Елшіл. істері  4
Екі елші Жоғарғы кеңестің алдында
1
Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер
а
де келді.
2
Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді»
ә
деп жариялап жүргендеріне наразы болды.
3
Содан олар Петір мен Жоханды тұтқындап, келесі күнгі таңертеңге дейін түрмеде ұстады. Себебі мезгіл кеш болып қалған еді.
4
Петірдің уағызын тыңдағандардың көбі сенімді қабылдап, қауымдағы ер адамдардың саны бес мың шамасында болды.
б
5
Келесі күні таңертең яһудилердің басшылары, рубасылары және дін мұғалімдері Иерусалимде жиналды.
6
Бас діни қызметкер Ханна әрі Қаяфа, Жохан, Ескендір және басты діни қызметкер әулетінің тағы басқа кісілері де түгел сол жерде болды.
7
Олар екі елшіні ортаға шығарып:
— Сендер мұны қандай күшпен, кімнің атынан істедіңдер? — деген сұрақ қойды.
8
Киелі Рухқа ерекше кенелген Петір оларға былай жауап берді:
— Халықты басқарушылар мен рубасылары!
9
Біз бүгін: «Ол кім арқылы сауықты?» деп, ауруға жасаған жақсылығымыз үшін тергелмек болып жатырмыз.
10
Ендеше бәріңіз де біліп алыңыздар, бүкіл Исраил халқына да мәлім болсын: сіздер айқышқа шегелетіп өлтірткен, ал Құдай өлімнен қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атынан
в
мына кісі сауығып, қарсы алдарыңызда тұр.
11
Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас.
г
Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!»
12
Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!
ғ
13
Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді.
14
Алайда қастарында тұрған сауыққан кісіні көріп, қарсы ештеңе айта алмады.
15
Оларға: «Жоғарғы кеңестен шығыңдар!» — деп бұйырды да, өзара ақылдасып:
16
«Мына кісілерге не істесек екен? Олар арқылы бір кереметтің жасалғаны анық, бұл Иерусалимде тұрып жатқандардың бәріне белгілі, онымен таласа алмаймыз.
17
Дегенмен бұл іс халыққа одан бетер тарап кетпес үшін, бұдан былай сол Есімді атап ешкімге сөйлемеңдер, олай етпеген күнде жазаға тартамыз деп қатаң тыйым салайық», — десті.
18
Әлгілерді шақырып алып, оларға:
— Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де! — деп тыйым салды.
19
Бірақ Петір мен Жохан оларға:
— Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздерші!
20
Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді.
21
Жоғарғы кеңес болған оқиғаға бола Құдайды дәріптеп жүрген халықты ескеріп, екі елшіні жазалаудың ретін таппай, оларды қорқыта түсіп, жөндеріне жіберді.
22
Себебі көп жылғы ауруынан сауығып, кереметті басынан кешірген кісінің жасы қырықтан асып кеткен еді.
д
Сенушілердің Құдайдан батылдық сұрап сиынуы
23
Өздерін босатқаннан кейін Петір мен Жохан қауымдастарына барып, басты діни қызметкерлер мен рубасыларының өздеріне айтқандарын түгел баяндап берді.
24
Сенушілер осыны естігенде ниеттес көңілмен Құдайға сиынып, дауыстап былай деді:
— Уа, Әлемнің Әміршісі, көк пен жерді, теңізді және олардағы нәрселердің бәрін жаратқан Сенсің!
25
Өзіңнің қызметшің — арғы атамыз Дәуіттің аузымен Киелі Рух арқылы былай дедің:


«Неге халықтар жатыр ашуланып,
е
Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып?
26
Жаратқан мен Оның қойған Патшасына
ж
Әлемнің патшалары қарсы тұрып,
Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп».
з


27
Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат
и
Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің
к
Исаға қарсы одақтасты.
28
Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана.
29
Ал енді, уа, Иеміз, олардың қоқан-лоқысын көріп, құлдарыңа Сенің сөзіңді зор батылдықпен уағыздайтын күш бере гөр!
30
Қолыңды созып ауруларды сауықтыра гөр, қасиетті Қызметшің Исаның атынан кереметтер мен ғажап істер жасап құдіретіңді көрсете гөр!
и
31
Олар сиынып болғаннан кейін өздері жиналып отырған жер қозғалып кетті. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп,
к
Құдай сөзін батылдықпен уағыздады.
Сенушілердің өзара тату болып, бір-біріне жәрдемдесуі
32
Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды.
қ
Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті.
л
33
Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді. Осылайша олардың бәріне Құдайдың мол рақымы жауды.
34
Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ. Себебі жері немесе үйлері барлар керек болғанда меншіктерін сатып, ақша түсіріп,
35
оны елшілердің алдына әкеліп қойып отырды. Осыдан әркімге керегінше берілді.
36
Мысалы, Леуі руынан шыққан кипрлік Жүсіп есімді адам болды. Елшілер оған Барнаба
м
— аударғанда Жігерлендіруші деген қосымша ат берген еді.
37
Барнаба өзінің меншікті егістік жерін сатып, түскен ақшаны алып келіп, елшілердің алдына қойды.

а  Яки: садықшылдар (5:17; Түсіндірмені де қараңыз).

ә  Демек, өлгендердің бәрі қиямет күні қайта тіріледі (23:6-8).

б  2:41,47.

в  Яки: Мәсіхтің құдіретімен.

г  Яки: керегі жоқ деп бас тартқан Тас (Жыр 117:22; Лұқ 20:17-19).

ғ  Яки: Құдай адамдарға құтқарылулары үшін аспан астындағы басқа ешкімнің атын белгілемеген (10:42-43; Мат 1:21; 16:15-16; Жох 14:6; Тит 2:5-6).

д  3:2.

е  Яки: жатыр паңдана бас көтеріп.

ж  Яки: Оның тағайындаған Құтқарушы Патшасы — Мәсіхке (Мат 1:1).

з  Жыр 2:1-2.

и  Яғни (аймақ әкімі) Ирод (Антипас) пен (әмірші) Понти Пилат (Лұқ 23:1,7,11-12).

к  Яки: қасиетті (рухани) Ұлың (3:13; 4:30).

қ  11:21; Езр 7:8,28.

л  2:2,4.

м  Яки: өзара ниеттес, ынтымақты болды.

н  2:44-45; 4:34-37; Лұқ 6:30,35-36.

о  9:27; 11:22; 13:1-7; 15:2,12,39.