Елшіл. істері  8
1
Саул
а
да Степанды өлтіруді қоштаған еді. Сол күннен бастап Иерусалимдегі сенушілер қауымын қатты қудалау басталды. Елшілерден басқалардың бәрі Яһудея мен Самария аймақтарына бытырап кетті.
ә
2
Ал Құдайды қастерлейтін бірнеше кісі Степанды қабірге қойып, қатты аза тұтып жоқтады.
3
Саул болса, қауымға қырғидай тиді; үй-үйді аралап, әйелдер мен еркектерді сүйреп шығарып, түрмеге жапқызды.
Філіптің Ізгі хабарды Самарияға жеткізуі
4
Бытырап кеткен сенушілер ел аралап, Ізгі хабарды таратып жүрді.
5
Қауым қызметшісі Філіп Самарияның астанасына
б
келіп, оның тұрғындарына Мәсіх туралы Ізгі хабарды жариялады.
6
Көптеп жиналған халық Філіптің уағыздарын естіп, оның Құдайдың құдіретін көрсеткен кереметтерін көргенде, барлығы бірдей Філіптің айтқандарына зейін қойды.
7
Өйткені көп кісілердің буып жүрген жындары қатты айқайлап бойларынан шығып кетті, әрі көптеген сал, мүгедек болғандар сауықтырылды.
8
Содан қала халқы зор қуанышқа кенелді.
9
Осы қалада бұрыннан сиқырлықпен айналысып келген Шимон есімді кісі тұрушы еді. Ол ұлы адаммын деп мақтанып, Самария халқын таңырқататын.
10
Қатардағылардан бастап атақтыларға дейін бәрі оны жоғары санап: «Мына кісіде Ұлы күш деген тәңірдің құдіреті бар!»
в
дейтін.
11
Шимон оларды едәуір уақыт бойы сиқырлық өнерімен баурап алғандықтан, халық оны пір тұтты.
12
Ал енді Філіп Құдайдың Патшалығы және Исаның Мәсіх екендігі туралы Ізгі хабарды жариялағанда, олар соған сенді. Көптеген ер адамдар мен әйелдер (Мәсіхтің жолына түсіп) шомылдыру рәсімінен өтті.
13
Шимонның өзі де сеніп, осы рәсімнен өтіп, Філіптен бір елі қалмай қойды. Ол Құдайдың құдіретін танытатын ұлы кереметтерді байқағанда қайран қалып жүрді.
Киелі Рухтың самариялықтарға қонуы, әрі сиқыршы Шимонның қатты сөгіс алуы
14
Иерусалимдегі елшілер «Самарияның халқы
г
Құдайдың Ізгі хабарын қабыл алды» дегенді естігенде, оларға Петір мен Жоханды жіберді.
15
Екеуі келген соң, Киелі Рухты қабылдасын деп солар үшін сиынып мінажат етті.
16
Себебі Киелі Рух әлі олардың ешқайсысына қонбаған еді. Олар тек Иеміз Исаның атынан
ғ
шомылдыру рәсімінен өткен болатын.
17
Екі елші олардың үстеріне қолдарын қойғанда, самариялық сенушілер де Киелі Рухты қабылдады.
д
18
Шимон елшілердің алақан тигізуі арқылы адамдарға Киелі Рух берілгенін байқағанда оларға ақша ұсынып:
19
— Маған да осындай билік беріңдерші, үстіне қолымды қойған әркім Киелі Рухты қабылдап жүрсін, — деді.
20
Петір оған былай деп жауап берді:
— Құдайдың беретін дарынын
е
ақшаға сатып аламын дегенің үшін, ақшаң өзіңмен бірге құрысын.
21
Осы қызметті атқаруға сенің қақың жоқ,
ж
себебі Құдайдың алдында жүрегің таза емес.
22
Сондықтан осы жаман қылығыңа өкініп, Құдай Иеге сиынып жалбарын! Мүмкін, Ол жүрегіңдегі қара ниетіңді кешірер.
23
Жаман қызғаныш пен әділетсіздікпен шырмалғандығыңды
з
байқап тұрмын. —
24
Ал Шимон олардан:
— Айтқандарыңның бірі де басыма келмесін деп сендер мен үшін Құдай Иеге жалына көріңдерші! — деп өтінді.
25
Екі елші халық алдында Иеміз туралы Ізгі хабарға куәлік келтіріп, уағызын аяқтағаннан кейін, Иерусалимге қайта оралып, жол-жөнекей Ізгі хабарды Самарияның көптеген ауылдарында уағыздай жүрді.
Эфиопиялық уәзірдің Мәсіх жолына түсуі
26
Бір күні Жаратқан Иенің періштесі Філіпке: «Жиналып, оңтүстікке қарай
и
Иерусалимнен Газаға баратын елсіз жолға шық!» — деп тапсырды.
27
Содан Філіп дайындалып, жүріп кетті. Жол бойында оған бір эфиопиялық адам
к
кез болды. Бұл Эфиопияның патшайымы Қандақидың барлық қазынасын басқаратын уәзірі екен. Ол Иерусалимге Құдайға ғибадат етуге келіп,
28
енді еліне қайтып бара жатты. Уәзір күймесінде Ишая пайғамбардың жазбасын оқып отыр екен.
29
Киелі Рух Філіпке: «Күймеге жақындап, қатарласып жүр!» — деді.
30
Філіп күймеге жүгіріп барғанда, сол кісінің Ишая пайғамбардың жазбасын оқып отырғанын естіді. Оған:
— Оқығаныңыз түсінікті ме? — деген сұрақ қойды.
31
Уәзір:
— Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін? Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы, — деп Філіптен өтінді.
32
Жазбадан оқып отырған жері мынау еді: Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады.
33
Ол жәбірленіп, әділ сотталу құқығынан айырылды. Оның ұрпақтары туралы кім айтып бере алады? Өйткені Оның жаны бұ дүниеден аластатылды.
қ
34
Уәзір Філіптен:
— Өтінемін, айтыңызшы: пайғамбар осы сөздерді өзі туралы айтып тұр ма, әлде басқа біреу туралы ма? — деп сұрады.
35
Сонда Філіп Киелі жазбаның осы жерінен бастап, Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.
36
Жолда осылай келе жатып, олар бір суға тап болды. Уәзір сонда:
— Мынау су ғой, менің шомылдыру рәсімінен өтуіме болмай ма? — деп өтінді.
37
(Філіп:
— Шын жүректен сенсеңіз, болады, — деп жауап берді. Бұған ол:
— Мен Исаның Құдайдың рухани Ұлы
л
екеніне сенемін, — деді.)
38
Уәзір күймені тоқтатуға бұйырды. Екеуі суға түсіп, Філіп уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді.
39
Олар судан шыққанда, Жаратқан Иенің Рухы Філіпті білдірмей алып кетті.
м
Содан қайтып уәзір оны көрген жоқ. Солай болса да, ол қуанышқа кенеліп, өз жөніне кетті.
40
Бұдан кейін жұрт Філіпті Азоттан көрді. Ол сол жерден ел аралап, Кесарияға
н
жеткенше Ізгі хабарды барлық қалаларға таратып жүрді.

а  7:58.

ә  1:8.

б  Яғни Сихарға (Жох 4:5; Түсіндірмедегі «Самариялықтарды» да қараңыз).

в  Яки: «Мынау — Ұлы күш деген Құдайдың құдіреті!» (14:11; 28:6; Рим 1:21-23)

г  Яки: Самариялықтар (1:8; 8:5; Жох 4:35,39-42).

ғ  Яки: Исаның жолын қуушы шәкірттері ретінде (2:38; Мат 28:19).

д  8:18; 6:6; 9:17; 19:6; Тім1 4:14; Евр 6:2.

е  Яки: Құдайдың сыйын (2:38).

ж  Немесе: осы іске сенің қатысың мен үлесің жоқ (Еф 5:5).

з  Немесе: Сенің ащы өтке толы әрі әділетсіздіктің құлы екеніңді.

и  Немесе: Орныңнан тұрып, түс кезінде.

к  Ежелде «Эфиопия» деп те аталған Құш елі Ніл өзенінің жоғарғы жағында, бүгінгі Мысыр, Судан, Эфиопия мемлекеттеріндегі Нубия өлкесінде орналасқан еді (Жыр 67:32-33; 86:3-4; Соф 3:10).

қ  Иш 53:7-8 көне грекше Септуагинта аудармасы бойынша.

л  3:13,26; 4:27; 9:20; Лұқ 1:35.

м  Жар 5:24; Пат3 18:12; Пат4 2:16; Езк 3:12-15.

н  Азот қаласының көне аты: Ашдод (Еш 11:22). Кесария: 9:30; 18:22.