Амос  2
1
Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Моаб халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Моабтықтар Едом патшасының сүйегін әк іспетті күйдіріп қор қылды.
2
Сол үшін Мен Моабқа от жіберемін. Сол от Кериоттың сарайларын жалмап қояды. Сонда Моаб айқай-шудың әрі әскердің шабуылдап атой салып, керней тартқан дауыстарының астында күйрейді.
3
Мен Моабты басқарып жүрген биді елден аластатып, онымен бірге барлық әміршілерін де өлтіремін», — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Яһуда мен Солтүстік Исраил елдеріне шығарылған үкім
4
Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Яһуданың халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Яһудалықтар Мен, Жаратқан Ие, тапсырған Таурат заңын менсінбей, ережелерімді орындамай кетті. Бұрын ата-бабалары құлшылық еткен жалған тәңірлердің жолына
а
енді бұлар да түсіп, адасты.
5
Сол үшін Мен Яһудаға от жіберемін. Сол от Иерусалимнің сарайларын жалмап қояды».


6
Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Солтүстік Исраилдің халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Исраилдіктер әділ жанды күміске, кедейді бір жұп аяқкиімге айырбастай салады.
7
Олар кедейдің басын жердің топырағына таптап, бейшараны жолынан итеріп баса көктейді.
ә
Әкесі мен баласы екеуі бірдей бір жас әйелге
б
барып, Менің киелі есімімді қор қылады.
8
Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді.
9
Ал Мен ежелде халқымның көз алдында самырсындай биік, емендей мықты Амор халқын күйреткенмін. Сонда Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын да біржола құртқан болатынмын.
10
Сендердің аморлықтардың жерін иемденіп алуларың үшін Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, қырық жыл бойы айдалада ертіп жүрген едім.
11
Ұлдарыңның кейбіреулерін пайғамбар,
в
жас жігіттеріңнің бірнешеуін Құдайға бағышталған назир
г
еттім. Солай емес пе, уа, Исраилдің үрім-бұтағы? — деп ескертеді Жаратқан Ие. —
12
Алайда сендер Өзіме бағышталған назирлерге шарап ішкізіп күнә жасатып, пайғамбарларға: «Пайғамбарлық сөз айтпа!» деп тыйым салып жүрдіңдер.
13
Біліп қойыңдар, егін баулары мол артылған арбаның жерге қарай шөгетіні сияқты, енді Мен де сендерге ауыртпалықты молынан түсіремін!
14
Сонда жылдамдарыңның жүгіруге шамасы болмай қалады, мықтыларың да өз қуаттарынан айырылады, тіпті батырларың да өз жандарын құтқара алмайды.
15
Сонда мерген тойтарыс бере алмайды, желаяқ та, салт атты да өз жандарын құтқарып қала алмайды.
16
Ержүрек батыл деген жасақшылар да қару-жарағын тастап бас сауғалап
ғ
қашатын болады», — деп ескертеді Жаратқан Ие.

а  (Мыс 34:15) Немесе: ата-бабалары ерген жалғандардың (яки: өтіріктердің) жолына (Жыр 4:3).

ә  5:11-12; 8:4.

б  7 (Леу 18:7-8) Немесе: жалған тәңірге бағышталған тойға (8:14).

в  Заң 18:18; Бил 6:8; Пат1 3:20; Ерм 7:25.

г  Рул 6:2; Бил 13:5.

ғ  (Ерм 48:41) Яки: жасақшылар да тыр жалаңаш бас сауғалап.