Елшіл. істері  22
Пауылдың ғибадатхана алдында өз халқына арнаған сөзі
1
— Уа, бауырластар және ақсақалдар! Өзімді алдарыңызда ақтайтын сөзіме құлақ салыңыздар! —
2
Пауылдың еврейше сөйлегенін естігенде олар бұрынғыдан бетер тынышталып тыңдай қалды. Сонда Пауыл былай деді:
3
— Мен яһудимін, Кіликияның Тарс қаласында тудым, ал осы қалада өсіп, атақты Гамалиелден тыңғылықты
а
тәлім алдым. Ата-бабаларымыздың Таурат заңын мұқият сақтай отырып, осы тұрған өздеріңіз сияқты Құдайдың құрметі үшін жан-тәніммен ұмтылдым.
4
Сол жолға түскендерді
ә
өлгендерінше қудаладым, оларды еркек болсын, әйел болсын шынжырмен бұғаулап, түрмеге жапқыздым.
5
Бұл ісіме бас діни қызметкер мен бүкіл Ақсақалдар кеңесі куә. Мен солардан тіпті Дамаскідегі бауырларымызға арналған хат алып, сондағыларды тұтқындап, Иерусалимге айдап әкеліп, жазалау үшін сол жаққа бардым.
6
Жолда Дамаскіге жақындап қалғанда, түске жақын кенеттен көз қарықтырар нұр маған көктен сәулесін шашып жіберді.
б
7
Содан жерге құлап түскенімде, маған: «Саул, Саул! Мені неге қудалайсың?» — деген дауысты естідім.
8
«Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым. Ол: «Мен сен қудалап жүрген назареттік Исамын
в
», — деді.
9
Қасымдағы серіктерім сәулені көрсе де, маған Сөйлегеннің даусын түсінбеді.
10
Содан кейін мен: «Ием, не істеуім керек?» — деп сұрадым. Иеміз маған: «Орныңнан тұр да, Дамаскіге бар! Сол жерде Менің саған істеуге белгілеп қойғанымды айтады», — деді.
11
Жарқ еткен нұрлы салтанаттан көзім қарығып соқыр болып қалғандықтан, серіктерім мені қолымнан жетектеп жүрді. Осылайша Дамаскіге жеттім.
12
Сол жерде Анани деген біреу қасыма келді. Өзі Таурат заңын мұқият ұстанатын, қаладағы барлық яһудилерге сыйлы кісі екен.
13
Анани жақындап: «Саул бауырласым, көзің ашылсын!» — деді. Сол сәтте-ақ оны көрдім.
14
Анани маған тағы былай деді: «Ата-бабаларымыздың Құдайы сені Өзінің еркін білсін, әділ Кісісін көріп, Соның аузынан шыққан сөзін естісін деп таңдап алған болатын.
15
Өйткені сен барлық адамдарға көріп-естігенің туралы куә болып тұрасың.
16
Енді нені тосып бөгеліп отырсың? Орныңнан тұрып, Иеміздің атын айтып сиынып, шомылдыру рәсімінен өтіп күнәларыңнан арыл!» — деді.
17
Содан мен Иерусалимге қайтып келіп, ғибадатханада мінажат етіп тұрғанда, ерекше күйге еніп,
18
Оны көрдім. Ол маған: «Тезірек Иерусалимнен кет, себебі олар сенің Мен туралы куәлігіңді қабылдамайды», — деді.
19
Мен Оған: «Ием, Саған сенгендерді түрмеге жауып, мәжілісханаларда қамшылап соқтырған мен екенімді олар біледі.
20
Сенің куәгерің Степанның қаны төгіліп жатқанда, мен оны өлтіргендерді жақтап, шапандарын күзетіп қастарында тұрдым ғой», — дедім.
21
Ал Иеміз маған былай деді: «Жолға шық, мен сені алысқа жіберемін, басқа ұлттарға!»


22
Жиналған халық осыған дейін Пауылды тыныш тыңдап тұрған еді. Бірақ ол соңғы сөздерін айтқанда, олар:
— Бұл адам жер бетінен құртылсын! Ол енді тірі жүрмесін! — деп айқайлап кетті.
23
Олар осылайша шулап, шапандарын шешіп, шаңды аспанға атып жатқан кезде,
24
мыңбасы Пауылды қамалға кіргізсін деп бұйырды. Оны қамшылап соғып, халық неге айқайлап қарсы болып жатқанын одан сұрастырып біліп алуға әмір етті.
25
Жасақшылар оның аяқ-қолдарын байлап болып, қамшылайын деп жатқанда, қасында бақылап тұрған жүзбасынан Пауыл:
— Соттың үкімінсіз-ақ Римнің азаматын қамшылап соғуыңызға бола ма? — деп сұрады.
26
Жүзбасы осыны естігенде, мыңбасына жүгіріп барып:
— Не істейін деп жатырсыз? Мына кісі Римнің азаматы екен! — деп мәлімдеді.
27
Әскербасы Пауылға келіп:
— Айтшы, шынымен Римнің азаматысың ба? — деп сұрады. Ол:
— Иә, азаматымын, — деп жауап берді.
28
Сонда мыңбасы:
— Мен осы азаматтығымды көп ақшаға сатып алдым, — деді.
— Ал мен туғаннан Римнің азаматымын, — деді Пауыл.
29
Оны қинап тергемекші болғандар дереу әрірек шегініп тұрды. Пауылдың Рим азаматы екенін білгенде, оны байлатып тастаған мыңбасы да қорқып кетті.
Пауыл Жоғарғы кеңестің алдында
30
Келесі күні әскербасы Пауылды босатып, яһудилердің оны не үшін айыптайтынын анық білу үшін басты діни қызметкерлер мен Жоғарғы кеңес жиналсын деп бұйырды. Содан кейін Пауылды қамалдан алдыртып, солардың алдына тұрғызып қойды.



а  Немесе: Гамалиелдің аяқ жағында отырып (5:34).

ә  (8:3; 9:2; 22:19-20; 26:9-11) Яки: Сол ілімді ұстанушыларды.

б  9:3; 22:11; Лұқ 2:9.

в  Яки: «Сен қудалап жүрген назареттік Иса Менмін» (9:4-5; 3:6; 26:15; Мат 2:23; 10:40; 25:40; Зәк 2:8; Қор1 12:27).