Жоханның 3-хаты  1
Арнау және сәлем
1
Ақсақалдан
а
өзі шын жүректен жақсы көретін қымбатты Гайға дұғай сәлем!
2
Сүйікті бауырым! Сенің рухани өміріңнің сау болғанындай, саған барлық жағынан да Құдайдан игілік пен денсаулық тілеймін.
3
Кейбір бауырластар келіп, сенің шындыққа адал болып, үнемі шындық жолымен жүріп келе жатқаныңды хабарлағанда, мен қатты қуандым.
4
Рухани балаларымның шындық жолымен жүріп жатқанын естуден артық маған қуаныш жоқ.
Құдайдың адал қызметшілерін жылы жүзбен қабылдау
5
Сүйікті бауырым, сендерге сапарлап келген бауырластарымыз өзіңе таныс болмаса да, оларға демеу болып дұрыс істеп жүрсің.
6
Олар осындағы қауым алдында сенің сүйіспеншілігіңе куәгер болды. Мұндайларды Құдайдың адамдарына лайық түрде жолға жабдықтап, шығарып салсаң, игі болады.
7
Себебі олар бұл сапарға Оның атын таныту үшін
ә
шықты және Оған сенбейтіндерден ешқандай жәрдем алмайды.
8
Сондықтан осындай кісілерді қолдау — біздің міндетіміз; шындықты таратуға осылай үлесімізді қосамыз.
Өркөкірек жетекші әрі адал сенуші
9
Мен қауымға жазып жібердім, бірақ олардың басшысы болуға тырысып жүрген Диотреф бізді мойындамайды.
10
Сондықтан барған кезде оның істегендерінің бәрін есіне саламын: ол бізді жаман сөзбен өсектеп жүр; ал соған да қанағаттанбай, сапармен келген бауырластарымызды өзі де қабылдамайды, басқаларға да қабылдатпайды. Оларды қарсы алғандарды тіпті қауымнан шығарып тастайды.
11
Сүйікті бауырым, жамандыққа еліктемей, жақсылыққа елікте! Жақсылық істейтін адам Құдайдікі, ал жамандық жасаушы Құдайды білмейді.
12
Деметір туралы елдің бәрі жақсы пікір айтады. Ол шындыққа сай әрекет жасайды.
б
Біз де соған куәлік етіп жүрміз, ал сендер шындықты айтатынымызды білесіңдер.
Қоштасу
13
Саған әлі де көп нәрсе жазуым керек еді, бірақ оны жазғым келмейді.
14
Сені жақын арада көретін шығармын деген үмітім бар, сонда екеуіміз ауызба-ауыз сөйлесеміз.
15
Саған амандық пен тыныштық болсын! Бұл жақтағы достарың сәлем айтып жатыр. Сол жақтағы достардың бас-басына сәлем айт!

а  Немесе: Қауым жетекшісінен.

ә  Немесе: Мәсіхтің аты үшін.

б  Немесе: Оған шындықтың өзі де куә.