Елшіл. істері  28
Мальта аралында қыстап шығып, Римге бет алу
1
Енді құтқарылғаннан кейін біз аралдың Мальта екенін білдік.
2
Тұрғындары айрықша адамгершілік танытып, от жағып, бізді өздеріне шақырды. Себебі жаңбыр жауып, күн суытып кеткен еді.
3
Пауыл бір құшақ отындық ағаш жинап әкеліп, отқа тастағанда, шыбықтардың арасынан ыстыққа шыдамаған бір улы жылан атып шығып, оның қолынан тістеп, жабысып алды.
4
Жергілікті тұрғындар оның қолындағы салбыраған жыланды көргенде бір-біріне: «Мынау сөзсіз кісі өлтірген бір қанішер болар. Теңізден құтылған оны «әділет тәңірі» тірі қалдырмас», — деді.
5
Бірақ Пауыл жыланды отқа лақтырып жіберіп, ешқандай зиян шекпеді.
а
6
Айнала тұрғандар енді Пауылдың денесі ісіп кетеді немесе өліп, жерге бір-ақ құлайды деп, едәуір уақыт күтіп тұрды; бірақ оған ештеңе болмағанын көрген соң, ойларын өзгертіп: «Мынау бір тәңір болар!»
ә
— десті.
7
Жақын маңда арал әкімшісі Публи дегеннің меншікті жері бар екен. Сол кісі бізді қабылдап, үш күн бойы жылы қабақ танытып, үйінде қонақ қылды.
8
Публидің әкесі ыстығы көтеріліп, іші өтіп, төсек тартып ауырып жатыр екен. Пауыл оның бөлмесіне барып, Құдайға сиынып, үстіне қолын қойды да, ауруынан сауықтырып жіберді.
9
Содан кейін тағы басқа ауырып жүрген, осы туралы естіген арал тұрғындары да Пауылға келіп, айығып кетіп жатты.
10
Сол үшін олар бізге көп құрмет көрсетіп, сапарымызды әрі қарай жалғастырарда қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етті.


11
Үш айдан кейін біз аралда қыстап қалған, диоскурлардың
б
таңбасы бар ескендіриялық кемеге мініп, теңізге шықтық.
12
Сиракузға тоқтап, бұл қалада үш күн аялдадық.
13
Сол жерден айналып жүріп, Региге бардық. Бір күннен кейін сапарымызды жалғастырып, оңтүстіктен соққан желмен екінші күні Путеолға жеттік.
14
Бұл жерден сенуші бауырластарымызды тауып алдық. Олар бізден жеті күн қастарында қалуымызды өтінді. Содан кейін Римге жол тарттық.
15
Сол қаладағы бауырластар
в
біз туралы хабар алып, «Аппи базары» мен «Үш қонақүй» деген жерлерге дейін келіп, алдымыздан шықты. Пауыл оларды көргенде Құдайға шүкірлік айтып, жігерленіп қалды.
16
Біз Римге келген соң (жүзбасы тұтқындарды патша сарайы сақшыларының бастығына тапсырды, ал) Пауылға бір күзетші жасақпен бірге жеке үйде тұруға рұқсат берілді.
Пауылдың Римде Ізгі хабарды уағыздауы
17
Үш күннен кейін Пауыл яһудилердің беделділерін өзіне шақырып алды. Жиналған соң, оларға былай деді:
— Қымбатты бауырластар! Халқымызға, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптарына қарсы ешқандай жамандық жасамасам да, Иерусалимде тұтқындалып, римдіктердің қолына тапсырылдым.
18
Бұлар ісімді тексеріп, өлім жазасына кесетіндей кінәм болмаған соң, босатып жібергілері келді.
19
Бірақ яһуди басшылары бұған қарсы шыққандықтан, римдік патша сотын талап етуге мәжбүр болдым. Ал мұнымен мен өз халқымды айыптайын деп отырған жоқпын.
20
Осы себепті бетпе-бет сөйлесу үшін өздеріңізді шақыртып алдым. Өйткені берген уәдесін
г
Құдай орындайды деген Исраилдің үміті үшін мен осы кісенмен бұғауланып жүрмін. —
21
Олар бұған:
— Біз Яһудея аймағынан сіз туралы ешқандай хат алған жоқпыз. Бірде-бір бауырлас ресми түрде немесе жеке өз атынан жаманат хабар айтып келген де емес.
22
Енді сізден өз ойыңызды естігіміз келеді, өйткені осы алған бағытыңызға әр жерде де қарсы сөйлеушілердің бар екенін білеміз, — деді.
23
Яһуди беделділері Пауылға бір күнді белгілеп қойды. Сол кезде олар оның үйінде алғашқыдағыдан да көп болып жиналды. Пауыл таңертеңнен кешке дейін оларға Құдайдың Патшалығы туралы дәлел келтіріп, Мұса арқылы берілген Таурат заңына және Пайғамбарлардың жазбаларына сүйене отырып, оларды Иса туралы сендіруге тырысты.
24
Ол кейбіреулерін айтқанына сендірді, ал басқалар сенбей қалды.
25
Содан олар өзара келісе алмай, екіге бөлініп кетті. Қоштасарда Пауыл оларға салмақтап былай деді:
— Киелі Рухтың Ишая пайғамбар арқылы ата-бабаларыңызға мына тәрізді айтқаны тауып айтылған сөз:
26
Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар!
27
Себебі бұл халықтың жүректері қасарысқан сезімсіз, құлақтары керең, олар көздерін жұмып алған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдарынан қайтар еді.
ғ
Сонда Мен оларды рухани дертінен сауықтырар едім.
28
Біліп қойыңыздар: сондықтан да Құдай құтқарылу жайлы хабарды басқа ұлттарға жіберді, олар оны зейінмен тыңдайды. —
29
(Пауыл осыны айтқаннан кейін, келген яһудилер бір-бірімен қатты айтысып, тарап кетті.)
30
Ал Пауыл өзінің жалдап алған үйінде толық екі жыл тұрып, өзіне келгендердің бәрін де қабылдап отырды.
31
Оларға Құдай Патшалығын еш бөгетсіз, батыл уағыздап, Иеміз Иса Мәсіх туралы тәлім беріп жүрді.
д

а  Мар 16:18,20.

ә  14:11.

б  Диоскурлар: басқа ұлттық теңізшілер пір тұтқан жалған тәңірлер.

в  Рим 1:7; 15:23-24.

г  Құдай Исраил халқына Мәсіхті жіберіп, Патшалығын орнатады және қиямет күні әділдерді қайта тірілтеді деп уәде берген еді (23:6; 24:15; 26:6-8,22-23).

ғ  Яки: ұғынып, Маған бет бұрар еді (Иш 6:9-10).

д  1:8; 23:11.