Қолостықт. хат  2
1
Сендер мен лаудікиліктер үшін
а
және менімен әлі де жүздеспегендердің бәрі үшін қаншалықты күресіп жүргенімді білдіргім келеді.
2
Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың.
3
Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
ә
4
Мен мұны ешкім сендерді ақылға қонымды болып көрінген сөздерімен алдап кетпесін деп айтып отырмын.
5
Тәніммен қастарыңда болмасам да, рухыммен орталарыңда тұрып, сендердегі ынтымақты, Мәсіхке деген берік сенімдеріңді көріп, қатты қуанамын.
Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани кемелдену
6
Сендер Иеміз Мәсіх Исаны қалай
б
қабылдаған болсаңдар, солай Онымен тығыз байланыста жүріңдер!
7
Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!
8
Қайдағы біреу пәлсапасымен,
в
пайдасыз ілімімен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығарған аңызға негізделген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы
г
үйретеді.
9
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!
ғ
10
Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.
11
Мәсіхпен тығыз байланысқандықтан сендер «рухани сүндеттелдіңдер» де. Бұл — қолмен істелген тәннің сүндеттелуі емес, Мәсіхтің «рухани сүндеттеуі»,
д
яғни Оның ескі күнәкар болмыстарыңды түгелдей алып тастауы.
е
12
Сендер Мәсіхпен бірге рухани тұрғыдан «жерлендіңдер» әрі Мәсіхпен бірге «қайта тірілдіңдер». Бұл Құдайдың Мәсіхті Өзінің құдіретімен өлімнен қайта тірілткеніне деген сенімдерің арқылы болды. Шомылдыру рәсімінен өткендерің соны білдіреді.
ж
13
Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды.
з
Ол күллі күнәларымызды кешірді:
14
бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты»
и
Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
к
15
Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің
қ
күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
16
Сондықтан ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, айдың басын не діни демалыс күнін сақтамағандарың үшін айыптамасын!
17
Өйткені осындай ережелер — келуге тиісті нәрсенің әлсіз нұсқасы ғана: шынайы жарылқауды Мәсіхтің Өзі алып келді.
18
Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер
л
сендерді кінәламасын!
м
Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге
н
негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп,
19
қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды.
о
Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады.
ө
20
Өлі денеге ешқандай бұйрық жүрмейтіні секілді, сендер Мәсіхпен бірге рухани өлгендіктен осы дүниедегі бастапқы ілімдерге
п
бағынбауға тиістісіңдер. Ендеше сендер әлі де осы күнәкар дүниеге жататындай, неліктен мынадай ережелерге бағынасыңдар:
21
«Сол нәрселерді қолға ұстама, ана тағамдарды ішіп-жеме, ол заттарға қол тигізбе!»
22
Бұлардың бәрі түбі қолдану барысында жоқ болатындар ғой. Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан.
23
Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кішіпейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағаттандыруына жол береді.

а  Лаудіки (қазіргі Түркияның Памуккале қаласы) Қолостан 18 шақырымдай жерде орналасқан.

ә  Демек, тек Мәсіхке сеніп, Одан тәлім алу арқылы ғана адамдар Құдайдың даналығы мен білімін тани алады (1:9,19; Қор1 1:24,30; 2:7-8).

б  Яғни Құдайдың Мәсіх арқылы көрсеткен рақымына деген сенімдерің арқылы (1:4-5; Еф 2:5,8-9).

в  Яки: «даналық ілімімен» (Тім1 6:20).

г  Немесе: осы дүниелік тұрпайы ілімдер (яки: бастапқы да қарапайым діни ережелер) туралы (2:20-21; Ғал 4:3,9-10).

ғ  1:19.

д  Рим 2:29; Заң 30:6.

е  3:5,8-9; Рим 6:6; Ғал 5:24; Еф 4:22.

ж  Рим 6:3-5; Ғал 3:27.

з  Яки: Құдай Мәсіхті тірілткенде сендерге де шынайы өмір сыйлады (Еф 2:5).

и  Яки: «қолжазбаны». (Осы сөз мұнда Құдайдың адамдардың жасаған күнәларын тіркеп, сақтағанын астарлап білдіреді немесе Таурат заңының жазбасын меңзейді: 2:20-21; Еф 2:15.)

к  Пет1 2:24.

қ  Яғни әзәзіл шайтан мен жындардың (2:10; Жох 12:31; 16:33; Еф 6:11-12).

л  2:23; Рим 1:25; Аян 19:10; 22:8-9.

м  Немесе: сендерді (көктегі жүлдеге қол жеткізетін) тура жолдан адастырмасын! (2:16; Еф 5:6)

н  (Езк 13:3; Тім1 1:7) Немесе: өздері көрген нәрселерге.

о  Немесе: қауымның Басы — Иеміз Мәсіхпен байланысты үзді (1:18; Еф 1:22-23, Ғал 1:6-9; 5:2-4).

ө  Еф 4:6,15-16; 5:29.

п  (Ғал 4:3,9-10) Немесе: осы дүниелік тұрпайы рухани күштерге (2:8).