Салониқалықтарға арналған екінші хат
Жазба туралы мәлімет
Бірінші хатынан алты айдан кейін Пауыл, Сыйлас және Тімоте Салониқадағы қауымға осы екінші сәлемхатын жазды. Мұнда олар Мәсіхтің қайтып келетін күні өтіп кетті деген қате ілімге жауап береді. Сондай-ақ, олар сенушілерді қарсыластары қудалағанда табанды болып, жалған ілімнің азғыруына берілмеуге және Мәсіхтің атына лайықты өмір сүруге жігерлендірді.