсінбейді, не тәңірлеріңізге ғибадат етпейді, не өзіңіз орнатқан алтын мүсіннің алдында иіліп тағзым етпейді!
13
Осыны естігенде Набуходоносор патша қатты ашуланып, Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны алып келуге бұйырды. Алдына әкелінген үш жігітке
14
патша сұрақ қойып былай деді:
— Сендер шынымен менің тәңірлеріме де ғибадат етпей, өзім орнатқан алтын мүсінге де иіліп тағзым етпейсіңдер ме?!
15
Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иіп, өзім жасатқан алтын мүсінге тағзым етіңдер! Бірақ егер иіліп тағзым етпесеңдер, бірден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендерді менің қолымнан құтқарып алар екен?!
16
Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего Набуходоносорға былай деп жауап қайырды:
— Уа, патша, бұл мәселе бойынша сіздің алдыңызда қорғануымыздың қажеті жоқ.
17
Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да!
18
Тіпті солай болмаса да, мынаны біліп қойыңыз, уа тақсыр: сіздің тәңірлеріңізге ғибадат етпейміз де, орнатқан алтын мүсініңіз алдында иіліп тағзым етпейміз де!
19
Набуходоносор Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоге қаһарланып, оның кескіні бұзылып кетті. Ол пешті бұрынғыдан жеті есе ыстық етіп от жағылсын деп әмір етті.
20
Содан соң әскерінен ең қуатты деген жауынгерлердің бірсыпырасына сол үш жігітті байлап-матап, лаулап жанып тұрған пешке тастауға бұйырды.
21
Осылай үшеуі шапандары, шалбарлары, сәлделері және басқа да киімдерімен байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне лақтырылды.
22
Патшаның бұйрығы қатаң және пештің ыстық болғаны соншалық, Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны пешке лақтырып жатқан адамдардың өздері отқа күйіп өлді.
23
Ал сол үш жігіт Шадырақ, Мисақ, Әбдінего байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне құлап түсті.
24
Бұған қарап тұрған Набуходоносор патша кенет таңғалып, орнынан ұшып тұрып, қасындағы кеңесшілерінен:
— Біз байлатып, отқа лақтыртқан адам үшеу емес пе еді? — деп сұрады.
— Дәл солай, уа, патша ағзам! — деп жауап қатты олар.
25
Сонда патша:
— Қараңдар, мен от ішінде емін-еркін, аман-сау жүрген төрт адамды көріп тұрмын!
ғ
Ал төртіншісі тәңірдің баласы іспетті екен!
д
— деп айқайлап жіберді.
26
Содан ол лаулап жанып тұрған пештің аузына қарай барып:
— Уа, Шадырақ, Мисақ, Әбдінего — Алла Тағаланың қызметшілері, шығып бері келсеңдер екен, — деп шақырды.
Сонда үшеуі оттың ортасынан шықты.
27
Аймақ әміршілері, қолбасшылар, әкімдер және патшаның кеңесшілері үш жігітті айналдыра жиналып, оттың оларға ешқандай зиян тигізбегеніне көздері жетті. Үшеуінің шаштары да күймепті, шапандары да өртенбепті, тіпті оттың иісі де оларға сіңбепті!
28
Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:
— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін
е
жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды!
29
Сол себепті менің жарлығым мынадай: Егер кез келген халықтың, ұлттың не тілдің адамдары Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдайға тіл тигізетін болса, олар шабылып өлтіріліп, үйлері жермен-жексен етілсін! Себебі басқа ешбір тәңір осылай құтқара алмайды!
30
Содан патша Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны Бабыл аймағындағы бұрынғыдан да жоғары лауазымды қызметтерге тағайындады.
Набуходоносор патша түсінде көрген ғажайып ағаш
31
ж
Кейінірек Набуходоносор патша жер бетіндегі барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдарына мына хатын жолдады:
«Барлығыңа амандық пен тыныштық тілеймін!
32
Алла Тағаланың маған жасаған керемет те ғажап істері туралы айтып беруді жөн көрдім.
33
Оның істері қандай ұлы, кереметтері қандай құдіретті! Құдайдың Патшалығы мәңгілік, Оның билігі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді.



а  Мұның не бір жалған тәңірдің, не патшаның өзінің алтын жалатқан мүсіні болғаны ықтимал (Иш 40:19; 41:7; Ерм 10:3-4; Мыс 20:3-6).

ә  Қазіргі Иракта орналасқан осы жердің аты Деир деп те жазылады.

б  Немесе: волынка.

в  Бабыл еліндегі кірпіш күйдіруге арналған үлкен пештер кейде өлім жазасын орындауға да қолданылатын (Ерм 29:22).

г  2:10.

ғ  3:17; Жыр 90:2-4,7-11; Иш 43:2; Ерм 1:8,19; 15:21.

д  Сол заманда бабылдықтар өздері табынатын (жалған) тәңірлердің балалары бар деп иланатын. Кейде періштелер де Құдайдың ұлдары (яғни өкілдері) деп аталатын (Әйүп 1:6).

е  Яки: хабаршысын, өкілін (2:25).

ж  Ескерту: Кейбір аудармаларда келесі 31-33 аяттар (яғни 3:31-33) 4:1-3 болып көрсетілген. Сол аудармаларда 4-тараудың аяттары үш санға ығыстырылып, 4:4-37 аяттары аралығында қамтылған.