Қолостықт. хат  1
Арнау және сәлем
1
Құдайдың еркімен Мәсіх Исаның елшісі болған Пауылдан және бауырласымыз Тімотеден
2
Құдайдың халқы болып
а
Мәсіхпен тығыз байланыста жүрген, Қолос қаласында тұратын сенімді бауырластарымызға дұғай сәлем.
3
Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін!
Қолостықтар үшін шүкірлік етіп, тілек тілеу
Біз сендер үшін Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға сиынған сайын шүкірлік етеміз.
4
Сендердің Мәсіх Исаға сеніп, Құдайдың барлық адамдарын
ә
сүйетіндерің туралы естідік.
5
Ал осы сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің өздеріңе көкте дайындалған игіліктерді иемденеміз деген үміттеріңе негізделген. Бұл туралы сендер алдымен Құдайдың шынайы хабары — Ізгі хабар өздеріңе жеткенде естідіңдер.
6
Осы хабар дүние жүзінде кеңінен жайылғандай, сендерге де жетті. Ол барлық жерде адамдарды жақсылық жасауға жетелеп, көптеген кісілер оны қабылдауда.
б
Сендер Ізгі хабар туралы естіп, Құдайдың рақымын шынымен таныған күннен бастап, осылай рухани өсіп-өніп келесіңдер.
7
Құдайдың рақымы жөнінде біздің сүйікті қызметтесіміз Епафрастан осы тәлімді алдыңдар. Ол — сендер үшін еңбектеніп жүрген Мәсіхтің сенімді қызметшісі.
8
Епафрас бізге жүректеріңе Киелі Рух дарытқан сүйіспеншілік туралы айтып берді.
9
Сол себептен де біз мұны естіген кезден бері сендер үшін ұдайы Құдайға сиынып келеміз. Сендердің Оның еркін толықтай біліп, өте парасатты да рухани көреген болуларыңды Құдайдан өтінудеміз.
10
Осылайша Иеміздің халқына лайық, Оны риза қылатындай өмір сүрулеріңді, әр түрлі игі істер істеп, өсіп-өне беріп, Құдайды неғұрлым жақынырақ тануларыңды тілеп келеміз.
11
Сендер Оның ұлы құдіретінен мол қуат алып, әрдайым төзімділік пен ұстамдылық таныта алсын әрі қуанышқа кенеліп,
12
Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.
Мәсіхтің теңдесі жоқ ұлылығы
13
Құдай бізді қара түнектің
в
билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді.
14
Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық.
15
Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары.
г
16
Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер
ғ
бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған.
17
Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
18
Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы
д
да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен.
19
Құдай Өзінің бүкіл болмысының рухани Ұлында тұрғанын ұнатты.
е
20
Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді.
21
Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар.
ж
22
Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде
з
Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.
23
Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады. Осы Ізгі хабар аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланып келеді. Мен — Пауыл да оның таратушысына айналдым.
Пауылдың қауымға Мәсіх туралы құпияны ашуы
24
Қазір мен сендер үшін тәнімде бейнет шегіп отырғаныма қуанамын. Мәсіхтің өз рухани денесінің, яғни бүкіл қауымның, игілігі үшін басымнан өтсін деп белгілеген азаптарын кешіп жүрмін, осылайша соларды толықтыра түсудемін.
25
Құдайдың хабарын сендерге толықтай жеткізесің деген Оның тапсыруымен қауымның қызметшісі болдым.
26
Бұл хабар ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жасырын болып келді; ал енді оның сыры Құдайдың адамдарына ашылды.
27
Құдай оларға осы құпия хабарда басқа ұлттар үшін қаншама мол жарылқау бар екенін білдірмек болып шешті: Мәсіх жүректеріңнен орын алды,
и
сол себептен болашақ ұлылықтан үміттісіңдер.
к
28
Мәсіх туралы хабарды біз барлық адамдарға жеткізіп, бәріне де ескертіп, барынша даналықпен тәлім беріп келеміз. Осылай әрбір жанды Мәсіхпен тығыз байланыста, толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз.
29
Осы үшін жан сала еңбек етіп жүрмін. Бұған мені бойыма дарып келе жатқан Мәсіхтің құдіреті қуаттандыруда.



а  Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) адамдары (1:4; Рим 1:7; Еф 1:1; Түсіндірмедегі «Киеліні» де қараңыз).

ә  Немесе: Құдайға бағышталған адамдарының (қасиетті).

б  Яки: Ол барлық жерде рухани жеміс беріп, өсіп келеді.

в  Қара түнек: шайтан мен жындар (Еф 6:12).

г  Яки: Ол — көзге көрінбейтін Құдайдың кейпі, жаратылыс атаулыдан бұрын Ол бар болатын.

ғ  Яғни табиғаттан тыс қуатты күштер (періштелер немесе жындар).

д  Немесе: Тұңғышы; яки: Басшысы (Елш 26:23; Қор1 15:20-23).

е  2:9; Жох 1:1; 10:30,38; 14:9; 15:26; Елш 2:33; 10:38; 16:7.

ж  Рим 5:10; Еф 2:3,12.

з  Яғни Мәсіхтің қайта оралып, сенушілерді Құдай алдына алып кететін кезде (Сал1 4:16-17; 5:23).

и  (3:11; Жох 14:23; 17:26; Рим 8:10) Немесе: Мәсіх сендерде.

к  Яки сондықтан көктегі мәңгілік ұлылықты иемденеміз деп кәміл сенесіңдер (1:5; Рим 5:2; 8:18-19).