Қолостықт. хат  4
1
Қожайындар, қызметшілеріңді
а
тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер.
Мінажат ету және сенбейтіндермен қарым-қатынас жасау туралы
2
Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер!
3
Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын.
4
Менің тиісті түрде бұл хабарды ашық айта алуым үшін де Құдайға сиыныңдар.
5
Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар!
6
Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Соңғы сәлемдер және ақ бата
7
Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік
ә
сендерге мен туралы бәрін хабарламақ.
8
Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек.
9
Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым
б
да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді.
10
Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ,
в
сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа
г
сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар!
11
Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш.
12
Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас
ғ
та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп,
д
берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде.
13
Оның сендерді және Лаудіки
е
мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін.
14
Сүйікті дәрігер Лұқа да, Димас
ж
та сәлем жолдайды.
15
Лаудікидегі бауырластарымызға, әсіресе Нүмфан мен оның үйінде жиналатын қауымға, сәлем айтыңдар.
16
Сендер осы хатты оқып болған соң, оны әрі қарай Лаудікидегі қауымға беріңдер, оларға жазған хатымды да оқыңдар.
17
Арқыпқа: «Иеміз саған міндеттеген қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!» деген сәлемімізді жеткізіңдер.
18
Енді мен, Пауыл, сендерге өз қолыммен сәлем жазып отырмын. Бұғауда екенімді естеріңде ұстаңдар! Лайым Құдай сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! (Аумин.)

а  Яки: құлдарыңды (3:22; Еф 6:9).

ә  Елш 20:4; Тім2 4:12; Тит 3:12.

б  Флм 1:10-12,16.

в  Елш 19:29; 20:4; 27:2; Флм 1:24.

г  Елш 12:12; 13:5,13; 15:37-39; Пет1 5:13; Тім2 4:11.

ғ  1:7; Флм 1:23.

д  Жақ 1:4.

е  2:1; 4:15-16; Аян 1:11; 3:14-18.

ж  Тім2 4:10-11; Флм 1:24; Лұқа жазған Ізгі хабардың және Елшілердің істерінде берілген мәліметті де қараңыз.