Жоханның үшінші хаты
Жазба туралы мәлімет
Батыс Түркияда орналасқан Азия аймағында Диотреф есімді өркөкірек қауым жетекшісі болды. Ол Құдайдың елшісі Жохан жіберген уағызшыларды қабылдамай, тіпті оларды қарсы алған сенушілерді қауымнан аластатқан еді. Енді қарт елші бұл хатын уағызшыларға көрсеткен қонақжайлылығы үшін Гайды мақтап, ал Диотрефті сөкпек ниетпен сол қауымға арнап жазды. Бұл да шамамен б.з. 85-95 жылдары орын алған болса керек.