Тімотеге 2-хат  4
1
Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін:
2
Құдайдың сөзін
а
уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!
3
Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады.
4
Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ.
5
Ал сен әрдайым қырағы, азапқа төзімді бол! Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!
6
Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды.
ә
7
Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім»,
б
сенімімді сақтап қалдым.
8
Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Жеке ақыл-кеңес пен өтініштер
9
Маған тезірек келуге тырыс.
10
Себебі Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап, Салониқа қаласына кетті. Кіріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды.
11
Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ.
12
Түхікті Ефеске жібердім.
13
Троадада Қарпостың үйіне тастап кеткен шапанымды, сондай-ақ, шиыршық кітаптарымды да ала кел, әсіресе, жарғаққа жазылғандарын.
в
14
Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар.
15
Ескендір айтқандарымызға тым қарсы шықты, сен де одан сақтанып жүр.
16
Алғашқы тергеліп, жауапталған кезімде қасымда жақтаған ешкім болмады, қайта, бәрі мені тастап кетті. Құдай олардың мұнысын мойындарына артпай-ақ қойсын!
17
Алайда Иеміз маған жар болып, әр ұлттық адамдардың естуі үшін Ізгі хабарды толықтай жариялауға күш-қуат беріп, мені арыстанның аранынан құтқарғандай, өлімнен аман алып қалды.
18
Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан
г
сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Соңғы сәлемдер және ақ бата
19
Прискила
ғ
мен Ақилаға, сондай-ақ Онисыфордың үй ішіне сәлем айт.
20
Ераст Қорынт қаласында қалды, Трофимды ауырғандықтан Мілит қаласында қалдырдым.
21
Қыс түспей келуге тырыс. Еубұл, Пұд, Лин, Клаудия және барлық басқа бауырластарымыз саған сәлем жолдап жатыр.
22
Жаратқан Ие жар болып, рухыңды жігерлендіре көрсін, Оның рақымы бәріңе де жауа берсін! (Аумин.)

а  Яки: Құдайдың хабарын (2:9; 4:5).

ә  2:9; Флп 1:23; 2:17.

б  Яки: жүгіріп, Құдайдың алдыма қойған мақсатына жеттім (Тім1 1:18; Елш 20:24; Қор1 9:24).

в  (Лұқ 4:17) Яки: шиыршық жазбаларымды ала кел, әсіресе, пергаментке (иленген бұзау терісіне) жазылғандарын.

г  Яки: болашақта да өз сенімімнен бас тартып, күнә жасаудан.

ғ  Яки: Приска (Прискила есімінің қысқартылған түрі) (Елш 18:2,26; Рим 16:3-4).