Даниял  1
Бабылға жер аударылған жасөспірімдердің Құдайға адалдығы
1
Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы
а
Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды.
2
Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен
ә
Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына
б
әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.
3
Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды.
4
Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін
в
үйренуге тиісті еді.
5
Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды.
6
Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел,
г
Азариях деген балалар бар еді.
7
Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.
ғ
8
Алайда Даниял патшаның тамағы мен шарабын ішіп-жеп өзімді арамдамаймын деген берік шешім қабылдаған болатын.
д
Сондықтан ол сарай қызметкерлерін басқаратын жаңағы Ашпеназ уәзірге осы туралы өтініш жасады.
9
Құдай бұл уәзірдің жүрегін жібітіп, оны Даниялға оң көзімен қарайтын етті.
10
Сонымен уәзірдің Даниялға берген жауабы былай болды: «Мен патша иемнен қауіптенемін. Ішіп-жейтін тағамдарыңды тағайындаған оның өзі еді ғой. Егер сендердің басқа балаларға қарағанда жүдеп бара жатқандарыңды байқап қалса, сендердің кесірлеріңнен менің басым кетеді!»
11
Сонда Даниял төртеуінің үстінен қарауға уәзір бекіткен қызметкерден былай деп өтінді:
12
«Тақсыр, бізге он күн бойы жеуге тек адал тағамдар,
е
ішуге су ғана беріп сынап көрсеңіз екен.
13
Содан кейін біздің түріміз бен патша дастарқанынан ішіп-жеген басқа балалардың түрін салыстырып көріңіз. Әрі қарай бізбен өз көзіңізбен көргеніңізге сай әрекет етерсіз, тақсыр».
14
Қызметкер осыған келісіп, оларды он күн сынайтын болды.
15
Сол он күн өткен соң байқап қараса, бұл балалардың түрлері патша дастарқанынан тамақтанған жастардың бәрінен өңдірек әрі толығырақ болып көрінді.
16
Оларды басқаратын қызметкер содан бастап патшаның берген тамағы мен шарабын былай қойып, оларға тек адал тағамдар беруін жалғастыра берді.
17
Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар
ж
мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды.
18
Осылайша Набуходоносор патшаның белгілеген мерзімі аяқталып, уәзір исраилдік жас жігіттерді патшаның алдына алып барды.
19
Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуінің барлық жағынан да басқалардан басым екенін байқады. Сол себепті бұл төртеуі патшаға қызмет етуге кірісті.
20
Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзінің бүкіл патшалығындағы абыздары мен балгерлерінен
з
гөрі олардың он есе білімдірек екенін анықтады.
21
Бұдан былай Даниял парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған бірінші жылына
и
дейін сол қызметінде қала берді.

а  Б.з.д. 605 ж. (Бабылдықтар жаңа патшаның билік құрған бірінші жылын келесі Жаңа жыл мерекесінен бастап қана есептесе, исраилдіктер Жаңа жыл мерекесіне дейінгі кезеңді патшаның билік құрған бірінші жылы деп санайтын. Сонымен бұл екі түрлі жыл санау жүйесінің арасында бір жылдық айырмашылық болатын.)

ә  Шеж2 7:36; 36:5-7.

б  Немесе: Бабыл еліне. (Шинар: Бабыл қаласының төңірегіндегі жазық. Шинар мен Бабыл ежелде-ақ Құдайға қарсы тұрған адамдардың ордасы болатын: Жар 10:10; 11:2.)

в  Бабыл патшалығындағы күнделікті қолданылатын тіл арамей тілі болса, оқымыстылар, жұлдызшылар және абыздар сына жазуымен жазылған ежелгі Шумер және Аккад тілдеріндегі көне жазбаларға ерекше мән беретін (1:20; 2:2,4).

г  Немесе: Мисайл.

ғ  Осылайша Бабыл билеушілері жас жігіттерге деген үстемдігін көрсетіп, олардың толық болмыстары мен бағышталғандығын Бабыл елі мен патшасына ауыстырмақ болды.

д  Исраилдіктер ет тағамдарын жалпы ұнатқанмен, адал (халал) емес хайуандардың етін әрі жалған тәңірлерге арнап шалынған малдың етін жеуден бас тартуға міндетті болатын (Леу 11; Заң 14:3-20).

е  Яки: тек көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар сияқты тағамдар (1:8).

ж  Яки: (бейнелі) көріністер.

з  Немесе: сәуегейлері мен балгерлерінен. (Сондай «әулиелер» басқа адамдар білмейтін жайттар, әсіресе болашақ, туралы ерекше мәліметіміз бар деп мақтанып жүретін.)

и  Парсы патшасы Кир Бабыл қаласын б.з.д. 539 ж. басып алып, бүкіл елге билік құрды (10:1).