Елшіл. істері  7
Степанның Жоғарғы кеңес алдындағы сөзі
1
Сонда бас діни қызметкер Степанға:
— Осы айтылғандар рас па? — деген сұрақ қойды.
2
Ол былай деп жауап берді:
— Қадірлі ағайындар мен ақсақалдар, сөзіме құлақ түріңіздер! Арғы атамыз Ыбырайым Харан жеріне әлі орын теппей тұрып, Месопотамия өлкесінде
а
жүрген кезінде оған салтанатты ұлылыққа бөленген Құдай аян беріп:
3
«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!»
ә
— деген.
4
Сонда Ыбырайым пайғамбар халдейлер
б
елін тастап, Харанды мекендеді. Әкесі өлгеннен кейін Құдай оны сол жақтан сіздер қазір тұрып жатқан осы жерге көшірді.
5
Дегенмен Құдай оған бұл елден мұра бермеген, тіпті бір сүйем жер де бермеген. Алайда Ол: «Осы жерді Мен өзіңе және ұрпақтарыңа сыйлаймын», — деп уәде берген еді.
в
Ал сол кезде Ыбырайымның баласы жоқ болатын.
6
Құдай мына тәрізді сөздер айтты: «Сенің ұрпақтарың бөтен елде жат жұрттық келімсектер ретінде тұратын болады. Олар төрт жүз жыл бойы құлдықта болып жәбірленеді.
7
Бірақ оларды құл еткен халықты Мен жазалаймын. Бұдан кейін сенің ұрпақтарың сол елден көшіп шығады» және олар Маған осы жерде ғибадат ететін болады.
г
8
Сол кезде Құдай Ыбырайыммен қасиетті Келісім жасап, сүндеттеу рәсімін соның белгісі қылды. Сондықтан Ыбырайым ұлы Ысқақ туғаннан кейін сегізінші күні оны сүндеттеді. Ысқақтан Жақып туып, Жақып (біздің халқымыздың) он екі рубасының әкесі болды.
9
Ал солар қызғаныштан (туған бауырлары) Жүсіпті Мысырға сатып жібереді. Бірақ Құдай жар болып, оны басына түскен қиыншылықтың бәрінен құтқарады.
ғ
10
Ол Жүсіпке даналық сыйлап, Мысырдың патшасы перғауынның ықыласына бөлейді. Перғауын оны Мысырға және өзінің бүкіл сарайына әмірші етіп қояды.
д
11
Бір кезде бүкіл Мысыр мен Қанахан елдері ашаршылыққа ұшырап, қатты қиыншылық көріп, ата-бабаларымыз азық-түліксіз қалады.
12
Мысырдан астық табуға болады дегенді естіген Жақып ұлдарын
е
сол жаққа жібереді; бұл олардың алғашқы сапары болатын.
13
Олар екінші рет сапарлап барғанда, Жүсіп бауырларына өзінің кім екенін ашады, осылайша перғауын оның шыққан тегін біліп алады.
14
Жүсіп әкесі Жақып пен барлық қандас туысқандарын — жалпы саны жетпіс бес жанды өзінің қасына көшіп келуге шақырады.
15
Содан Жақып Мысырға көшіп барады. Ол да, оның ұлдары да сол елде қайтыс болып,
16
Сихем деген жерге апарылып, қабірге қойылады. Қабірді Ыбырайым Сихемдегі Хамордың балаларынан күміс ақшаға сатып алған болатын.
ж
17
Құдайдың Ыбырайымға берген уәдесінің орындалатын мерзімі жақындаған сайын Мысырдағы ұрпақтары өсіп, көбейе береді.
18
Бұл жағдай Жүсіп туралы білмейтін бір бөтен патша Мысырға билік құрғанға дейін созылады.
19
Сол патша халқымызға зымиян болып, аталарымызға қысымшылық көрсетеді. Ол соларды тіпті жаңа туған нәрестелерін тірі қалмаулары үшін жалғыз тастап кетуге мәжбүрлейді.
з
20
Осы кезде Мұса пайғамбар дүниеге келеді. Құдайдың көз алдында ерекше бала болған ол үш ай бойы ата-анасының үйінде өседі.
21
Бұлар оны амалсыздан тастап кеткенде перғауынның қызы бауырына басып, сәбиді туған баласындай тәрбиелейді.
и
22
Осылай Мұса мысырлықтардың бүкіл даналығын оқып-үйреніп, сөзі мен ісінің арқасында ықпалды адам болады.
23
Мұса қырық жасқа келгенде, оның жүрегінде исраилдік ұлттастарыма барып, жағдайларын көрсем деген ниет туындады.
24
Ол соларға барғанда біреуіне бір мысырлықтың қол жұмсап жатқанын байқайды. Мұса ұлттасына болысып, әділетсіздіктің есесін қайтарып мысырлық жігітті өлтіреді.
к
25
Мұса Құдайдың менің қолым арқылы өздеріне азаттық алып беретінін ұлттас ағайындарым түсінер деп ойлайды. Бірақ олар мұны түсінген жоқ.
26
Келесі күні екі исраилдіктің төбелесіп жатқанын көргенде Мұса оларды татуластырғысы келіп: «Жігіттер, сендер бауырлассыңдар ғой! Қойыңдар, бір-біріңді неге жәбірлейсіңдер?» — дейді.
27
Бірақ елдесін жәбірлеуші жігіт Мұсаны итеріп жіберіп: «Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады?
28
Сен немене, кешегі мысырлықты өлтіргендей, мені де өлтірмексің бе?» — дейді.
29
Мұса бұл сөзден шошып, қашып кетеді. Мадиян
қ
елінде жат жұрттық келімсек ретінде тұрып, екі балаға әке болады.
30
Қырық жылдан кейін Синай тауының маңындағы айдалада жүргенде, Мұсаға жанып жатқан бір тікенді бұтаның жалынынан періште аян береді.
31
Мұны байқаған Мұса көрініске қатты таңғалады. Анықтап қарауға жақындағанда ол Жаратқан Иенің:
32
«Мен ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» деген даусын естиді. Бұдан қорқып, дірілдеп кеткен Мұсаның қарауға дәті бармайды.
33
Сонда Иеміз оған былай дейді: Аяқкиіміңді шеш! Сен тұрған осы жер киелі.
34
Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, күңіренген ыңқылына құлақ салып келемін. Сондықтан Мен оларды азат ету үшін көктен түстім. Кәне, жүр, Мен сені Мысырға жіберемін!
л
35
«Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады?» деп бауырластары бас тартқан кісі осы Мұса еді. Бірақ тікенді бұтада аян берген періште арқылы Құдайдың Өзі оны басшы және құтқарушы ретінде жіберді ғой.
36
Осы Мұса бауырластарын бастап алып шығып, Мысырда және Қызыл теңізде, одан кейін қырық жыл бойы айдалада көшіп-қонып жүргенде, Жаратқан Иенің құдіретін көрсететін кереметтер жасады.
м
37
Кейін Исраилдің үрім-бұтағына: «Құдай сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады» деген кісі де осы Мұса еді.
н
38
Синай тауының басында өзіне сөйлеген періштенің сөздерін ата-бабаларымызға айдаладағы жиналыста жеткізген кісі де осы Мұса болатын. Сол жерде ол шынайы өмірге жөн сілтейтін сөздерді бізге тапсыру үшін қабылдап алған еді.
о
39
Бірақ ата-бабаларымыз Мұсаны тыңдағылары келмей, кеудесінен итерді. Жүректерінің қалауы қайтадан Мысырға ауды.
ө
40
Олар Һароннан: «Бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсіндерін жасап беріңіз! Өйткені бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан ана Мұсаға не болғанын білмейміз», — деп талап етті.
п
41
Олар сол күндері жас бұқаның мүсінін жасап, соған арнап құрбандық шалып, өз қолдарынан шыққан осы «тәңірге» қатты қуанып, көңілдерін көтерді.
42
Ал Құдай халықтан сырт айналып кетті де, оларды аспан денелеріне құлшылық етуге қалдырды. Осы туралы Пайғамбарлар жазбаларында былай деп жазылған: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма?
43
Жоқ, сендер (жалған тәңір) Молохтың мүсіні орналасқан шатырды және тәңірсымақтарың Ремфан жұлдызының бейнесін бірге алып жүрдіңдер! Бұларды құлшылық етіп табынуларың үшін өздерің жасап алған едіңдер. Сондықтан Мен сендерді жер аударып жіберемін», тіпті Бабылдан да әрі!
р
44
Айдалада жүрген кезінде ата-бабаларымызда Құдай олармен жасаған Келісімнің куәліктері сақталған шатыр бар болатын. Сол киелі шатыр Құдайдың берген әмірімен тура Мұса көрген үлгіге сай жасалған еді.
45
Кейін Құдай Қанахандағы халықтарды қуып жіберді. Ата-бабаларымыз Ешуаның жетекшілігімен солардың жерін иемденіп алған кезде киелі шатырды осы елге әкелді. Шатыр Дәуіт пайғамбардың заманына дейін сонда тұрды.
с
46
Дәуіт Құдайдың ризашылығына ие болды. Ол Жақыптың сиынған Құдайының жер бетінде мекендейтін киелі үйін салмақшы еді. Сол үшін Құдайдан рұқсат сұрады.
т
47
Бірақ киелі үйді салған Дәуіт емес, оның ұлы Сүлеймен
у
болды.
48
Алайда Құдай Тағала адам салған үйлерде тұрмайды. Ишая пайғамбар Оның былай деп айтқанын жазып қалдырды:
49
«Көк — Менің «тағым», ал жер — «табан тіренішім» секілді. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?!
50
Осы әлем түгел Менің қолымнан шықты емес пе?»
ұ
51
Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар.
52
Ата-бабаларыңыз пайғамбарлардың қайсысын қудаламап еді! Олар Құдайдың әділ Қызметшісінің келуін алдын ала жариялаған хабаршыларын өлтірді. Сіздер енді Соның Өзін ұстап берген сатқын, өлтірген қанішер болдыңыздар!
ү
53
Періштелердің қызметі арқылы Таурат заңын қабылдағанмен, оны ұстанбай келесіздер!
Степанның өлтірілуі әрі Саулдың қауымды қудалауы
54
Жоғарғы кеңес мүшелері мұны естігенде, жарылып кетердей ашуланып, Степанға тістерін қайрады.
55
Ал Киелі Рухқа кенелген Степан көкке қадала қарап, Құдайдың нұрлы салтанатын және Исаның Оның оң жағында тұрғанын көрді.
ф
56
Содан ол:
— Міне, ғажап, көктің ашылғанын және көктен келіп, сонда қайта оралған Билеушінің
х
Құдайдың оң жағындағы құрметті орнында тұрғанын көріп тұрмын! — деп дауыстап жіберді.
57
Ал олар құлақтарын жауып алып, айқай-шу шығарып, бәрі бірден Степанға бас салды.
58
Оны қаладан қуып шығып, тас лақтыра бастады. Куәгерлер шапандарын шешіп, Саул
ц
есімді жас жігіттің алдына жинап қойды.
59
Олар тас лақтырып ұрып жатқанда, Степан: «Уа, Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр! — деп сиынды.
ч
60
Тізерлеп отыра қалған ол қатты дауыстап: — Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!»
ш
— деді. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды.



а  Харан: қазіргі Түркияның оңтүстік-шығыс жағындағы қала мен аймақ. Месопотамия: қазіргі Ирак еліндегі Евфрат пен Тигр өзендерінің алқабы (Жар 11:31; 12:1-4; 15:7).

ә  Жар 12:1.

б  Ежелде Месопотамияның оңтүстік жағын мекендеген ұлт (7:2; Жар 11:28,31).

в  Жар 12:7; 17:8.

г  Жар 15:13-14; Мыс 3:12.

ғ  Жар 37:8-11,18-28,38; 39:1-6,21-23; 40:8,22-23; 41:9-14.

д  Жар 41:37-43.

е  Немесе: ата-бабаларымызды (яки рубасыларды) (Жар 42:1-2).

ж  Жар 23:17-18; 25:9-11; 35:29; 50:13; 33:19; Еш 24:32.

з  Мыс 1:8,10-11,22.

и  Мыс 2:3-10.

к  Мыс 2:1-12.

қ  Мадиян: Ежелде Қызыл теңіздегі Ақаба шығанағының екі жағын мекендеген тайпа (Мыс 2:13-15).

л  Мыс 3:1-10.

м  Мыс 7:3; 12:41; 14:21-22; 16:11-14,35; 17:5-6.

н  3:22; Заң 18:15.

о  Мыс 19:1-6,17; Заң 32:46-47.

ө  (Рул 14:3-4) Яки: Есіл-дерттері қайтадан Мысырға ауды.

п  Сол кезде Мұса пайғамбар қырық күн бойы Синай тауының басында Құдайға сиынып, Одан Таурат заңының он өсиетін қабылдап алды. Һарон: Мұсаның туған ағасы (Мыс 4:14; 32:1,23).

р  Амо 5:25-27.

с  Еш 3:1,14-17; 18:1; 23:9-10.

т  Пат2 7:1-13.

у  Сүлеймен: б.з. 1000 жыл бұрын өмір сүрген Исраилдің танымал патшасы (Пат2 7:2-16; Пат3 6:1-38).

ұ  Иш 66:1-2; Шеж2 6:18.

ү  3:14; Мат 5:11-12; 23:34-35,37.

ф  1:9-11; 2:33; Лұқ 22:69-70.

х  Немесе: «Адам Ұлының» (Лұқ 5:24; 9:22; 22:69-70; 24:5-7,50-51; Түсіндірмені де қараңыз).

ц  8:1,3; 9:1,4-5,17.

ч  Лұқ 23:46; Жыр 30:6.

ш  Лұқ 23:34; 6:27-28.