Даниял  10
Халықтардың және аспандағы күштердің өзара күресі
1
Парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған үшінші жылы
а
Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жетті. Осы шынайы хабар үлкен соғыс, ауыр кезең туралы болды. Даниял бір көрініс көріп, сол хабар туралы түсінік алып, мәнін ұқты.
2
Сол күндері мен, Даниял, үш апта бойы қайғырып,
3
дәмді тағамдардан, ет пен шараптан бас тарттым. Сонымен қатар толық үш апта бойы денеме иісмай жақпадым.
ә
4
Бірінші айдың жиырма төрті күні
б
үлкен дарияның, яғни Тигр өзенінің, жағасында тұр екенмін.
5
Басымды көтеріп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киім киген,
в
белін саф алтын
г
белбеумен буған біреуді көрдім.
6
Оның денесі зүбәржат атты жылтыраған асыл тас
ғ
сияқты, жүзі найзағайдың жарқылындай, көздері жалындаған алаулар іспетті, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрілдеді.
7
Сол көріністі жалғыз мен, Даниял, ғана көрдім. Қасымда болған адамдар оны көрген жоқ, бірақ олар зәрелері ұшып, қашып, тығылып қалды.
8
Осылай жалғыз қалған мен осы ұлы көріністен көз алмадым. Қатты әлсіреп, өңім құп-қу болып, дәрменсіз қалдым.
9
Мұнан кейін әлгі хабаршының сөйлеген даусын естідім. Естіген кезде мен есімнен танып, жерге етпеттей жата кеттім.
10
Бірақ бір қол денеме тиіп, мені дірілдеген күйімде төрттағандап тұрғызды.
11
Сол хабаршы былай деді:
— Уа, Даниял, Құдайға өте ұнамды жан,
д
айтатын сөздерімді мұқият тыңдап, ұғып ал! Мен саған жіберілдім, енді түрегел! — Ол осыны айтып жатқанда мен дірілдеп орнымнан тұрдым.
12
Содан соң ол сөзін жалғастырып былай деді:
— Қорықпа, Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді. Мен осында сол мінажатыңа бола келіп отырмын.
13
Ал парсы патшалығының рухани әміршісі
е
маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Михайл,
ж
маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты.
з
14
Енді мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсіндіруге келдім. Сен көретін көрініс алдағы заманға қатысты.
15
Ол маған осыларды айтқан кезде мен басымды жерге дейін иіп, үнсіз қалдым.
16
Кенеттен адам баласына ұқсаған біреу ерніме саусағын тигізді.
и
Сонда мен алдымда тұрған хабаршыға
к
былай дей бастадым:
— Мырзам, мен көрген көріністен қатты қиналып, әбден дәрменсіз болып қалдым.
17
Қалайша мен, жай пендеңіз, сізбен сөйлесе аламын, мырзам? Күш-қуаттан айырылып, демімді әзер алып тұрмын. —
18
Сонда адам баласына ұқсаған әлгі хабаршы маған тағы да саусағын тигізіп, күш-қуат дарытты да былай деді:
19
— Еш нәрседен қорықпа, Құдайға ұнамды жан! Аман-есен, күшті де батыл бол! — Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып, оған былай дедім:
— Мырзам, сіз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта беріңіз! —
20
Оның жауабы мынау болды:
— Менің өзіңе неге келгенімді білесің бе? Жуырда мен Персияның рухани әміршісімен күресуге қайтып барамын. Мен кеткеннен кейін Грекияның рухани әміршісі де келетін болады.
21
Бірақ алдымен мен саған «Ақиқат кітабында»
қ
не жазылғанын айтып беремін. Сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайлдан
л
өзге сол рухани әміршілерге қарсы тұрып, мені қолдап-қуаттайтын ешкім болмайды.



а  Яғни б.з.д. 537 ж. Сол кезде исраилдіктердің алғашқы тобы өз еліне қайтты (Езр 1:5,11).

ә  Денеге иісмай жағу денсаулыққа пайда тигізумен қатар ежелде қуаныштың белгісі де болатын (Жыр 44:8). Сондықтан адамдар қайғырған кезде иісмай жағудан бас тартатын.

б  Ежелгі Исраилдің күнтізбесі бойынша жылдың бірінші айы Наурыз мерекесінің шамасында басталатын. Сол айда халық Құтқарылу мейрамын тойлап, Құдайдың ата-бабаларын Мысырдағы езгіден құтқарып, алып шыққандығын еске алатын (Мыс 12:2-3,6-13,24-27).

в  Ежелгі діни қызметкерлер киетін ақ бәтес киімдер Құдай алдында пәк таза жүру керектігін білдіретін (Мыс 28:39-41; Леу 16:3-5).

г  Немесе: Уфаз алтынынан жасалған. (Уфаз: Опырдың (яки: Офирдің) өзге аты болуы ықтимал. Опыр: ежелде жылтыраған саф алтынымен танымал болған, Шығыс Африкада не Оңтүстік Арабияда орналасқан жер: Шеж2 8:18.)

ғ  (Мыс 28:20; Ән 5:14; Езк 1:16) Яки: хризолит; немесе: топаз.

д  Яки: Даниял, (айрықша) қымбатты жан (9:23; 10:19).

е  Бұл шайтанның атынан парсы патшалығына әсер етіп жатқан жындардың күшті басшысы болса керек (Иш 24:21; Еф 6:11-12).

ж  Немесе: Сонда рухани әміршілердің бір басшысы, Михайл (10:21; 11:1; 12:11; Аян 12:7).

з  Немесе: Мен оны сол жерде парсы патшалығының рухани әміршісімен тастап кеттім.

и  Немесе: Кенеттен адамның қолына ұқсаған бір нәрсе ерніме тиді (10:10,18).

к  10:5-6,11.

қ  12:1; Мыс 32:32; Жыр 138:16.

л  Немесе: халқыңды қорғаушы рухани әміршілерің Михайлдан (10:13).